«Жабайы аңдар» түсіндіру


Купенова Оксана Михайловна

БҚО Зеленов ауданы, Жаңатаң жалпы

бастауыш білім беретін мектебінің бастауыш мұғалімі

Оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Жабайы аңдар» түсіндіру

Мақсаты: Таныс суреттерден жылдың мезгілдері туралы ойларын білімдерін бекіту. Ауызша сөйлеу дағдысы мен тілдерін жетілдіру. Балалардың ой-өрісін дамыта отырып, өздіктерінен қорытынды шығаруға машықтандыру. Табиғатты сүюге оны қорғауға, эстетикалық тәрбие беруге, аңдардың тыныс тіршіліктерін бақылауға, аялауға үйрету.

Қолданалатын көрнекілік құралдар: аңдардың суреттері.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, көрініс, ойын.

Қос тілдік компонент: жабайы аңдар-дикие животные, волк-қасқыр, заяц-қоян.

Әрекет кезендері Педагогтің  іс әрекеті Балалардың іс әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Шаттық шеңбері

Біз ерекше баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Достарымды көргенде,

Қуана қарсы аламыз.

Сәлем, сәлем, сәлем.

Мен  бүгін балабақшаға келе жатып, сандық тауып алдым. Ол сиқырлы сандық екен. Ол сандықтың ішіне ормандағы аңдарды сиқырлап салып қойыпты. Оларды құтқару үшін жабайы аңдар ертегісін айтып беру.

 

Шаттық шеңберді құрайды.

Ұйымдастырушылық ізденістік

 

 Балаларға жабайы аңдар туралы түсінік беру. Жабайы жануарлар таулы, орманды, құмды жерлерде өмір сүреді. Өз азықтарын өзі тауып жейді екен. Балалар жабайы жануарлар жыртқыш әрі пайдалы болып келеді. Олардың терісінен тон, жаға, тымақ, киім-кешектер жасайды екенбіз.

Сергіту сәті

Ормандағы аюдың,

Құлпынайы бар екен.

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

Ойын: «Жоғалған әріптер»

Шарты: Әуенде естіген дыбыстар арқылы оларды бөлу. Жабайы аңдарды мекеніне орналастыру.

Балалар «Жабайы аңдар» ертегісін орындайды.

Аю қалай жүреді ?

Түлкі қалай жүреді?

Қасқыр қалай жүреді?

Балалар мұқият тыңдайды.

 

 

 

 

Сергіту сәтін қимылмен орындайды.

 

 

Балалар әрқайсысы жануарлар рөліне кіріп дауыс ырғақтарын келтіріп орындайды.

Рефлексиялық түзетушілік Балалар бүгінгі «Жабайы аңдар» ертегісі ұнады ма? Қандай жабайы аңдарды білесіңдер? Олар қайда тұрады? Сондықтан біз жануарларға қамқор бола білейік. Ұнады. Түлкі, аю, қасқыр, т.б.

Күтілетін нәтиже:

Балалардың білуі: Жабайы аңдарды білуі.

Балалардың менгеруі: Жабайы аңдардың терісінен тон, жаға, тымақ, киім-кешектер жасайтынын меңгерді.

Балалардың жасай алуы: Ертегілерді айта білді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *