«Қазақшаңыз қалай?» тәрбиешілер арасындағы сайыс


Оспанова Гүлсім Амангелдіқызы

Павлодар обл, Екібастұз қаласындағы №9 «Радуга» бала бақша-гимназиясында тірбиеші

Ж: Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

Ж: Здравствуйте уважаемые гости! Мы рады видеть вас!

Ж: Осы әсем залға қызметкерлерімізді шақырайық!

(выходят педагоги и становятся полу кругом).Ал енді сайыскерлерімізді екі топқа бөлейік.

Ж: Для этого на столе есть веселые смайлы. Каждый из вас должен выбрать себе смайл. А на смайле название команд. Топтарға бөлу жеребе арқылы.Әр топқа бәрдей смайлдар ұсынылады (ішінде топтың аты жазылған). Екі топқа бөлінеді.

  • – топ – «Тілашар»
  • – топ – «Шаңырақ»

Ж: сайысымыз әділ өту үшін әділқазы алқаларымен таныс болайық..

Ж: Сайысымызды  кезеңдерімін танысайық (слайд көрсетіледі).

Сайыстың кезеңдері:

  • таныстыру
  • «бәйге» сұрақ-жауаптар
  • «құрт жаю»
  • «мақал-сөздің мәйегі»
  • «көңілді әріптер»
  • үй тапсырмасы
  • «жағдаят»

Ж : Таныстыру.  «Өзім жайлы»

(әр топ мүшелері өздері туралы қазақша айтады, лаузамы, білімі мен мамандығы жайлы айтады).

Әр кезеңнен кейін топтарға бағалау ретінде асық беріледі.

Ж:

 «Бәйге» сұрақ – жауаптар. Әр топқа 5 сұрақтан беріледі. Топ мүшелері ойланып тез жауап береді. Уақыт шектеулі.

«Тілашар» тобының сұрақтары:

  • Қазақстан Республикасының елбасы кім?
  • Қ.Р. Мемлекеттік рәміздерін атаңыздар.
  • Ресми тіл қандай тіл?
  • «Радуга» б/б қашан ашылды?
  • Балабақшада неше топ бар?

Ж: «Шаңырақ» тобының сұрақтары:

  • Қ.Р. Елтаңбасының авторы кім?
  • Қ.Р. қашан тәуелсіздік алды?
  • Мемлекеттік тіл қандай тіл?
  • «Радуга» б/б меңгерушісі кім?
  • Балабақшада неше қызметкер жұмыс жасайды?

 

Ж: Келесі кезеңіміз   «Құрт жаю» деп аталады (слайд) Қазақ халқының ұлттық тағамының бірі-құрт болып табылады. Құрт жайлы ір топ өздерінің дайындап келген білімдерін ортаға салмақ.

1) Құрт жайлы айтыңыз.

2) Құрт неден және қалай жасалады? Екенін айтады. Тілашар тобын ортаға шақырайық.

Ж: Ойын «Құрт жаю» 2 адамнан.

Ж:  «Мақал – сөздің мәйегі ». Әр топ басшылары конверттен таңдап алады. Әр конвертте 4 мақал-мәтел жазылған. Топтар мақал-мәтелдерді дұрыс құрастыру қажет.

Мақал -мәтелдер:

  • Бірлік түбі – береке.
  • Досы көпті жау алмас.
  • Отан үшін отқа түс күймейсің.
  • Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас.
  • Өнерлі өрге жүзеді.
  • Бірлік бар жерде-тірлік бар.
  • Ұяда не көрсе,ұшқанда соны ілер.
  • Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар.

Дұрыс жауабы экранда шығады. Әр топ бағаланады.  Слайдқа қарап жауаптарын тексереміз.

Ж: «Көңілді әріптер» Қазақ фольклорының басты үлгілерінің бірі – жұмбақтар. Ендеше сайыкерлеріміздің ой ұшқырлығын тексерейік. Әр топ білетін екі жұмбағын қарсы топқа жасырады. Олар шешуін тауып жазылуын көрсетеді.

Сергіту сәті

Ж : «Үй тапсыпмасы » Өз өнерлері (Ән)

Қазақ халқының вальсінің королі атанған Шәмші Қалдаяқовтың  әндеріне кезек береміз. Әр топ өздері дайындап келген әндерін орындайды. «Тілашар тобы» шақырайық.

Ж: «Жағдаят». Қазақ тілін үйреніп  күнделікті өмірде қаншалықты деңгейде пайдалана алатындықтарыңызды тексерейік. Әр топ екі жағдаят жазылған конверт ұсынылады.

Слайдта жазылып тұрады:

«Вокзалда»

  • «Дүкенде»
  • «Дәріханада»
  • «Шаштаразда»

Ж : Сөз кезегі әділ-қазыда. Мадақтамалар беріледі.

Слайд:  Рахмет!

Осымен біздің сайысымыз аяқталды. Мемлекеттік тілді дамыту үшін үлес қосайық! Сау болыңыздар»

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *