“Әскери – дала жиындары”
Селивёрстова Светлана Игоревна
психолог
КГУ “Агротехнический колледж №2 с.Каменка”
при отделе образования Акмолинской области
Маусым айының 1 мен 5 жұлдызы аралығында «Каменка ауылындағы №2 Агротехникалық колледжі» КММ әскери-дала жиыны өткізілді, колледждегі әскери-дала жиынына аудандағы Каменка, Балқашын, Сандықтау, Максимовка және тағы басқа мектептердің оқушылары қатысты. Әскери-дала жиынына барлығы 63 жасөспірім, 10 әскери жетекші қатысып, олардың командирі Журбин Виталий Юрьевич тағайындалды.
Әскери-дала жиындарын өткізу кезінде, әскери өмірдің қиындықтарын, әскери қару жарақтардың түрлері олармен дұрыс жұмыс жүргізу шаралары туралы толық мәлімет алды.
4 маусым күні сағат 12.00 әскери-дала жиынына студент жастар, жетекшілері және колледж жұмысшыларымен қонақтар Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын орындады.
Әскери-дала жиынының қорытындысында, көптеген жастар және колледждің мектептің әскери жетекшілері мақтау қағаздарымен марапатталды.