Открытый урок: “Әліппе саған мың алғыс”


Кусмиденова Гульзат

Качирский район Инталинская ОШ

Мақсаты: Әліппе оқулығынан алған білімдері –барлық білім-ілімнің бастамасы екенін түсіндіру, білімнің адам өміріндегі маңызын ұғындыру. Оқушылардың білімділік белсенділігін арттыра отырып, ұжымдық жұмыс нәтиежесіне жетуге дағдыландыру.

 

 Көрнекіліктері: «Әліппе, саған мың алғыс» тақырыбы

Әріптер, оқушылар салған суреттер, шарлар. Әліппе, Ана тілі оқулықтарының макеті.

 

 

 

Данат:

1.Ассалаумалейкум  , халайық!

Алия:

  1. Армысыздар құрметті қонақтар: Бүгін біз шексіз қуаныштымыз.Себебі алғаш сауатымызды ашқан ,жақын досымыз Әліппемен қоштасамыз.

Ернар:

Көз салып қараңызшы бойымызға,

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға

Қош келіпсіз  , ұстаздар, ата- аналар,

Әліппемен қоштасу тойымызға.

 

Алия:

Шаттанамын , мен бүгін шаттанамын,

Әріп сырын түсіндім , мақтанамын.

Әріп сырын үйреткен Әліппем де ,

Түстей болып  міне бүгін артта қалды.

 

Данат:

Өтті оқу сан сабақ,

Бүгін үлкен салтанат

Оқулықпен достассаң,

Әліппеміз қоштаспақ!

Ой білімі жаңғырып,

Әліппеден мәңгілік

Әріптерді таныған

Өңкей білгіш, балдырған,

Құтты болсын, тойларың

Ернар:

-Бүгін біздің құанышымызда шек жоқ, өйткені, тұңғыш рет сауатымызды ашқан жақын досымыз «Әліппені» бітірдік.

Алия:

 

– Біздер осы уақытқа дейін көп нәрсені үйрендік. Соның ішінде сурет салуға, ән айтуға, есептеуге, денемізді шынықтыруға, еңбек етуге              мұғаліміміздің көмегімен дағдыланудамыз.

Мұғалім:олай болса,  той иесі Әліппемізді ортаға  шақырайық.

 

Бәрі: Әліппе,Әліппе,Әліппе

 

Әліппе: (Эльнура)

Армысыздар , жас достар!

Армысыздар ата- аналар.

Болашаққа жол бастап,

Әліппе келді ортаға.

Білім деген ғажайыптың

Әліпбиін меңгерген

Келешегі Қазақтың

Басталаады сендерден.

 

Бәрі:

Армысыңдар, аналар

Бармысыздар балалар

Сөзіме құлақ салыңыз

Бір серпіліп қалыңыз

Әліппеге арналмақ

Бүгінгі жыр әніміз.

Данат:

Келгенде алғаш мектепке,

Білмеуші едік әріп де,

Оқимыз қазір ертек те,

Үйретті оны Әліппе.

Алия:

Әліппем менің Әліппем

Сені қолға алып мен

Есігін аштым мектептің,

Ертеңгі сәуле жарықпен.

 

Ернар:

Енді біз жаза аламыз,

Әріпті қосып әріпке.

Риза болып саған жүрміз,

Рахмет саған Әліппе.

 

Мұғалім: Құрметті ата аналар сіздерге арнап біздің бүлдіршіндеріміздің дайындаған ән мен биің тамашалайық.

Ән: «Әліппе»

 

Би; «Вальс 1 сынып »

 

Келесі кезекті біздің түлектеріміз 4 сыныптың көмегімен дайындалған көріністі көрейік.

 

Аю: (Темирлан)

-Бұл қай жер? Ештеңе түсінсем бұйырмасын!  Мыналар не,әріптер ме? Бұл не деген жазу екен? Қап, оқи алмаған қандай жаман!

 

Түлкі: (Дильназ)

Сәлеметсің бе аю!

Аю: (Темирлан)

Сәлеметсің бе түлкі!

Түлкі : (Дильназ)

-Сен бұл жерде не істеп жүрсің?

Аю: (Темирлан)

– Оқи алсам мына жазуларды оқығым келеді.

Түлкі :

– Кел аю, екеуміз бірге оқиық , мен де оқығым келеді.

Қоян : (Қарақат)

Сәлеметсіңдер ме достар!

Екеуі: (Дильназ,Темирлан)

Сәлеметсің бе қоян!

Қоян: (Қарақат)

-Айтыңдаршы екеуіңіз не істеп жүрсіңдер бұл жерде?

Екеуі: Біз мына жазуды оқығымыз келіп тұр.

Қоян: (Қарақат)

А, олай болса бірге оқиық , мен де оқығым келеді.

Екеуі:

Кел онда, оқысақ оқиық.

Тиін: (Даурен)

-Сәлеметсіңдер ме достарым!

Үшеуі:

Сәлеметсің бе тиін!

Тиін: (Даурен)

Барлығың мында жиналыпсыңдар , не істемек ойларың бар?

Үшеуі:

Мына жазуды оқымақ ойымыз бар.

Тиін:

Онда  бірігіп оқиық.

Үшеуі:

Оқысақ оқиық!

Тышқан:  (Алия)

-Сәлеметсіңдер ме достарым!

Төртеуі:

-Сәлеметсің бе Тышқан досымыз!

Тышқан:

-Бәрің маған айтпай не істеп жүрсіңдер бұл жерде?

Төртеуі:

Мына жазуды оқысақ деген ойымыз бар.

Тышқан:

– «Жұмыла көтерген жүк жеңіл», дейді , бірге оқиық!

Төртеуі:

Оқысақ оқиық!

Аю:

-Менің ойымша бұл- «бал» деген  жазу

Түлкі:

-Ал,менің ойымша бұл- «Та- уық» деген  жазу.

Қоян:

-Ал,менің ойымша бұл- «Сә- біз» деген  жазу.

Тиын:

-Жоқ, жоқ бұл – «жаң-ғақ» деген жазу

Тышқан:

-Не деген көп жазу , бұл қандай сөз болды екен  а?

 

Әліппе:  (Эльнура)

-Неге дауласып жатырсыңдар достарым? Оқи алмасаңдар балалардан сұрамайсыңдар ма?

-Балалар ,сендер Әліппені оқып бітірдіңдер, олай болса аңдарға  оқып көмектесейік.

Балалар:

Мек- теп.

Аңдар:

Мектеп? Мектеп деген не?

Әліппе:

-«Мектеп» деген- балалалар оқып ,білім алатын  үй.Қазір сендер мектепте тұрсыңдар.Бүгін 1 «Ә» сыныбында алғаш кітабы Әліппемен қоштасу салтанаты өтуде. Мектептен неге үйренуге болатынын балалардың әнінен

білесіңдер.

 

Ән: « Үйретеді мектепте»

Мұғалім: Біздің сіздерге дайындаған шағын слайдты көрсетеміз.

Слайд.

 

 Би«Қазақ биі» Қыздар қазақ биің блейді

 

 

Алия:

Білімнің қайнар бұлағы.

Өнердің жарық шырағы ,

Тұрағы өзің мектебім,

Шәкірттің асыл қырағы.

Ернар:

Өнерге ортақ тәрбиең,

Бір сеннен қуат аламын.

Мектебім -мәңгі бапкерім,

Таудай ғой менің талабым.

Данат:

Нәріңді беріп құрғатпай,

Сусаған шөлді қандырған.

Сәулеңді шашып жүрекке,

Жанымның отын жандырған.

 

Ән.»Мектебім, аяулы мектебім»

 

 

Мұғалім:

-Иә, сендер 4 ай ішінде әріптердің сырына да қанық болдыңдар.Әріптер қандай сыр шертеді екен?Олай болса , әріптерге кезек берейік

 

 

А әрпінен  есімім,

Айтсам сөздің кесімін.                                        АЛИЯ

Алия қыз мен боламын,

Айдай өсіп толармын.

 

 

 

Д – дан басталар – менің атым Данат,

Әріптерден қаламын ба мен қалыс.                           Данат

Достарыма  тілейтінім –алдымен

Денсаулық пен мол табыс.

 

Ерлік пенен елдікке бай,

Мен балаңмын Ернардай.

«Е» әрпі  есімімде,                                 ернар

Ерттеп мінем  жеке тай.

 

1 сынып оқушылары би билейді

Би «кукарэлла»

Әліппе:

-Жарайсыңдар  балалар! Құрметтеріңе рахмет. Енді меннен алған білімдеріңді «Ана тілі» пәнімен ұштайсыңдар.Міне менің досым, Ана тілінің өзі де келіп қалыпты,қарсы алыңдар!

Ана тілі:

Сәлеметсіңдер ме балалар!

Балалар:

Сәлеметсіз бе Ана тілі!

Ана тілі: (Талғат)

Мен Ана тілі оқулығы боламын. Мен сендермен танысқаныма өте қуаныштымын!Енді сендер бұрынғыдан да көп оқисыңдар.Ақын- жазушылардың шығармаларын, ертегілерді ынта қойып оқыңдар.Сонда сендер көп нәрсе үйренесіңдер.

Бәрі:Оқимыз, оқимыз.

 

 

 

Әліппе:

Бәрі жақсы , балалар: Енді мен сендермен қоштасайын..алдағы уақытта жақсы оқыңдар. Ата- аналарыңызды тыңдаңдар.Менің досым Ана тілін ренжітпей оқыңдар, ұқыпты ұстаңдар, онымен дос болыңдар.

Кір шалмасын беттерін,

Таза болсын оқулық пен дәптерің,

Оқығандарың есте болсын.

Күнделіктерің 5- ке толсын.

 

Ернар:

Таныстырған 42 әріппен,

Қош бол, менің қасиетті Әліппем!

Сенің арқаң оқи, жаза білгенім,

Сауатты адам қатарына кіргенім

Данат:

Білімге жолды бастаған

Әліппем саған мың алғыс!

Оқы деп ұран тастаған,

Әліппем, саған мың алғыс!

 

Ән: «Алғашқы қоңырау»

 Мұғалім: Құттықтау сөзді мектеп директорына береміз.

Оқушыларды мақтау қағаздарымен марапаттау.

Ата-аналарға алғыс хат беріледі.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *