Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы “You’re welcome to England!”


Атырау қаласы

№30 «Жұмбақ» балабақшасы

ағылшын тілі пәні оқытушысы

 Капарова Эльвира Хамитовна

 Презентация

Мектепалды даярлық топ

Білім саласы: қатынас

Бөлімі: ағылшын тілі

Тақырыбы: You’re welcome to England!

Мақсаты: Балалардың ағылшын тілін үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру.

Міндеттер:

Білімділік:

– балалардың Ұлыбритания астанасы – Лондон туралы қарапайым білім –

дағдыларын қалыптастыру, оның ғажайып жерлерінің пайда болу тарихымен  таныстыру.    Ұлыбритания еліне шәйдің келу тарихы туралы мағлұмат беру;

– ағылшын сөздерін есту арқылы, оларды түсіну дағдыларын қалыптастыруды жалғастыру, диалог құруды үйрету.

Дамытушылық:

– өтілген лексикалық сөздік қорларын бекіту;

– балалардың шетел тілін үйренуге деген танымдық мүдделерін дамыту;

– дыбыстардың дұрыс аталуын қадағалау;

– қатынастық дағдымен танымдық белсенділіктің дамуына жағдай жасау;

Тәрбиелік:

– ұл балдар мен қыздарды өзара сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу;

– талаптылық пен ізденгіштікке тәрбиелеу;

– басқа ұлт өкілдерінің халқы мен олардың мәдениетіне құрметпен қарауға, ұлттық әндерін орындауға тәрбиелеу;

Алдын – ала жұмыс: ұйымдастыру кезеңін бейне таспаға түсіру, әндер мен өлеңдер жаттату,

ойындар ойнату.

Көрнекі құралдар: бейне материал, мультимедиалық слайдтар, қобдиша, ыдыс – аяқтар, шәй,

қоңырау.

Әдіс – тәсілдер: әңгімелесу, көрсету, сұрақ – жауап, ойын ойнау.

 

Іс – әрекет түрі Педагогтың  әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық-қозғаушы Ұйымдастыру кезеңі экран арқылы көрсетіледі.(бейне материал)

–   Good  morning,  children!

–  Children, today we have guests. Let’s

greet them with song «Good morning».

 

 

 

 

 

–  Балалар, біздер қай тілде амандастық?

– Ал, ағылшын тілі қай елдің мемлекеттік

тілі?

– Дұрыс. Балалар ағылшын тілінде сөйлеу

үшін, тек тілді білу ғана  емес, сонымен

бірге сол елдің тарихын, мәдениетін,

дәстүрін білу қажет. Сендер

Ұлыбритания туралы білгілерің келе

ме?

– Ендеше менде сиқырлы қобдиша бар.

Егер мен оның қақпағын ашсам, біздер

ағылшындарға айналып, олардың

тарихының,  мәдениетінің, дәстүрінің

куәсі бола аламыз. Дайынсыңдар ма?

Are you ready?

Педагог қобдишаны ашады.

 

 

– Good  morning,  teacher!

 

– Good morning to you

Good morning to you

We’re all in our places

With sunshiny faces

Good morning to you

Good morning to you.

– Ағылшын тілінде.

– Ұлыбритания елінің.

 

 

 

 

 

– Иә, білгіміз келеді.

 

 

 

 

 

 

– Yes, we are ready.

Әуенмен залға ағылшындардың ұлттық киімдерін киген балалар кіріп, орындарына отырады.

 

Ұйымдастырушылық-ізденуші

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайд  1  «Англияға қош келдің

– Oh, children, you are so beautiful. I am Aunt Molly. I live in London.  And who are you?

 

 

 

 

 

– All right. Now answer my questions,

please. How are you?

– How do you do?

– How do you jump?

– How do you play?

– How do you dance?

– How do you learn English?

– Ok! You are welcome to England!

 

Слайд  2  «Ұлыбритания картасы»

– Балалар, экранға назар аударыңдар. Бұл  Ұлыбритания картасы. Қараңдар, ол теңіздермен қоршалған.

 

Слайд  3, 4, 5  «Рыцарь», «Рыцарлық сайыс», «Қорған»

– Ертеректе бұл ел тек Британия деп аталып, онда рыцарлар өмір сүрген.        Иә, нағыз рыцарлардың өзі! Рыцарлар – батыр да, батыл жауынгерлер болған, өздерін өзі қорғай білген. Олар рыцарлық сайыстар өткізіп отырған. Олар әдемі, мықты қорғандарда өмір сүрді.

Сонымен, бұл ел қалай аталды?

– Дұрыс. Енді, ол заманнан бері бірнеше ғасырлар уақыт өтті, көп нәрселер өзгерді. Рыцарлар сайыстар өткізбейді, тіпті өздерін де тек мұражайлардан, фильмдерден, кітаптардан көре аламыз. Қазір ол елде біз сияқты қарапайым адамдар тұрады. Олар жұмыс жасайды, мектепке барады, балабақшаларға барады. Және «Ұлы Британия» деп аталатын өз елдерін жақсы көреді.

 

Иә, қазіргі кезде бұл ел «Ұлыбритания» деп аталады.

 

Слайд  6  «Ұлыбритания туы»                                                                                     – What is this?                                                                                                      – You are right. And what is the capital of Great Britain?

– Yes, that’s right.

 

Слайд  7, 8, 9  «Лондoн», «Патша сарайы», «Патшайым ЕлизаветтаII»

– Балалар, Лондон – көне және кішкене ертегі қала. Онда көптеген ескірген қорғандар, бекіністер, сонымен қатар патша сарайы бар. Онда ағылшын патшайымы Елизаветта II өмір сүреді.

 

Слайд 10  «Гайдпарк»

– Ағылшын балаларының ең сүйікті жері бұл – Гайд-парк Hyde Park. Бұл демалуға, қыдыруға арналған қолайлы жер. Бұл саябақта ертеден ұлттық мерекелер, жарыс – сайыстар, кештер өткізіліп келеді.

 

Слайд  11  «Вig Вan»

– Осы саябаққа жақын жерде сағаты бар қорған орналасқан. Бұл қорғанның қызық есімі бар – «Биг-Бен». Мен кішкентай құпия ашайын, «Биг-Бен» деп қорғанның ең үлкен қоңырауын атайды. Уақыттың неше болғанын бүкіл ел білу үшін,  қорғанға бірнеше қоңыраулар ілінген. Олардың дауысы  әр сағат сайын  жаңғырып, алыс жерлерге дейін естілген. Бірақ оны олай жәй атаған жоқ.

 

Слайд  12  «Бенджамин Холл»

– Көптеген жылдар бұрын осы қорғанның құрлысын Бенджамин Холл есімді ағылшын  басқарған. Оның бойы ұзын болғандықтан, құрлыстағы достары Биг Бен (үлкен Бен) деп атап кеткен. Кейін қорғандағы үлкен қоңырауды солай атайтын болды. Уақыт өткен сайын адамдар қорғанның өзін де солай атайтын болды.

– Children, do you want to play?

– Let’s play the game «Big Ban»

 

 

 

 

 

 

 

 

–  OK! Wake up, children. Let’s continue our lesson.

 

Слайд  13, 14 «Темза», «Лондон көпірі»

– Лондонның орталығынан Темза өзені ағып жатыр. Сол өзеннен өтетін алғашқы көпір ағаштан жасалған екен. Ағылшындар көпір мықты болсын деп оны арқанмен тартып бекіткен. Бірақ, ойламаған жерден көпір екіге бөлініп сынып кетеді. Сол кезден бастап балаларға арналған «London bridge» атты ағылшын әні сақталып қалды. Қазіргі кезде ол ән ойынға айналып кетті.

– Do you like to play? Сендер ойнағанды ұнатасыңдар ма?

 

Слайд  15 «Ағылшындардың шәй ішуі»

– Балалар, Ұлыбритания ауа – райына байланысты ағылшындар күніне 6 рет шәй ішеді екен: таңертегі шәй таңғы сағат 6 –да төсек үстінде (early morning tea), breakfast, lunch, ағылшындар түскі асты жәй ішетін болған соң, үзіліс жасап шәй ішеді – tea breaks, 5 o’clock tea, кешкі сағат 8 – де high tea ішеді. Шәй ішу рәсімі ағылшындардың дәстүрлерінің бірі. Қазір ағылшындарға шәй қалай келгені туралы көрініс көрейік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

– I am the queen.

– I am Prince.

– I am lady.

– I am a gentleman.

– I am an English girl

– I am an English boy

– We live in London too.

 

– Fine, thank you!

– Quickly!

– Highly!

– Merrily!

– Beautifully!

– With pleasure!

 

 

 

Назарларын экранға аударып, тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

–  Британия.

 

 

 

Слайд арқылы суреттерді қарайды, педагогтың әңгімесін тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

– This is a flag of Great Britain.

– London is the capital of Great Britain.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайд арқылы суреттерді қарайды, педагогтың әңгімесін тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

– Yes, we do.

Ойын ойнау үшін балалар ортаға шығып, шеңбер құрады. Бір бала «Бин Бен» болып қолына қоңырау ұстап ортада тұрады.

 

 

Биг Бен, Биг Бен – әй сағат

Тұрмыз біз саған қарап

Ойнағымыз келеді өзіңмен

Таңғы, күнгі, түнгі қоңыраудың үнімен.

Биг Бен: Morning! (қоңырау соғады)

Балалар «Wash» әнін  орындайды.

Биг Бен: Day! (қоңырау соғады)

Балалар «HockeyPokey» ойынын ойнайды.

Биг Бен: Night! (қоңырау соғады)

Балалар орындарына отырып, көздерін жұмып ұйықтағандай болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

– Yes, we do.

Балалар «London bridge» ойынын ойнайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көрініс 1

Sailor: Good morning, Mum! Good morning Dad! Glad to see you!

Dad: Good morning, dear son!

Mum: Glad to see you too!

Sailor: How are you?

Parents: We are fine, thank you!

 

And you?

Sailor: I am OK, thank you. Dear parents, take my present, please!

Әдемі қорабы бар шәйды ұсынады.

Parents: Thank you!

Mum: What is it?

Sailor: It’s tea.

We can, we can do it,

You can do it, they can do it

Көрініс 2

Parents: We are glad to see you!

Guests: We are glad to see you too!

Mum: What do you like?

Dad: Tea or coffee?

Guests: Tea???

Parents: Tea!!! Help yourselves, dear guests!

Қонақтар шәй жапырақтарын ауыздарына салып шайнайды, қақалса да ұнатқандай болып отырады.

Guests: It’s great! It’s tasty!

Осы кезде моряк келіп, жапырақтарды жеп отырған                           қонақтарға таң қала қарайды.

Sailor: What are you doing?

Guests: We are eating tea!

Sailor: Eating??? Oh, no!!! Look!

1.      Boil the water.

2.      Put tea in the pot.

3.      Pour hot water!

4.      Enjoy you tea!

Parents and guests: Oh, we see, let’s have tea!

Рефлексивті-коррекциялаушы –  Міне, Англияға шәй осылай келген екен. Енді сендер Англия туралы қаншалықты ұққандарыңды байқайық.

Педагог слайдтан суреттер көрсету арқылы қортынды жасайды.

– Children, look at me and answer my question

1. What number is Queen of England? № 1

2. What number is Big Ben? № 2

3. What number is flag of England? № 2

4. What number is British Style? № 1

Енді, бәріміз қобдишаға қараймыз.

 

Экраннан сабақты қортындысы көрсетіледі.

– Міне, балалар, біздер кері өзімізге айналдық. Сендерге Ұлыбритания тарихы ұнады ма?

– Our lesson is over. You may be late. Good bye!

 

 

 

 

 

 

 

Балалар педагог сұрақтарына дұрыс жауап берген кезде Ұлыбритания елінің картасы шығады.

Музыка арқылы балалар залдан шығады.

 

 

 

– Иә, ұнады.

 

– Good bye!

 

 

Күтілетін нәтиже:

 

Ұлыбритания астанасы – Лондон, оның ғажайып жерлерінің пайда болу тарихы, Ұлыбритания еліне шәйдің келу тарихы туралы білу.

 

Ағылшын сөздерін есту арқылы, оларды түсіну дағдыларының,  шетел тілін үйренуге деген танымдық мүдделерінің болуы.

 

Педагогтың қойған сұрағына түсініп жауап беру,  ағылшын тілінде әндерді орындай алу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *