Ашық сабақ «Шығыс Қазақстан»


Ақмола облысы

Зеренді ауданы

Қостомар негізгі мектебі

тарих мұғалімі  Абылхаева Жанна Галиевна

 Қазақстан тарихы 6 сынып

Тақырыбы: «Шығыс Қазақстан»

 Мақсаттары:

Оқушыларды Шығыс Қазақстан жерінің табиғатымен таныстыру; Шілікті,Берел қорғандары туралы әңгімелеу, өзіндік жұмысты ұйымдастыру;

    Оқулықпен жұмысты дамыту, қорытынды жасауға үйрету;

   Дүниетанымдылыққа, патриотизмге тәрбиелеу.

Көрнекілік:  ватман, Қазақстан картасы, мультимедиялық диск.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларға мотивациялық сұрақтар қойылады:

  • Ертеде Қазақстан территориясын қандай тайпалар мекендеген?
  • Қазақстан территориясын кімдер сақтаған?
  • Ер жүректі сақтарды атаңдар.
  1. Үй жұмысын тексеру.

Сынып 2 топқа бөлінеді. Әр топ «Шырақтың ерлігі атты» эссе жазады. Топтағы ең толық эссе отрада оқылады. – авторлық орындық.

Тындаушылар сұрақтар дайындайды.

  • Қорытындылау.

Сақтар туралы әңгімені әрі қарай жалғастырамыз. Сақ мәдениетінің ең көне жәдігерліктері Шығыс Қазақстан жерінен табылған екен.

  1. Жаңа тақырып.
  2. Табиғат жағдайы, халқы.

73 бет, оқу. Сынып 2 топқа бөлінеді. Әр топ кластер құрастырады.

Новый рисунок (1)

 

 

 

 

 

 

 

Кластер тақтаға ілініп, оқушылар қорғайды.

 

  1. Шығыс Қазақстан қорғандары: Шілікті, Берел.

Сынып 2 топқа бөлінеді. 1 топ Шілікті қорғаны туралы оқиды.

2 топ Берел қорғаны туралы оқиды.

Тапсырма: берілген уақыт ішінде ватманға  оқулық мәтінің пайдаланып, қысқаша ақпарат дайындау – сызба, сурет, кесте түрінде. Уақыт өткеннен кейін ақпаратты тақтаға іліп қояды. Екі топ араласып пармен отырып, бір біріне өз мәтінің мазмұндайды (тақтаға қарауға болады).Одан кейін, топтарына оралып жаңадан  екінші топтың тақырыпшасы бойынша ақпарат дайындайды (тақтаға қарамайды). Жұмыс аяқталғаннан кейін, сызбаның 4 де тақтаға ілініп салыстырылады.

  1. Бекіту. Рефлексия.

Кесте толтыру:

Новый рисунок

 

 

 

  1. Қорытынды. Бағалау

Мултимедиялық  дискпен таныстыру.

 

  • Үй жұмысы – шығармашылық тапсырма: «Шілікті», «Берел» қорғандары бойынша қосымша деректер табу.

 

 

 

 

Қосымша деректер.

Берел қорғаны б.д.д. Ү-ІҮ ғ.

 

Скиф-сақ хайуанаттар стилінде жасалған заттар табылған, Батыс Қазақстандағы Аралтөбе мен Шығыс Қазақстандағы Берел қорғандары да бүгін әлем жұртшылығына танымал қорғандар.

 

Атақты Берел қорғандарын алғаш ашқан, қазіргі уақытта аты біраз жерге мәшһүр, Әлкей Марғұлан атындағы ҚР Білім және Ғылым министрлігі Археология институтының бас ғылыми қызметкері Зейнолла Самашев 1947 жылы 17 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Бестерек ауылында туған. Өскемен педагогикалық институтының тарих факультетін бітіргеннен кейін оқытушылық қызметпен айналысты.

 

1981-1991 жылдар аралығында Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов атындағы Тарих,археология және этнография институтында, 1991 жылдан бастап Әлкей Марғұлан атындағы Археология институтында ежелгі өнер бөлімінде меңгеруші болып жұмыс істейді.

 

1998-2000 жылдары ҚР Білім және Ғылым министрлігі Ә.Марғұлан атындағы Археология институты белгілі археолог З.Самашевтің жетекшілігімен халықаралық экспедиция Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданындағы қасиетті Алтайдың ақ қайыңдары мен мәңгі жасарып тұратын неше мың жылдық орман-тоғайларымен көмкерілген тау сілемдері қоршап жатқан көрікті аңғарда орналасқан Берелде еліміздің бірсыпыра ғылыми-зерттеу институттары, университеттері, сондай-ақ Франция, Италия ғылыми-зерттеу ұйымдары қазба жұмыстарын жүргізді.

 

Берел қорымындағы обалар тізбектеле орналасқан. Олардың жер бетіндегі аса алып пішіндері ежелгі көшпелілердің өз көсемдеріне ерекше ғибадатхана-кесене түрінде күрделі ғұрыптық жерлеу құрылысын тұрғызу мақсатымен осында әдейі әкеліп жерлегенін көрсетеді. Аңғардың аса абзал жағдайы мен табиғатының ғажайып сұлулығы осы өңірдің киелі-қасиеттілігін арттыра түскені сөзсіз. Жеке обалардың және бүкіл қорымның тау етегі мен таулы өзен жағасындағы орналасуы да мифологиялық наным бойынша жер мен көкті, яғни жоғарғы және төменгі дүниелерді жалғастырушы, әлемдік бәйтеректің бір нұсқасы болып табылғанын көрсетеді. Ежелгі көшпелілердің діни-мифологиялық наным-түсінігі кеңістік пен уақыттың қасиетті түйісінде, жылдың айқын ажыратылатын белгілі мезгілдері болып табылатын маусымдардың ауысатын тұсында және арнайы белгіленген киелі орындарда жүзеге асырылуға тиісті тұтас бір ғұрыптық іс-әрекеттерді қажет ететін марқұм болған кісілерді о дүниеге жөнелту – жерлеу дәстүрімен өте тығыз байланысты болған. Ал мұның өзі көсемнің ежелгі замандарда жер бетінің биік билеушісі, Құдайы, әлеуметтік үйлесімнің негізі, ырыздық пен тәртіптің кепілі ретінде таңылған рөлімен де қатысты. Сондықтан да, өз салауатына сай ол дүниеден өткен билеушіге ғұрыптық белгілерді таңа отырып оның жерлеу салтына ерекше мән берген. Билеуші тұлғаның өлімін о дүниеге –«жерұйыққа» өтумен теңестіріп, көсемді мәңгі жасайтын және де аса қуатты өлімсіз күйінде елестеткен. Сондықтан оның денесін шірітпей сақтау өте маңызды болған. Сол мақсатпен қайтыс болған көсемнің денесі бальзамдалып, ол жататын қабірдің ішінде тоң жүретіндей етіліп айрықша жағдай жасалған. Ежелгі Берел даласының көшпелілері сол жердің табиғи-климаттық жағдайларын ескере отырып, жасанды тоң қалыптасатын кезеңінде ғана барып көрдің жерлеу құрылысын салуы да мүмкін. Бұл факты «тоң басқан обалар» кереметі деп аталып кетті. №11 үлкен обада (диаметрі 30м. астам, бастапқы биіктігі 2м. асады) жоғарғы мәртебеге ие кісі жерленген. Қазылған оба – аса күрделі сәулет құрылысы. Обаның алып үйіндісі тастардың жай-әншейін ретсіз лақтыра салған жиындысы емес, керісінше әр түрлі көлемдегі арнайы талданып алынған тақта, домалақ және малта тастардан жүйелі түрде қаланған бірнеше қабаттардан тұрады. Оба астындағы қабірдің үсті бөрене-сырықтарымен жабылған. Қима тағанның ішіне, жасыл тастар төселіп, оның үстіне астау-табыт қойылған. Табыттың төрт бұрышында қоладан құйылып, сыртына алтын жалатылған төрт құстың мүсіндері орнатылған. Олар символикалық түрде марқұмның әруағын қорғаушы – періштелер қызметін атқарады деген нанымға сәйкестендірілген. Астау – табытқа жасы шамамен 35-40 – жастардағы ер адам қойылған, ал кейінірек оның жанына әйел жерленген.

Берелден табылған табыт суреті

 

Антропологтардың алғашқы тұжырымы бойынша әйелдің жасы ер адамға қарағанда біршама егделеу көрінеді. Мәйіттердің басына ағаш жастық жасталған. Көсемнің өрген сәнді қос бұрым шашы жақсы сақталған. Оның тірі кезінде мұрт қойып жүргені де анықталды. Еркектің бас сүйегінің төбе тұсы кезінде шайқаста, шамасы шоқпар тиіп опырылған болса керек. Жарақат орнындағы сүйек сынықтары мен ұйыған қанды алу мақсатымен жауынгер–көсемге көмек көрсетуге талпыныс болған сияқты. Оның шайқастағы батырлығына өмірінің әр кезеңінде сынып қосыла біткен бірсыпыра қабырғалары мен зақымдалған омыртқасы куә болады. Ерекше тұлғалардың денесін оны қашан жерлегенге дейін ешқандай бұзылмаған күйінде сақтауға тырысқан және денесін бальзамдап көметін болған. Қима-тағанның ішіне, астау-табыттың бас жақ жанына ағаштан жасалған үстел-табақ қойылған және екі қыш ыдыс пен бір мүйізден жасалған құтыға марқұмның ас-суы құйылған. Қайтыс болған көсемнің о дүниеге мініп баратын он үш сәйгүлігі қас маңдайларынан арнаулы қарумен ұрып өлтіріліп, қима-тағанның сыртына екі қабат (астыңғысында жеті, үстіңгісінде алты), аяқтарын бүгіп орналастырылған. Қабаттары қасиеті бар қарта жоңышқа бұталарымен және қайыңтозбен бөлінген. Тоңдалған оба кереметі арқасында аттардың жүн-терісі ғана емес, еті де, сол сияқты сән-салтанатты әбзелдері де түгел сақталған. Ондағы әдемі ер-тұрмандар мен олардың әшекейлері бүгінге дейін қазақ жерінен табылғандарының ең көнесі.

 

Ат әбзелдері барельефті және скульптуралық (мүсіндік) әдістермен ойылған көптеген ағаш бұйымдарымен безендірілген. Ежелгі көшпелілердің өмірі мен тұрмысында өнерге өте үлкен мән берілген. Олар негізінен декоративтік сипатта емес, архаикалы мифологиялық түсінік-ұғым бойынша қоғамның белгілі бір құндылық жүйесіне сәйкес келетін арнаулы және ерекше белгілі-символ ретінде қаралған. Қару-жарақтар мен ат әбзелдерінің скифтік-сақтық тағы аң стилімен безендірілуі олардың әскери-демократиялық сипатын көрсетеді. Ат әбзелдерінде кездесетін образдарға жергілікті фаунаның өкілдері – бұғы, бұлан, құстар, таутекелер, арқарлар және мысық тұқымдас жыртқыштар кіреді. Бірақ та ежелгі көшпелілер өнерінде негізгі орынды қияли, табиғатта болмайтын фантастикалық, синкреттік, полиморфты тіршілік иесі алады. Олар көбінесе әртүрлі жануарлардың белгілерін өзіне біріктірген, кейде ұзын құйрығы арқасына қарай қайырылған, денесі мысық тұқымдас жыртқыштыкі болса, тұмсығы жыртқыш құстыкі, жалы біркелкі қалыпта берілген, спиральды ирек мүйізі бар грифон түрінде болып келеді. Бәлкім, грифон образында шебердің ойынша, сан алуан жануарлардың қасиеттері түйінделіп, айрықша әсіреленуге тиісті болуы мүмкін.

 

Аңдардың айқасы – Берел қазынасында аса мол. Олар мысық тұқымдас жыртқыштың бұғыға немесе таутекеге шабуы; өз құйрығын өзі тістеп жатқан грифон; грифонның аузындағы қос тұяқты жануардың басының көлемдігі бейнесі сияқты қысқартылған композициялық шешімдегі айқастың бір сәтін көрсететін көріністер. Аңдар айқасы бейнелерінің семантикасы негізі – жақсы мен жаманның, жарық пен түнектің, мәңгілік қозғалыс пен қарама-қайшылықтардың күрес символы сияқтылармен түсіндіріледі. Аңдар айқасының динамикасы олардың денелерінің 180 градусқа бұралғанымен беріледі. Бұлшық еттері нүкте, үтір, жақша сияқты белгілермен ерекшеленіп көрсетілген.

 

Ағаштан жасалып сырты алтын жапырақшаларымен және қалайымен жылтыратылып қапталған сән-салтанатты маскалармен ат-әбзелдері тұтастай алтынмен аптап, күміспен күптегендей көздің жауын алып, қиял ғажайыптық әсер береді. Бұл бәлкім, өзінше жасандырып безендірілген ат әбзелінің ғұрыптық-салттық рәсімге байланыстылығын көрсетеді. Жануарлар қос әлемді байланыстыратын таудың қарлы шыңдарында жүретін таутеке, арқар, барыс, жыртқыш құстар көшпелілердің түсінігі бойынша жоғарғы әлемді, «жерұйықты» жайлағандар. Аттарды аталған жануарлардың бейнесімен безендіру өлген адамдардың «жерұйыққа» жетуін жылдамдатады деген ниеттен туса керек.

 

Ұлы даланың бір бөлігін Алтай өңірінде аттары аңызға айналған скиф-сақ тайпалары мекендеген. Олар өздерінің ерліктерімен көзге түскен ат құлағында ойнаған, шеттерінен батыр жауынгерлер еді. Археологиялық деректер осы халықтардың сонымен бірге металл өңдеуші, құюшы, құрылысшы, құмырашы, зергер, ағаш шебері, асқан суретші болғанын дәлелдейді.

1 2 45 52

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *