Сабақ «Ұлттық ою-өрнек түрлері»


                                                                             Павлодар облысы Ақсу қаласының

“№3 арнаулы түзеу мектеп интернаты” ММ-нің

ІІ санатты тәрбиеші

                                                                         Сағитова Майра Оңалқанқызы

Тақырыбы «Ұлттық ою-өрнек түрлері».

Мақсаты:

Білімділік:  Оқушыларды ою-өрнек түрлерімен таныстыру, ою-өрнек салу арқылы қолды жаттықтырып, оқушылардың шеберлігін ұштау.

Коррекциялық: Оқушылардың есте сақтау қабілетін шыңдау, ой-өрісін, сөз байлығын, тілін дамыту.

Тәрбиелік:  Оқушыларды халқымыздың асыл мұраларын, салт-дәстүрін, өнерін құрметтеуге,  ұйымшылдыққа, еңбексүйгіштікке  тәрбиелеу.

Түрі: Тәрбие сағаты.

Әдісі:  түсіндіру, сұрақ-жауап, жеке және топпен жұмыс.

 

Пәнаралық байланыс: Музыка, тарих,  бейнелеу өнері, математика.

 

Көрнекіліктер:  Ою-өрнек  түрлері салынған суреттер жинағы,  «Ақсақ құлан» күйі, диск, түрлі-түсті қағаз, қылқалам, желім, қайшы, қарындаш, апликация.

 

Алдын ала жұмыс:  Оқушылар мен ою-орнек үлгілерін салып, оларды қиып, дайын шаблондар жасау,  еңбек туралы мақал-мәтел жаттау.

Тәрбие сағатының барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. 

Сұрақтар: кім айтады?

  1. Жылдың қай мезгілі?
  2. Көктем айларын ата?
  3. Қазір көктемнің қай айы?

4.Бұл айда қандай мерекелер бар?

– Бүл көктемнің алғашқы ең жүрекке жылы, мейірімді мерекесі халықаралық әйелдер күні кұтты болсын дей отыра барлығымыз орнымыздан тұрып мына өлең жолдарын бірге айтайық!

Ұлылық бар, даналар бар, мұрат бар,

Шың айтылған қырат бар.

Бірақ оның бәрінен,

Биік тұрған бір күш бар.

Дидарына жерде құштар, күн де құштар,

Ол нәзіктік, мәңгі шуақ, нұры құт.

Сарқылмайтын жылылық,

Ол тіршіліктің қуаты –

Әйел атты – ұлылық.

 

Мереке құтты болсын !

ІІ. Кіріспе сөз.

  • Балалар, бүгінгі біздін тақырыбымыз  «Ұлттық ою-өрнек түрлері» деп

аталады.  Біз бүгін  ұлттық ою-өрнек түрлерімен, шығу тегімен танысқалы отырмыз. Ою-өрнек /латынның орнамент – әсемдеу, сәндеу деген сөзінен шыққан/. Қазақтың ою-өрнектерінің түрлері де, атаулары да көп, 360-қа тарта түрлері  қарастырылады.

  • Ою-өрнек өнері ғасырлар бойы қазақ халқының бейнелеу өнерінің жеке

түрі болып келеді. Үй ішінің тұрмысына қажетті заттарды, ұлттық киімдерді, бұйымдарды әшекейлеу үшін қолданған.

ІІІ. Негізгі бөлім.

  1. Ұлттық ою-өрнек туралы мәлімет беру:

Ұлттық  ою – өрнектерді    төрт  топқа  бөлген:

– Зооморфтық –  жануарларға, малдың денесіне, ізіне байланысты өрнектер;

Өсімдік бейнелі –  жапырақты гүлдер, ағаш, шыршық, жетігүл өрнектер;

Космогониялық – ай, күн,  жұлдыз және аспан әлеміне байланысты өрнектер;

Геометриялық – ромбылар,  иректер, жұлдызшалар, үшбұрыштар және көпбұрыштар.

Новый рисунок (3)

Новый рисунок (4)

Новый рисунок (5)

Новый рисунок (6)

Новый рисунок (7)

Әр ою – өрнектің  астарында  мағына  болады.  Мысалы:   «қошқар  мүйіз»  оюы  молшылықты  меңзейді,  «ағаш»  оюы  ынтымақ  бірлікті, «ирек»  оюы  адамның  өмір  жолы, судың  белгісі, «шеңбер»  оюы  жарық  өмір  жолы  дегенді  білдіреді.

 

  1. Сергіту сәті.   «Ойнайық та, ойлайық» ойыны.

Шарты: Музыка ойнатылады. Балалардың қолындағы ою үлгісі бір-біріне беріліп отырады. Музыка тоқтаған кезде,  ою-үлгісі қай баланың қолында қалып койса,  сол бала еңбек туралы мақал-мәтел айтуы тиіс.

  1. Сарамандық жұмыс.

Өткенді  еске  алып, ойға  толам,

Сұрыптап  тезге  салып, көп  ойланам,

Ой түбіне  жете  алмай  титықтасам,

Қолыма  қайшы  алып, ою оям – деп  Бауыржан  Момышұлы  атамыз  айтқандай  біз  де  келесі  сарамандық  жұмыс  бөліміне  көшеміз.

 

  • Оюдың жапсырылған макетін оқушыларға таныстыру. Оқушылар

қолмен  ұстап таниды, тамашалайды, қызыға қарап тезірек  үйренгілері келеді.

Қауыпсіздік ережесін айтып кету.

Новый рисунок (8)

Төртқұлақ – өрнектің  ортасы  жіліншік  өрнегі  тектес  болып  келетін, төрт  тармағына  мүйіз  өрнегі  қондырылған  ең   көне  ою – өрнек  түріне  жатады.

 

  Ақ  қағаздан  қайшымен  қиып алған  ою – өрнектің  шаблонын әртүсті  жапсырма  қағаз  бетіне   қойып, қарандаш  арқылы  сызып  түсіреміз. Оқушылар  жапсырма қағаз  бетіне түсірген  ою – өрнектерін  қайшымен  қиып  алады.

Дайындалған диск  бетіне  диоганаль сызықтарын  жүргізу арқылы  центрлік  нүктесін  табамыз.  Алынған  оюды  диектің центріне тигізіп, жапсырма қағазымызды жапсырамыз.

 Новый рисунок (9)

IV   Бекіту.

  1. Оқушылардың  жасалған  бұымның  жұмыстарын  тексеру.
  2. Сұрақ қою арқылы тәрбие сағатын бекіту.
  • Өрнектердің неше түрлері мен атаулары бар? /360-қа тарта/
  • Ою-өрнектерді қандай топтарға бөлуге болады?
  • Ата-бабаларымыз ою-өрнекті не үшін қолданған?
  • Кімнің жасаған заты көбірек ұнайды?
  • Тәрбие сағаттан алған әсерлерін қандай?
  • Өзін қағаз бетіне емес, мата бетіне түсіре аласың ба?

VI   Қорытынды.

Міне, қолдарыңда өздерің істеген заттарың бар. Осы ою-өрнекті қиып, тігіп, басып үй ішіне керек заттарды әшекейлейтін әйел адамдар, аналар. Олай болса, осы өз қолдарыңмен істеген заттарыңды кімге сыйлайсындар? Аналарға. Дұрыс. Ертең үйге барғанда жылы сөздеріңмен, қуанышты көңілдеріңмен аналарына табыстауға тілек етемін.

Қазақ халқының сай-дәстүрін ұмытпай, жалғастыруға өз үлестеріңді қосады деген оймен бүгінгі тәрбиелік сағатымызды аяқтаймын.

2

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *