Сыныптан тыс жұмыс «Білім кілті – ӘЛІППЕ»


Н.Наушабаев атындағы Затобол орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Калиева Эльмира Абдикадыровна

Мектеп директоры: Ахметов Әлмұрат Жұматайұлы

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау, өз өнерлерін ата – аналарға көрсету, белсенділігін арттырып, ұжымшылдығын күшейту. 2. Дамытушылық: Кеш барысында, тапсырмаларды орындау барысында өз ойларын еркін айтып, толық жауап беруін, қабылдауын, зейін қоюын, есте сақтауын дамыту. 3. Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, бірін – бірі сыйлауға, кеш барысында өзін – өзі дұрыс ұстауға және балалардың эстетикалық талғамдарын түсіп, ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу. 1. Безендірілуі: «Білім кілті -Әліппе» сөзі жазылған плакат, суреттер, шарлар, жалаушалар, суретті әріптер, нақыл сөздер жазылған плакаттар.

Гүлжанат: Құрметті ата – аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін біздің қуанышымыза шек жоқ. Бүгін сіздер 1 – сынып оқушыларының «Білім кілті -Әліппе» ертеңгілігіне келіп отырсыздар. Эльмира: Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар, Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар. Алдарында қызғалдақтай құлпырған, Біз алаңсыз балғын шақты балалар. Көз салып қараңызшы бойымызға Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға. Хош келіпсіз, ұстаздар, ата – аналар, Әліппемен қоштасу тойымызға. Сыныпқа Мыстан әже келеді.

-Бұл не шу? Ығы жығы, басым айналып кетті ғой.(ұсынылған орындыққа отырады да мұғалімге қарап)

– Мына айқай- шудың ортасында неғып жүрсің? Мыналардың бәріне басыңды қатырып,алтын уақытыңды босқа өткізіп жүргенің не? Бұлар ертеңгі күні сені танымай кетеді.Өздері оқып,біліп алғандай болады.Өзіңнің балаларың бар ма?

Гүлжанат: Иә, бар.

Мыстан:Бұлармен жағаласқанша өз балаларыңа уақыт бөлсең қайтеді?

Гүлжанат: Бұлар да менің балаларым, менің шәкірттерім ғой.

Мыстан: Шынымен -ақ басың айналған екен қарағым.Өзіңнің балаң сені үлкейгенде бағады, тамағыңды пісіріп, ауырып қалсаң дәрісін беріп қасыңда жүреді.Ал мыналар сені ол кезде естеріне де алмайды, өздерінің әке -шешелері тұрғанда.

Гүлжанат:Менің шәкірттерім өз ата-аналарын алақандарына салып , әлпештеп бағып отыруға жараса, бұл менің де еңбегімнің жемісі ғой. Менің үйреткен тәлім -тәрбиемнің, оқыған дәрісімнің зая кетпегені деп білемін.

Мыстан:Мұғалім 45 минут сөйлейді деген рас екен, басыңның пайдасын айтып едім, не деп кеттің құдайым- ау?

-Мен мұнда неге келіп едім, иә, иә менің Жезтырнақ деген қызымды көрдіңдер ме?

Барлығы: Жоқ.

(Мыстан шығып кетеді. Кетіп бара жатып: -Мына 700-800-баланың арасынан қызымды қалай табамын? – А-у-у Жезтырнақ деп айқайлайды)

Гүлжанат: Жарайды ,балалар.Үлкен кісі шаршаған болар қызын тапқан соң көңілі жайланып, үйлеріне қайтады. Ал біз кешімізді одан әрі жалғайық.

Тойымыздың той бастары ретінде қыздарымыздың «Гүлдер» биін қабыл алыңыздар. (Биден соң Мыстан әжей қайтып келеді.Тамағы қарлығып, даусы шықпай қалған)

Мыстан:Әй мұғалім айқайлай айқайлай тамағым бітіп қалды.

Гүлжанат: Сонша неге қатты айғайладыңыз?

Мыстан:Мына балаларды тынышталдырамын деп, араларынан қызымды таба алмай ақыры міне даусым шықпай қалды.Мына дәріні ішейін жақсы болып кетермін.(кішкене құтыдағы дәріні түгелдей ішіп қояды)

Гүлжанат:Әже неге барлығын ішіп қойдыңыз, дәрігерден сұрадыңыз ба, қалай, қашан ішетінін?

Мыстан: Қалай оқимын дәрігердің жазғанын, сауатым жоқ, әріп танымаймын.

Гүлжанат:Қане, кім оқып көмектеседі әжейге?

Оқушы:Күніне 1шай қасықпен, тамақтан соң ішу керек. Ішу мерзімі 10 күн.

Гүлжанат: Көрдіңіз бе, сауатсыздықтың соңы неге апаратынын. Балалар әжейді медбикеге апаруға көмектесіңіз.(шығып кетеді)

Міне, балалар сауатсыздықтың, білімсіздіктің нәтижесін көрдіңіздер ғой

Ал біз сауаттанып 1-сыныпты аяқтап жатырмыз. Бүгін біз қаншалықты білімді, қаншалықты ақылды, сауатты екенімізді көрсетеміз. Бұған ата -аналарымыз куә болсын.

-Әліппедей ұлы атауға оқушыларымыздың айтар алғысы да мол екен. Олай болса ортаға Аман, Данияр, Айдос, Назерке, Ерасылды шақырайық. (тақпақ айтады)

Аман

Әліппе- білім анасы, Әліппе- кітап данасы. Әліппе бетін ашпаған, Адамның бар ма баласы?!

Данияр

Әліппені бітірдім,

Жаза аламын атымды

Әріптерді үйрендім

Бала болдым ақылды

Назерке

Жақсы кітап әліппе, Үйретеді әріпке, Қуыршақпен қоштастым, Әріптермен достастым. Айдос Әліппе әліппе Алғашқы әріппен Ана деп қазір біз Жазуға әзірміз

Эльмира: -Рақмет, балалар.

-Кімдер зерек, кім тапқыр, Таланттарын табайық. Қайсы күйші, кім биші, Талабына қарайық- дей отыра ортаға «Балапан» әнімен Елдос, Назерке, Анел, Нұрдосты қошеметпен қарсы алайық.

Эльмира: – Әнші балалар, менің сендерге бір жұмбақ қойғым келіп тұр. Сендер соған жауап айтыңдаршы. Іші толы әріпке, Білімдегі жарық не? Хормен: Әліппе! Эльмира: – Олай болса, бәріміз ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық. Хормен: Әліппе. Әліппе. Әліппе.

Әліппе: Аида Армысыздар жас достар! Армысыңдар, ата – ана! Болашаққа жол бастар, Әліппең келді ортаға.

Ал менің сүйікті достарым, сендер мені оқып сауаттарыңды аштыңдар. Жазуға, оқуға, мәнерлеп дұрыс оқуды үйрендіңдер. Мен сендерге ертеңгіліктеріңді тамашалауға келдім. – Осы сендер қандайсыңдар? – Бишіміз. – Ақылдымыз. – Көп оқимыз. Эльмира: -Ия, Әліппе, сол себепті балалар өз өнер-білімдерін сенімділікпен ортаға салып, үлкен кеш өткізіп жатыр. Сіз де осыған куә болып, балалардың талаптарын бағалай біліңіз.

(бәрі сахнадан шығып кетеді)

Эльмира: – Сіздердің толқып отырған көңілдеріңізге серпін әкелер Мәдиді «Мерекем» әнімен ортаға ду қол шапалақпен шақырайық.

Мұғалім: -Ой жарайсың, өркенің өссін!

Гүлжанат:- Көлдей шалқып жас өмір тасып жатқан шағында, Кемерінен шарықтап…

Эльмира:- Апай-ау, сізге не болды? Өзіңіздің балалық шағыңыз есіңізге түсіп кетті ме? Қонақтар отыр дегенім ғой…

Гүлжанат:- Сәл шыдай тұрсаңызшы, менің айтайын дегенім… Міне, өздері де шығып келеді. Ортада «Аспаздар» биі

Гүлжанат: Балғын жүзі албырап, алау атқан,

Балапандай қанатын жаңа қаққан.

Қарсы алайық ортаға Саяраны,

Шеберлігі біздерді таң қалдырған.

Ән: «Мектебім»

Эльмира: – Сұлу ән неткен ғажапсың,

Тұла бойды еріткен.

-Ендігі кезекте ертегіге еліткен оқушылардың бүгінгі тойға дайындап келген қойылымын тамашалайық. «Бауырсақ» ертегісі (Көрініс қойылады)

Көріністің соңында түлкі бауырсақты әкетіп бара жатқанда Әліппе мен Ана тілі алдынан шығып, құтқарып қалады.

Әліппе: Әй, қу түлкі, бауырсақты қайда әкетіп барасың? Жүріңдер бізбен. Көрдіңіз бе, Ана тілі ағасы, оқушылар мені оқып болып, өздерінің білгендерін, өнерлерін ортаға салып жатыр. Қанеки, танысып өтіңізші осы балалармен: Автордың рөлінде- Амира, Атасы- Шыңғысхан, Әжесі-Анар, Бауырсақ-Мәди, Қоян рөлінде – Жансая , Қасқыр болған-Елдос, Аю болған-Аман, Түлкі болған-Іңкәр

Ана тілі: – Сәлеметсіңдер ме, менің жас достарым! Сендермен танысқаныма өте қуаныштымын. Енді сендер бұрынғыдан да көп оқитын боласыңдар, сендерге көптеген ақын-жазушылардың ертегілерін, әңгімелерді үйрететін боламын.

Эльмира: Құрметті Әліппе, сізге көптен- көп рахмет. Оқушыларымыздың сауатын аштыңыз. Сізге алғысымызды білдіреміз. Оқушылар: Сау бол, құтты Әліппе! Ана тілі: -Олай болса, мен әліппе інімді шығарып салайын. (бәрі шығып кетеді)

Эльмира: – Әліппеге, өздерінің алғыстарын білдіру үшін, ортаға 1 «б» сынып оқушыларын шақырамыз.

Хор: «Рақмет саған, Әліппе!»

Гүлжанат: Ортаға еліміздің болашағы – жас ұрпақты қошеметпен қарсы алайық.

Тақпақ: ЕЛІМНІҢ БОЛАШАҒЫ

Эльмира: – Ән әуені көгімізде самғайды,

Көңілдерді қуанышқа жалғайды – деп ортада «Әліппе» әнімен 1 «в» сынып оқушылары.

Хор: 1 «в» сынып

Гүлжанат: Сахнаға 1 «б», 1 «в» сынып оқушыларын шақырайық. (шар ұстап шығады)

Эльмира: Ұстаздар-ұлттың тірегі, Ұстаздар-мектеп жүрегі. Ұрпаққа жетер ұстазбен, Халықтың ұлы тілегі, -дей келе мектеп директоры Әлмұрат Жұматайұлына және оқу ісінің меңгерушісі Майра Төлебайқызына сөз береміз. (сертификат тапсырылады)

-Осымен 1-сыныптардың қоштасу кешіне арналған ертеңгілігі аяқталды. Келгендеріңізге көп рақмет.

Соңы

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *