Ертеңгілік “Менің тұнғыш Президентім”


Абдрахиева Алфера Тельмановна

«Салтанат» бөбекжай-бақшасы»

МКҚК-нің тәрбиешісі

 

Мақсаты: Тұңғыш Президентіміз туралы алған білімдерін кеңейту,елбасының өмір жолынан  үлгі ала отырып, Отанын, халқын сүюге, патриоттық сезімге тәрбиелеу, балалар жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, құрметтеуге үйрету

 

Тәрбиеші: Құрметті бүлдіршіндер,  бүгін біз үшін ерекше күн.
Бүгін бүкіл қазақ елі болып, Қазақстан жері болып  Тұңғыш Президент күнін тойлағалы отырмыз. Біз қазақ елі десек әрине, ең алдымен өз Елбасымыздың есімін айтамыз.  Қазақ атын бүкіл әлемге танытқан Елбасымыздың салиқалы  саясаты екенін мақтанышпен  атаймыз!

Әнұран.

Тәрбиеші: Бүгінгі мерекемізді бастамай тұрып Тұңғыш Президентіміз жайлы дайындалған суреттерді  тамашалайық

Тәрбиеші: Осы мерекеге арнап дайындаған балаларымыздың тілектерін тамашалайық, олай балса ортаға (Ерсал,Ясмин,Амирхан) ды шақырайық

Ерсал      Менің тұңғыш Президентім    –
Әбішұлы Нұрсұлтан
Еңбегімен еліне болған ол мақтан
Бүгінгі   күн бүкіл әлем таниды
Қазақ елін, қазақ жерін Қазақстан!
Ясмин.    Менің тұңғыш Президентім   –
Әбішұлы   Нұрсұлтан
Нұрлы  жүзін танимын мен алыстан.
Елбасының  саясаты  арқасы,
Өсіп жатса бар балалар  бақшадан
Амирхан    Менің тұңғыш Президентім  – мақтаным
Ес білгеннен есімін оның жаттады
Елбасының саясаты арқасы –
Оңнан туса бүгін менің ақ таңым!

Тәрбиеші: Келесі кезекті әсем әнге берейік

Ән.   «Жас дәуірдің түлегіміз»  (Барлық бала бірге орындайды)

Тәрбиеші: Тұңғыш Президентіміз жайлы өз тілектерін айтуға шығады(Дана,Бибарыс,Асылжан,Дарина)
Дана.     Елбасым менің Президентім   –
Назарбаев    Нұрсұлтан
Көк байрағын әлемге бүкіл танытқан
Шарықтап күнде әуезді әсем Әнұран
Атағы оның естіледі алыстан
Бибарыс     Менің тұңғыш Президентім  –
Әбішұлы       Нұрсұлтан
Нұр жүзінен төгілгендей нұрлы таң
Барлық бала Елбасын жақсы көреміз
Есімі оның мына бізге шын мақтан!
Асылжан  Елбасым десем   естіледі Әнұран
Оны бүгін  барлық бала жаттаған
Көк байрағым желбірейді  көгімде
Болашаққа жасаймын мен нық қадам
Дарина.      Менің тұңғыш  Президентім –
Назарбаев   Нұрсұлтан
Асыл жұлдыз дара шыққан қазақтан
Маңдайдағы   бағым десем болады
Көре білген бар  қажетті   алыстан
Тәрбиеші: Қымбатты бүлдіршіндер, Сіздер, бақытты заманның бақытты бүлдіршіндерісіздер. Қазақ  елі өз тұңғыш Президентін сайлады. Бейбіт ел көгінде  Елбасымыздың өзі мәтінін жазған  Әнұранымыз  шарықтап , Көк байрағымыз қалықтады, Елтаңбамыз бар мемлекет атандық. Осы бағытта мен сіздерге сөзжұмбақ дайындаған болатынмын. Кәне, тыңдап көрейік.
1. Қазақстанның тұңғыш Президентінің  аты – жөні.
2.Рәміздерді атайық
3. Әнұранның авторы кім?
4.Қазақстанның бас қаласы қалай аталады?
5.Бәйтерек қай қалада орналасқан?
6.Тұңғыш Президентіміздің  жұмыс орны қай қалада , қалай аталады?
7.Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады?

Тәрбиеші: Сонымен балалар біздің елімізде әртүрлі ұлт өкілдері тату тәтті өмір сүреді екен, олай болса достық туралы әнді орындайық
Ән.  «Достық»  (Барлық бала бірге орындайды)

Тәрбиеші: Ал, енді балаларымыздың  тағы қандай жақсы  өнерлері бар екен назар салайық (Александра,Асанали,Мирас,Адильхан,Аида)
Александра. Қазақ елі –Қазақстан
Болашаққа үн қосқан
Жақсы күнге жетелер
Елбасым менің –
Назарбаев Әбішұлы  Нұрсұлтан!
Асанали.     Елбасым  бар   халқым өзі сайлаған
Бар үмітін елбасына  арнаған
Бүгін міне сол үміттер ақталып,
Орындалды алдан күткен ақ арман!
Мирас    Елбасым менің Нұрсұлтан Әбішұлы
Қазағымның өзі сүйген адал ұлы
Желбіреп көкте көкбайрағым қалықтап,
Елімнің бүгін Биіктеді  шоқтығы .
Адильхан. Менің елім-Қазақстан  құт мекен
Бүкіл әлем бізге қарап көз тіккен
Елбасымыз  Нұрағамның арқасы  –
Әрбір таңды қарсы алсақ жеңіспен!
Аида        Менің елім – Қазақстан  құт мекен!
Арнаймын жыр өзіңе шын жүректен!
Елбасымыз Нұрағамның  арқасы
Елім бүгін көрінсе асқар биіктен!

Тәрбиеші: Біздің ұлдарымыздың өнерлерін қабыл алыңыздар .

Би: (Ұлдар)

Тәрбиеші: Бүлдіршіндеріміздің айтар тілектері әлі де таусылар емес, олай болса сөз кезегі(Д.Малика,Дина,Жан) ға беріледі
Д.Малика      Менің тұңғыш Президентім –
Әбішұлы  Нұрсұлтан
Өзі жазған халқына арнап Әнұран
Теледидар  үнімен бірге қосылып,
Күнде ертемен айтамын мен Әнұран.
Дина             Менің тұңғыш Президентім –
Назарбаев Нұрсұлтан
Озық ойлы алтын жүрек, ізгі адам
Біз бөбектер тілеуіңді тілейміз,
Елбасымыз  болса екен   дін аман!

Жан.       Елбасым десем   естіледі Әнұран
Оны бүгін  барлық бала жаттаған
Көк байрағым желбірейді  көгімде
Болашаққа жасаймын мен нық қадам

 

Тәрбиеші: Біз салтанаты жарасқан қаласы бар, кең байтақ  ұшан- теңіз даласы бар,  аруақ қолдаған бабасы бар ел екенімізді мақтан етеміз! Ал Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасымен қайтадан жаңарып,  жасарып,бой түзеп,  қазақ елінің бас қаласы атанған  Астана –тәуелсіз Қазақстан үшін келешектің нышаны, Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі.Олай болса, Астанамыз жылдан жылға көркейіп жасара берсін! Елбасымыз елімен бірге аман болсын. Біз барша бөбектер  Елбасымызға сәбилік жүректен  ақ тілегімізді арнайық!
Бәрі бірге: Қымбатты Нұрсұлтан Әбішұлы , біздің сүйікті атамыз, Сізге мықты денсаулық, алаңсыз тірлік тілейміз. Ел  болашағы үшін ұзақ та бақытты   өмір сүріңіз!

Ән.  «Желбірейді туымыз»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *