«Балалардың бойындағы әдептілік нышандарын дамыту» сабағының бағдарламасы


Лебяжі ауданы, Аққу ауылы «Айналайын балабақшасы» МКҚК

Тәрбиешісі: Бейсенова Айжан Бектурсыновна

 

Бағдарлама  мектепке дейінгі мекемеде 4-6 жасар балаларды оқытуға арналған базистік оқу жоспарының вариативтік бөліміне құрастырылған «Балалардың бойындағы әдептілік нышандарын дамыту» пәні

Басты мақсаты: Балаларға ұлтымыздың салт-дәстүрін, өнерін бойларына сіңіріп, ұлттық сана-сезімдерін дамыту.

 

 

Түсініктеме

Заман талабына сай қоғамға сәйкес талап-тілектерге, қажеттіліктерге қарай бала тәрбиесі уақыт келе саралана түскенін көруге болады. Қазақ халқы бала тәрбиесіне үлкен мән беріп, көп көңіл бөлген.

Ата дәстүр дегенде, қазақтың ұлттық ойындары есімізге түседі. Бұрын әр ауылдың  үлкеннің өзінің ақыл беріп отыратын кемел қарттары, ақсақалдары болған.

Адамның адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу дегеніміз жан-жақты, мазмұнды құбылыс екенін жақсы білеміз.

«Ұлың өссе ұлылықпен, қызың өссе қылықтылықпен ауылдас бол» дегендей, ұл-қыздарымыздың үлкенді сыйлап сыйапат көрсетуі, өзінен кішілерге ілтипатты болып өсуі ересектерден көрген өнегесінен деп айтуға болады. Сол себепті әдептілік сабағында жас балдырғандарды ұлттық әдеп- ғұрып, салт-дәстүрмен таныстыра отырып, оларды адалдыққа, еңбекті сүюге, достыққа, қайырымдылық пен мейірімділікке тәрбиелейді.

Берілген базистік жоспардың вариативтік бөліміне арналған «Балалардың бойындағы әдептілік нышандарын дамыту» пәнінің перспективтік жоспары «Халық педагогикасы» мен «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы негізінде құрастырылған.

Перспективтік жоспар естияр, ересек және даярлық топтарына арналып, жалпы 32-36 сағатқа есептелген. Жоспар 6 бөлімнен тұрады:

 

 

Бөлім

 

Бөлім тақырыптары

Сағат саны
Топтар
даярлық ересек естияр
1 Ұлттық салт-дәстүр 9 10 10
2 Тәрбие бастауы 7 10 10
3 Ұлттық киімдер 7 4 4
4 Ұлттық бұйымдар 3 4 4
5 Ұлттық қол өнер 5 4 4
6 Ұлттық ойындар 4 4 4

 

 

 

  1. Бөлім: «Ардақтайық қазақтың ата-салтын»

Мақсаты:

Балаларға қазақтың ұлттық салт-дәстүрі, әдеп-ғұрпы туралы түсінік беру.

Міндеттері:

  1. Ата-бабабларымыздың тәрбиелі өнегесін құрмет тұтуға тәрбиелеу.
  2. Имандылық, инабаттылық, адамгершілік қасиеттерін дамыту.
  3. Ұлттық сезімдерін ояту.

 

  1. Бөлім: «Тәрбие бастауы»

Мақсаты:      

Мақал-мәтел, жаңылтпаш, айтыс, ертегі, күй ырғағы, ырым-тиым сөздер арқылы тапқыр сөйлеуге, оз ойларын жаңылмай, мазмұндап жеткізе білуге үйрету.

Міндеттері:

  1. Ұлттық қасиеттерін ояту, дана сөздердің мәнін, қасиетін ұғындыру.
  2. Елжандылық сезімдерін ояту, қиялдарын, тілдерін ұштау, ой-санасын, танымдық қасиеттерін дамыту.
  3. Ауыз шығармашылығына деген әуестілікке баулу, рухани байлықтарын арттыру.

 

  1. Бөлім: «Ұлттық киімдер»

Мақсаты:

Балаларды қазақ ұлттық киімдермен таныстыру.

Міндеттері:

  • Ұлттық киімдердің ерекшілік мәнін түсіндіру.
  • Эстетикалық талғамдарын арттыру, әсемділікке баулу.
  • Дәстүрлі киімдердің қасиетін бағалай білуге үйрету.

 

 

 

 

  1. Бөлім: «Ұлттық бұйымдар»

Мақсаты:      

Балаларды қвзвқ ұлттық бұйымдарымен таныстыру.

Міндеттері:

  1. Ата-бабаларымыздың көзі, мұраты болып қалған бұйымдар, оларды қолдану тәсілі туралы түсінік беру.
  2. Салт-дәстүрге деген жағымды көзқарастарын дамыту.
  3. Эстетикалық талғамдарын, адамгершілік қасиеттерін жетілдіру.

 

  1. Бөлім: «Ұлттық қолөнер»

Мақсаты:

Балаларға қазақ халқы рухани мәдениетінің бір бөлігі – ұлттық қолөнер түрлерімен таныстыру.

Міндеттері:

  1. Ұлттық өнерге баулу, көркем шығармашылық қасиеттерін жетілдіру.
  2. Қолөнер туындыларына деген қызығушылықтарын арттыру.
  3. Эстетикғкалық талғамдарын дамыту.

6 . Бөлім: «Ұлттық ойындар»

Мақсаты:

Ұлттық ойындар – ата-бабамыздан келе жатқан рухани қазына екені туралы түсінік беру.

Міндеттері:

  1. Ойындардың өзара ерекшеліктерін ажырата білулерін үйрету.
  2. Рухани сезімдерін арттыру, өзін қоршаған дүние туралы түсініктерін молайту, шығармашылық қасиеттерін арттыру.
  3. Ойын арқылы өзара қарым-қатынастарын нығайту.

 

 

 

 

Жыл соңына қойылатын талаптар

Естияр, ересек топ Даярлық топ
I                                            Ұлттық салт-дәстүр
«Әдептілік» сөзінің мағынасын түсіп, аша білу. Әдептіліктің белгісі – үлкендерді сыйлау, кішілерге қамқар болу екенін меңгеру. «Иманды жан-әдепті»,

«Сіз деген – әдеп,

Біз деген -көмек», «Әдептіліктің белгісі –иіліп сәлем бергені» деген нақыл сөздердің мағынасын түсініп, өз ойын нақты, түсінікті етіп мазмұндай білу.

 

Сәлемдесудің түрлерін білу:

а) Ер адамдармен қол алысып амандасу.

ә) Қыз балалармен, әйел адамдармен бас изеп амандасу дәстүрін күнделікті өмірде пайдалана білу.

Амандасу, сәлемдесу түрлерін мереке, ойын сауықтарында қолдану

а) Үлкен адамдармен- «Ассаулаумағалейкум» деп

ә) Жасы үлкен әжелерге – «Есенсіз бе?» деп амандасып

б) Үстел басындағы адамдарға жақындап қол беру рәсімдерін меңгеру.

 

Ата-бабаларымыздың көшпенді өмір сүргендігін, киіз үйдің шығу тарихын жалпы білу, пайдасын оның өзіндік ерекшілігін атап айту. Атадан қалған асыл мұра, қазақ халқының ежелгі негізгі баспанасы – киіз үй бөлшектері:

Кереге, уық, шаңырақ, есікті ажыратып, жалпы құрылысын атай білу.

 

Қонақты қарсы алып, күте білу, көршімен сыйлы болуды, дастархан жаю дәстүрін іс-әрекет арқылы көрсете білу. Батаның: дастарханға, жолға шығарда, үйлену тойында, ел амандығына, білім өнерге, сәби туғанда берілетін т.с.с түрлерін ажыратып, ойын, мерекелерде қолдану.

 

Батаның ерекшіліктерін ажырату, жалпы мән-мағынасын түсініп дастархан басында берілетін батаны мәнерлеп айта білу Үш жұртын: ағайын жұрт, нағашы жұрт, қайын жұрт сөздерінің мағынасын түсініп, ажыратып айта білу.
Бесікке салу, байғазы, сүйінші дәстүрі мағынасын түсініп, отбасында, достарымен қарым-қатынаста, іс-әрекет  арқылы жүзеге асыра білу. Жеті атасын атай білу.

 

Тұсау кесу рәсімі салтын, іс-әрекет арқылы көрсете білу
Бірлік, бірлесу, одақтасу, достасу, отандасу, дәстүрлі екенін түсініп, байланыстырып әңгімелей білу.
Ұлттық мерекелердің бірі – Ораза айттың ерекшелігін түсініп, ажырату.
ІІ                                       Өнер алды – қызыл тіл
Абайдың өмірбаянын әңгімелеу арқылы, оның нақыл сөздерін білу:

а) «Атаның баласы болма,

Адамның баласы бол»

ә) «Жақсы –көпке ортақ»

б) «Пайдаң еліңе, халқыңа тисін» сөздерінің мағынасын аша білу.

 

Қазақ билері: Қазыбек би, Әйтеке би, Төле биді танып, олардың ел ішіндегі атқарған еңбегін ауыз- екі сөзбен түсіндіре білу.
Айтыс – екі жақты адамның өзара сөздік сайысы, қарсыластарының жағымсыз қылықтарын, өзінің жағымды жақтарын мадақтайтын сайыс түрі екенін түсіну.

Қыз бен ұл арасында мәнерлеп айтыса білу.

Даналы сөздер арқылы ішкі сезімдерін, өз ойларын мазмұндап, астарлы мағынасын мәнерлеп жеткізу:

«Әділ бидің елін дау араламас,

Әділ патшаның елін дау араламас».

«Мейірімділікті анадан үйрен,

Әдептілікті данадан үйрен».

 

Мәнерлеп ертегі әңгімелеу арқылы жағымды, жағымсыз жақтарын ажырата білу, өз ойымен бөлісіп мағынасын түсіндіру.

а) «Ақ тиін мен қасқыр»

ә) «Түлкі мен торғай»

б) «Қайырымды қоян»

Әдептлікке, адамгершілікке байланысты (4-6) мақал-мәтелдің мазмұнын ашып, өз ойын жеткізе білу:

«Арлы бала есепті бала,

Әдепсіз бала сотқар бала»

«Үлкенді сыйласаң, кіші сыйлар, кішіні сыйласа, кісі сыйлар», «Сәлем – сөздің анасы», «Сіз» дегенен нең кетеді, «Сен  дегенен не бітеді?»т.с.с

 

Мақал-мәтел мазмұнын ашып айту (3-4), өз ойын жеткізе білу.

а) «Ізет-ініден, Әділдік-ағадан».

ә) «Достықтың мерейі-үстем, өрісі кең».

б) «Жақсылық жерде қалмайды».

Жаңылмай жаңылтпаш айту:

«Шілікті шаптым, жілікті астым

Шілікті жақтым, жілікті шақтым»,

«Қыздар кесте тікті, кестесін түсте тікті» т.с.с.

Айтыс – қарсыластардың өзара суырып салып айтатын жауаптары, әрбірі өзін, атақты аталасын, жергілікті жерінің жетістігін, жұртын, қарсыласының жағымсыз қылықтарын айту арқылы тіл шеберлігі екенін түсініп, өзара әзіл айтысқа қатысу.

 

Ырым-тыйым сөздердің (5-6) түрін білу: «Бос бесікті тербетпе», «Кісі мініне күлме, кемтарға күлме», «Мақтаншақ болма, тәкаппар болма», «Жаман әдетті үйренбе», «Өтірік күлме, өтірік ауырма, өтірік сөйлеме», «Малды, ыдысты, тамақты теппе». Таныс емес сөздерді қолданып, тиым сөздердің түпкі мағынасын түсініп, күнделікті өмірде қолдану.

 

Бір-біріне жұмбақ шешу арқылы өз ойларын жеткізе білу. Ертегіні мәнерлеп әңгімелеу, кейіпкерлердің жағымды-жағымсыз жақтарын айырып, ажырата білу: «Ер төстік», «Алдар көсе мен жауырын», «Шық бермес Шығайбай»,

«Арыстан мен түлкі» т.с.с

 

Тыйым сөздердің мағынасын, тәрбиелік мәнін түсініп, күнделікт өмірде пайдалана білу: «Дастарқанды,тамақты баспа», «Өтірік жылама», «Малды теппе», «Табалдырықты баспа», «Әдепсіз сөз айтпа».

 

Бесікке бөлеу рәсімін кейіпкерлендіру арқылы, бесік жырын айта білу.
Домбыраның сүймелдеуімен күй-жыр, айтыс айтылатынын, оның ұлттық аспаптардың ішінде неліктен орны ерекше екенін түсіндіріп айта білу.

 

ІІІ                                      Ұлттық киімдер
Ұлттық ерлер киімдері мен қыз балалар киімдерін (4-5) танып, атау: шапан, қамзол, мәсі, бөрік, сәукеле. Ұлттық киімдердің (6-7) түрін білу: тон, ішік, саптама етік, жаулық, тақия, кеудеше, қалпақ.

 

IV                                   Ұлттық бұйымдар
Ұлттық жиҺаздарды (3-4) ажыратып, атай білу: сырмақ, сандық, көрпеше. Олардың неден жасалғандарын білу. Ұлттық жиһаздардың (6-7) түрін білу: алаша, қолсандық, кебеже, бөстік, төсекағаш, қобдиша, киіз.
Сәндік бұйымдардың 3-4 түрін білу: сырға, білезік, сәукеле, сақина. Сәндік бұйымдардың 6-7 түрін білу: жүзі, алқа, шолпы, үкілі, бөрік, қамшы, белдік.

 

Қазақ ұлттық ыдыстарды 3-4 түрін танып, неден жасалғандығын, не үшін, қалай қолданылатын білу: самауын, торсық, құман, шәйнек, кесе.

 

Қазақ ұлттық ыдыстарды 6-7 түрін танып, пайдалану жолын білу: тостаған, мес, піспес, шара, табақ, ожау, астау.
Қоржының ұлттық салт-дәстүрдің бірі екенін түсініп, оның пайдалану жолын білу.

 

Қоржын салу рәсімін пайдалану жолын ойын арқылы көрсету.
V                        Ұлттық қолөнер
Ұлттық ою-өрнектердің 3-4 түрін білу: гүл, жапырақ, қаз мойын, өркеш. «Шебер» сөзінің мағынасын ауызекі сөз арқылы түсіндіре білу,  шебер әжелердің тігіп, оюлап жасаған бұйымдары: көрпе, кілем, қамзол, сәукеле, сырмақ, тақия, ал бұрынғы аталарымздың сандық, ұршық, бесік қамшы домбыра, үстелді, неден , қалай жасағандарын білу.

 

Мұражайға саяхат жасау арқылы ұлттық салт-дәстүр, жиһаздар , қолөнер бұйымдары мен ұлттық киімдер туралы алған білімдерін ойын-сауық арқылы көрсету.

 

Мұражайға саяхат арқылы ұлттық салт-дәстүр, жиһаздар, қолөнер бұйымдары мен ұлттық киімдер туралы алған білімдерін ойын-сабақ арқылы көрсету.
Дәстүрлі ұлттық ыдыстың бір түрі –кеседегі ою-өрнектерді бейнедеу арқылы жеткізе білу.

 

Қол өнер құрал заттырын танып, атау: балта, балға, бұрғы, ара, егеу, біз.
Ұлттық ойын 4-5 түрін (сөздік ойын, спорттық ойын, асық ойыны) ажыратып атай білу: «Арқан тарту», «Орамал тастамақ», «Ақ серек, көк серек», «Ханталапай», «Асық ату». Ойын барысында шартын қолдана білу.

 

Зергелік бұйымдардың 5-6 түрін танып, атау, олардың шеберлер қолынан шыққандығын білу: Сырға, алқа, күміс білезік, белбеу, өңіржиек.
Асық ойындарын шартын қолданып ойнау. Ұлттық музыкалық аспаптар домбыра мен қобыздың қолданылуы, «домбырашы», «күйші» сөздерінің мағынасын түсініп, шебер қолынан шыққандығын жалпы түсіндіріп айта білу.

 

Ойын арқылы жыл бойы алған білімдерін көрсете білу. Ұлттық ойынның 6-7 түрін: «Қыз қуу», «Соқыр теке», «Ақсүйек», «Қазақша күрес», «Хан талапай», «Ақ сандық, көк сандық», «Тақия жасыру» ойын түрлерін ажыратып, ойын шарты бойынша ойнай білу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күнтізбелік тақырыптық жоспар

Ересек топ

Білім

тақырыбы

Сабақ

Сабақ тақырыбы Сағат саны
1 бөлім

Ұлттық салт-дәстүр

1 Әдептлік әдістемесі 1
2 Сәлем – сөздің анасы 1
3 Киіз үй 1
4 Қонақжайлылық 1
5 Бата 1
6 Дәстүрлі дастарқан 1
7 Көрші сыйластығы 1
8 Бесікке салу 1
9 Сүйінші 1
10 Байғазы 1
2 бөлім

Тәрбие бастауы

11 «Адам болам демеңіз» 1
12/13 Айтыс 2
14 Ертегі әлемінде 1
15 Мақал-мәтел, жаңылтпаш әлемінде 2
16 «Тапқыр болсаң жұмбақ шеш» 1
17 «Ырым етсең адал ет-жамандықтан аман ет» 2
18 «Домбыра дастан» 1
3 бөлім

Ұлттық киімдері

19 Ұлттық ер адамдар киімдері 1
20 Ұлттық қыз балалар киімдері 1
21 Ұлттық бас киім 2
4 бөлім

Ұлттық бұйымдар

22 Ұлттық жиһаздар 1
23 Сәндік бұйымдар 1
24 Ұлттық ыдыс-аяқтар 1
25 Қоржын 1
5 бөлім

Ұлттық қол өнер

26 Ою-өрнек сәніміз 2
27 Мұражайға саяхат 1
28 Әшекейлі кесе 1
6 бөлім

Ұлттық ойындар

29 Ойын ойға жетелейді 1
30 Асықтың айласы 1
31 Ұлттық ойын: «Сақина тастамақ» 1
32 Сыр сандық 1
Барлығы: 36 сағат

 

 

 

 

Күнтізбелік тақырыптық жоспар

Даярлық топ

Білім

тақырыбы

Сабақ

Сабақ тақырыбы Сағат саны
1 бөлім

Ұлттық салт-дәстүр

1 Иманды жан-әдепті 1
2 «Құрмет алды -амандық» 1
3 Атадан қалған асыл мұра 1
4 Бата тілік 1
5 Үш жұрт 1
6 Жеті ата 1
7 Тұсау кесу 1
8 Бірлік елдің салты 1
9 Ораза айт 1
2 бөлім

Өнер алды-қызыл тіл

10 Қазақ билері 1
11 Даналар сөзі-ақылдың көзі 1
12 «Әдепті бала –арлы бала» 1
13 Айтыс 1
14 Ырым-тиым сөздер 1
15 Атам-айтқан ертегі 1
16 Бесік жыры 1
3 бөлім

Ұлттық киімдері

17 Ұлттық ер адамдар киімдері 1
18 Ұлттық қыз балалар киімдері 1
19 Ұлттық бас киім 1
4 бөлім

Ұлттық бұйымдар

20 Үй жиһаздары 1
21 Сәндік бұйымдар 1
22 Ұлттық ыдыс-аяқтар 1
23 Қоржын 1
5 бөлім

Ұлттық қол өнер

24 «Шебердің саусағы алтын» 1
25 Мұражайға саяхат 1
26 Қолөнер құрал заттары 1
27 Зергелік бұйымдар 1
28 Ұлттық музыкалық аспаптар 1
6 бөлім

Ұлттық ойындар

29 Ойын ойға жетелейді 1
30 «Асық ойнап өсеміз» 1
31 Ұлттық ойын: «Көрші» 1
32 Сыр сандық 1
Барлығы: 32 сағат

 

 

 

Даярлық тобы перспективтік жоспары

Айы Сағат саны Тақырыбы Мақсаты
қыркүйек 1 1 Иманды жан-әдепті Балаларды имандылыққа, жарасымды қылықтарға баулу. Адамгершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.

 

1 2 «Құрмет алды-амандық» Амандасу, сәлем беру дәстүрлі арқылы балаларды сыйластыққа кішіпейілдікке, үлкендерді құрмет тұтуға баулу.

 

1 3 Атадан қалған асыл мұра Балаларға ата-бабаларымыздың көшпенді өмір сүргендігі, ежелгі өмір тіршілігі туралы түсініктерін нығайту.

Киіз үй бөлшектерімен таныстыру.

 

1 4 Бата-тілек Бата түрлерімен таныстыру. Әр батаның өзіндік мән-мағынасын түсіндіру.

 

қазан 1 5 Үш жұрт Балаларға «Үш жұрт»сөзінің мағынасын ашу. Туыстық ұғым туралы түсініктерін молайту. Туыстыққа, бауырмалдыққа тәрбиелеу.

 

1 6    «Жеті атасын – білген ер-жеті жұрттың қамын жер» Балаларға «Жеті ата» туралы түсінік беру.

Жас ұрпақты өз ата-бабалардың өмір жолын үлгі етуге баулу.

 

1 7 Тұсау кесу Балаларды тұсау кесу рәсімі дәстүрімен таныстыру.

Ұлттық салт-дәстүрге деген жағымды көзқарастарын нығайту.

 

1 8 Бірлік-елдің салты Бірлік салты ұйымдасу, бірлесу, достасу, отандасу,  дәстүрлі екенін түсіндіру.

Татулыққа, достыққа тірбиелеу.

 

қараша 1 9 Ораза айт Балаларға «Айт» сөзінің мағынасын, өзге мерекелерден ерекшілігін түсіндіру.

Ата-бабаларымыздың салт-дәстүрін құрметтей білуге тәрбиелеу.

 

1 10 Қазақ билері «Би» сөзінің ұғымын түсіндіру. Әйгілі үш бимен таныстыру. Билердің ел арасында атқарған еңбектері туралы жалпы түсінік беру.

 

1 11 «Даналар сөзі –ақылдың көзі Балаларды аталы, шешендік сөздермен таныстыру. Даналы сөздердің астарлы мағынасын ашу арқылы ой-өрістерін, тіл байлықтарын дамыту.

 

желтоқсан 1 12 «Әдепті бала-арлы бала» Балаларды адамгершілік саласында айтылатын мақалдардың мазмұнын түсініп, аша білулерін дамыту.

Ойлау сезімдерін, тіл байлықтарын арттыру.

 

1 13 Айтыс Балалардың «Айтыс» туралы ұғымдарын жетілдіру.

Айтыс арқылы ойларын, тіл шеберліктерін дамыту.

Шығармашылыққа баулу.

 

1 14 Ырым-тиым сөздер Балаларды тиым сөздер арқылы тәртіптілікке, әдептілікке тәрбиелеу. Күнделікті өмірде қолдана білулерін үйрету.

 

1 15 Атам айтқан ертегі Ертегілерді әңгімелеу арқылы балалардың ой-қиялдарын, тілдерін дамыту. Жағымды, жағымсыз қылықтарды ажырата білуге үйрету.

 

 

 

қаңтар 1 16 Бесік жыры Балалардың ұлттық салт-дәстүр жайлы түсініктерін молайту. Бесік жыры арқылы сәбиге дген жылы сезімдерін ояту. Іс-әрекет арқылы көрсете білуге баулу.

 

1 17 Ұлттық ер адамдар киімдері Балалардың ұлттық салт-дәстүр жайлы түсініктерін молайту. Бесік жыры арқылы сәбиге деген жылы сезімдерін ояту. Іс-әрекет арқылы көрсете білуге баулу.

 

1 18 Қыз балалардың ұлттық киімдері Ұлттық ер адамдар киімдерін ажыратып атай білулерін дамыту. Ұлттық киімдерге деген құрмет сезімдерін дамыту ұлттық киімдерді қастерлей білуге тәрбиелеу.

 

ақпан 1 19 Ұлттық бас киімдер Балаларды жыл мезгіліне қарай ұлттық бас киімдермен таныстыру.

 

1 20 Үй жиһаздары Ұлттық үй жиһазары туралы түсініктерін дамыту. Үй жиһаздарының өзіндік ерекшіліктерін ажыратып, атай білуге үйрету. Ұлттық дәстүрді құрмет тұтуға тәрбиелеу.

 

1 21 Сәндік бұйымдар Ұлттық бұйымдардың сәндік мәнін түсіндіру.

Әсемдікке, сәндікке тәрбиелеу, эстетикалық талғадарын арттыру.

 

1 22 Ұлттық ыдыс-аяқтар Ұлттық ыдыстардың шығу тарихы туралы жалпы мағлұмат беру.

Ұлттық ыдыстардың ерекшілік, сәндік мәнін түсіндіру.

Қазақ халқының ежелгі өмірі жайлы түсініктерін молайту.

 

наурыз 1 23 Қоржын Қоржынды қолдану жолдарымен таныстыру. Ұлттық дәстүрге деген қызығушылықтарын арттыру.

 

1 24 «Шебердің саусағы алтын» Балаларға ұлттық бұйымдардың  жасалу тәсілін түсіндіру. «Шебер» сөзінің мағынасын түсіндіру. Халық өнері туралы түсініктерін молайту, ұлттық өнерге баулу.

 

1 25 Мұражайға саяхат Мұражайға саяхат жасау арқылы ұлттық салт-дәстүр, әдеп-ғұрып жайлы түсініктерін нығайту. Ұлттық дәстүрді құрмет етуге баулу.

 

сәуір 1 26 Қолөнер құрал заттары Балаларды қолөнер құрал заттармен таныстыру. Шеберлердің еңдегін бағалай білуге тәрбиелеу.

Қолөнерге деген қызығушылықтарын арттыру.

 

1 27 Зергелік бұйымдар Балаларды зергелік бұйымдармен таныстыру. Жаңа сөздің мағынасын түсіндіру. Балалардың зергелік бұйымдарға деген құрметтерін арттыру.

Эстетикалық тәрбие беру.

 

1 28 Ұлттық музыкалық аспаптар Балаларды ұлттық музыкалық аспаптармен таныстыру. Аспаптардың өзара ерекшіліктерін ажырата білулерін үйрету.

Ұлттық аспаптарға деген құрметтерін арттыру.

1 29 Ойын ойға жетелейді Ұлттық ойын түрлерін ажыратып, атай білу дағдыларын жетілдіру. Ойын арқылы ұйымшылдыққа, сыйласымдыққа баулу.

 

мамыр 1 30 Асық ойнап өсеміз Асық ойыны түрлерімен таныстыру. Сыйласымдыққа, тәртіптілікке, ұйымшылдыққа баулу.

 

1 31 Ұлттық ойын: «Көрші» Балалардың ойын арқылы көрші ұғымы түсініктерін қалыптастыру. Сыйласымдыққа, достыққа тәрбиелеу.

 

1 32 Сыр сандық Ойын арқылы бабалардың ұлттық салт-дәстүр, әдеп-ғұрып жайлы түсініктерін бекіту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ересек тобы перспективтік жоспары

Айы Сағат саны Тақырыбы Мақсаты
қыркүйек 1 1 Әдептілік әліппесі Балаларға адамгершілік ұғымы туралы жалпы мағлұмат беру. Балаларды адамгершілік қасиеттерге баулу.

 

1 2 «Салем-сөздің анасы» Балаларды сәлемдесу түрлерімен таныстыру. Үлкендерді құрметтей білуге баулу.

Сыйласмдыққа, кішіпейілдікке тәрбиелеу.

 

1 3 Киіз үй Балаларға ата-бабаларымыздың ежелгі баспанасы- киіз үйдің ерекшілігі туралы түсінік беру.

 

1 4 Қонақжайлылық Балаларға қонақ күту дәстүрі туралы түсінік беру. Қонақжайлылыққа тәрбиелеу.

Ересектермен және өзара жағымды қарым-қатынастарын нығайту.

 

қазан 1 5 Бата «Бата» сөзінің мағынасын түсіндіру.

Батаның ізгі ниеттен туған сөз екенін саналарына жеткізу.

1 6 Дәстүрлі дастарқан Балаларды ұлттықдәстүрдің бірі- келген қонаққа дастарқан жаю туралы түсінік беру.

Дастарқан жая білу ол да тәрбиеліліктің нышаны екенін түсіндіру.

 

1 7 Көрші сыйластығы Балаларды «Көрші» ұғымымен таныстыру.

Көршімен ынтымаққа, сыйластықта болуға тәрбиелеу.

 

1 8 Бесікке салу Балаларға бесікке салу дәстүрінің мағынасын түсіндіру.

Ұлттық дәстүрді құрметтей білуге тәрбиелеу.

 

 

қараша 2 9 Сүйінші «Сүйінші» сөзінің мағынасын ашып, ол тек жақсылықта ғана айтылатын сөз екенін түсіндіру.

 

1 10 Байғазы Байғазы сөзінің мағынасын түсіндіру.

 

1 11 «Адам болам десеңіз» Қазақ халқының данышпан ақыны Абаймен таныстыру.

Абай өлеңдерінің тәрбиелік мәнін түсіндіру.

Халық ауыз әдебиетіне деген қызығушылықтарын арттыру.

 

желтоқсан 2 12/13 Айтыс Балаларды айтыс ұғымымен таныстыру. Айтыстың ерекшілік мәнін түсіндіру. Ой-өрістерін, тіл байлықтарын дамыту. Өзара жағымды қарым-қатынастарын нығайту.

 

1 14 Ертегі әлемінде Ертегі әңгімелету арқылы балаларға қиялдауға жол беру.

Ой –сезімдерін дамыту.

 

1 15 «Өнер алды –қызыл тіл» Балалардың мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар айту арқылы тілдерін, ойларын жетілдіру.

Ана тілінде таза сөйлеуге дағдыландыру.

 

қаңтар 1 16 «Тапқыр болсаң жұмбақ шеш» Балалардың ойын арқылыжұмбақ шешіп, жасыра білулерін үйрету.

Ой-өрістерін, қиялдау әрекеттерін, тіл байлықтарын дамыту.

 

1 17 «Ырым етсең адал ет- жамандықтан аман ет». Балаларға ырым-тиым сөздердің мағынасын түсіндіру. Тиым сөздер арқылы балаларды адамгершілікк, тәртіптілікке тәрбиелеу.

 

1 18 Домбыра дастан Ұлттық аспап- домбырамен таныстыру. Домбырамен орындалатын күй,жырларды тыңдату арқылы әсем саздардың толғаныс күйін сезіне білуге тәрбиелеу.

 

1 19 Ұлттық ер адам киімдері Ұлттық ер адам киіммен таныстыру, ерекшілік мәнін түсіндіру.

Ұлттық құрмет сезімдерін ояту.

 

ақпан 2 20 Қыз балалардың ұлттық киімдері Қыз балалардың ұлттық киімдермен таныстыру, ерекшілік мәнін түсіндіру.

Ұлттық құрмет сезімдерін дамыту.

 

1 21 Ұлттық бас киім Балаларды ұлттық бас киімдермен таныстыру. Ұлттық бас киімдердің ерекшілігін ажыратып, атай білуге үйрету. Ұлттық бұйымдарға деген құрмет сезімдерін арттыру.

 

1 22 Ұлттық жиһаздар Балаларды ұлттық жиһаздармен таныстыра отыра, олардың ерекшілік мәнін түсіндіру.

Ұлттық жиһаздарға деген құрмет сезімдерін арттыру.

 

наурыз 2 23 Сәндік бұйымдар Балаларды ұлттық сәндік бұйымдармен таныстыру. Әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеу.

 

1 24 Ұлттық ыдыс-аяқтар Балаларыды қазақ ұлттық ыдыс-аяқтармен таныстыру.

Олардың өзара ерекшіліктерін түсіндіру.

 

1 25 Қоржын Балаларды қазақ ұлттық бұйымдарының бірі- қоржынмен таныстыру. Ерекшілік мәнін, қолдану жолдарын түсіндіру.

 

 

сәуір 1 26 Ою-өрнек сәніміз Балаларды ұлттық ою-өрнектермен таныстыру. Олардың өзара ерекшілігі мен маңыздылығын түсіндіру.

Ұлттық өнерге деген құлшыныстарын ояту.

 

1 27 Мұражайға саяхат Саяхат арқылы балалардың ұлттық салт-дәстүр, әдеп-ғұрып жайлы түсініктерін нығайту.

 

1 28 Әшекейлі кесе Балаларды ұлттық ыдыстардың бір түрі кесенібақылап, бейнелеу арқылы өз ойларын жеткізу.

 

1 29 Ойын ойға жетелейді Балаларды ұлттық ойын түрлерімен таныстыру.

Ұлттық ойындардың ерекшілік мәнін түсіне білулерін дамыту.

Ойын арқылы ұйымшылдыққа, достыққа, сыйласымдыққа тәрбиелеу.

 

мамыр 2 30 Асықтың айласы Қазақ халқының рухани қазынасының бір түрі – асық ойындарымен таныстыру.

Достыққа, өзара сыйласымдыққа, тапқырлыққа, ептілікке тәрбиелеу.

 

1 31 Ұлттық ойын – «Сақина тастамақ» Ойын арқылы балалардың көңіл –күйлерін жақсарту.

Ұлттық ойындарға деген балалардың жағымды көзқарастарын дамыту.

 

1 32 Сыр сандық Ойын – сабақ арқылы балаардың ұлттық салт-дәстүр, әлеп-ғұрып жайлы жыл бойы алған білімдерін тиянақтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН    ӘДЕБИЕТТЕР:

 

  1. «Казахские детские игры» кітабы авторы: Молдагаринов Аскар

Алма-Ата  «Жалын» 1987 г.

  1. «Қазақстан мектебі» журналы № 9-10 2005 ж.
  2. «Қазақтың ұлттық ойындары» кітабы авторы: Базарбек Төтенаев

Алматы «Қайнар» баспасы 1994 ж.

  1. «Шынашақ» кітабы. Құрастырушылар – М. Әлімбаев, Қ. Баянбаев.

Алматы «Балауса» 1992 ж.

5.Ә.Диваев «Игры киргизских детей»

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *