4-маусым мемлекеттік рәміздер күніне арналған тәрбие сағаты


Ергалиева Клара Жонисовна

БҚО Зеленов ауданы, Жаңатаң жалпы бастауыш білім беретін мектебінің жанындағы “Балдырған”

шағын орталығының тәрбиешісі

Тәрбие сағатының мақсатында жас ұрпақ бойында Отансүйгіштік сезімдерін молайтып, туған жерін, елін сүюге, табиғат әсемдігін танып және қорғай білуге тәрбиелеу мен сөздік қорын дамыту көзделді. Балаларға ҚР туралы білім беру. Балалардың тіл байлығын, сөзді байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту, туған елін, жерін сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  «Қазақстан Республикам менің» плакат. «Туған өлкем» тақырыбына арналған көрме. Балалардың салған суреттері, қолөнері. Елтаңба, ту, «Бәйтерек» суреті, Қазақстан картасы. Отан туралы мақал-мәтелдер, жалаушалар, шарлар, көгершіндер.

Тәрбие сағатының барысы:

  1. Кіріспе: Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев 4-маусым мемлекеттік рәміздер күні болып белгіледі. Бұл рәміздерді атап айтсақ, әнұран, ту, елтаңбамыздың шығу тегін, тарихымен танысып, олардың маңызын талқылаймыз. Жас ұрпаққа рәміздерді білудің қаншалықты маңызыды екенін, оларды қастерлеп, құрметтеу керегін айтамын. Қазақстан рәміздерін мақтан етіп, жүрегімізде сақтайық, балалар!
  2. Мерекелік тәрбие сағатының ашылуы.

1-оқушы: Әнұраным-жан ұраным

Айтар әнім сөйлер сөзім

Туған жерім-бағынарым

Жүрсем егер дүние кезіп

.

Балалардың орындауында әнұран.

 

2-оқушы: Көк байрақ

Шарықта, шарла көкте көк байрағым,

Арманым, азаттығым, көкте айғағым

Мен сенің салтанатты сағағыңа

Өлеңмен алтын шашақ шоқ  байладым.

3-оқушы: Біздің ту

Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды.

4-оқушы: Елтаңба

Қатар шапқан қос тұлпар

Ай астында қазақ үй

Қалықтаған жас сұңқар

Шорықтаған таза үй

Бұл  таңбасы елімнің

Елдігімнің белгісі.

5-оқушы: Астана

Ей, бас қалам-Астанам!

Қадамың бар баспаған

Асуың бар аспаған

Халқым жетсін мұратқа.

Ей, бас қалам-Астанам!

Шырқап көкке аспан-ән

Болашаққа бас қадам

Қазақ рухын биіктеп

Ей, бас қалам-Астанам!

6-оқушы: Қазағым менің

Қазағым даласындай кең жүректі

Батыры жауға шапқан ержүректі

Өзіне қимағанын досқа беріп

Қазақтай кімдер кімге елжірепті.

7-оқушы: Қазағым-арлы халық, дана халық,

Жүрегі лүпілдеген бала халық.

Қонақжай, бауырмалдық қасиеті

Тұрады басқа ұлттан дараланып.

8-оқушы: Ардақтап анасын, құрметтеп данасын

Бауырға басқанбыз баршаның баласын.

Татулық, достықтың киелі бесігі

Мейірбан Ұлы Отан, Қазақтың даласы!

Әні: «Қазақ елі»

Би: Қазақ биі

13-оқушы: Жас Отан

Отан дегенқасиетті бір ұғым,

Одан үлкен жоқ қой менің тұғырым.

Ұл мен қызы жүрсек егер шаттанып,

Сіміргеннен балбұлақтың тұнығын.

Құрметті, ұстаздар, ата-аналар!

Не ойлайды Отанынан безгендер,

Отансызды ондыра ма өзге елдер.

Тілегім де, ақылым да біреу-ақ,

Жас Отаннан артық бар деп сезбеңдер.

 

Отан деген-атамекен,

Отан деген-туған жер.

Отан-ана, Отан-туым,

Отан мәңгі гүлденеді.

«Туған жер» туралы мақал-мәтел айтылады.

Ән: «Атамекен»

Қорытындылау.

Елімізде тыныштық болсын!

Еліміз бай болсын!

Соғыс апаты болмасын!

Бейбітшілік болсын! деген тілектермен тәрбие сағаты аяқталады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *