Ашық сабақ «Ақмола бекінісінің салынуы»

Ақмола облысы

Зеренді ауданы

Қостомар негізгі мектебі

тарих мұғалімі Абылхаева Жанна Галиевна

 Қазақстан тарихы 8 сынып

Тақырыбы: «Ақмола бекінісінің салынуы»

Мақсаттары: 

оқушыларды Ақмола округінің ашылу тарихымен таныстыру, даму тарихы жайлы мәлімет беру;

оқулықпен, тарихи деректермен жұмысты дамыту;

Патриотизмге тәрбиелеу.

Көрнекілік: суреттер, қосымша деректер, ватман.

Сабақтың барысы.

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Сынып 2 топқа бөлінген.

1822,1824 жж Қазақстан тарихында қандай оқиғалар болған? Қазақтар өміріне қалай әсер етті? Қандай округтар құрылды?

  1. Үй жұмысын тексеру.

! Кесте толтыру «Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы: +,-, !»

«- « кемшіліктері

«+» жақсы жерлері

«!» бұл мәселеге менің ойым. Әр топ өз жұмысын қорғайды.

+ !
  1. Қорытындылау.

Реформа жүргізуінің негізгі салдарының бірі – Қазақстан территроиясында округтардың салынуы. Соның бірі 1830 ж. Ақмола округтік приказының ашылуы.

  1. Жаңа тақырып.

А) 1824 жылы екі округтық приказ – Көкшетау және Қарқаралы ашылды. Қаржы тапшылығынан өзге округтардың ашылуын кейінге қалдырды. Жергілікті ақсүйектердің бірі сұлтан Қоңырқұлжа Құдаймендіұлы патша үкіметіне қайта қайта өтініш жасап, 1830 жылы Петропавл бекінісінің коменданты подполковник Шубин 200 казак отрядымен болашақ бекініс жеріне аттанды. Құрылыс салуға Ақмола шатқалы таңдалды.

Ә)! Оқулықпен жұмыс. 121 бет, оқу. Ватманға екі топ бекіністің Ақмола жеріне салуныдың себептерін жазады. Ортаға шығып қорғайды.

Б) Ақмола округтік приказының ашылуы. Ақмола – аймақтағы ірі сауда орталығы. Хронологиялық кесте толтыру.

1 топ Ақмола округтік приказының ашылуы.

! Хронологиялық кесте толтыру.

Жыл: Тарихи оқиға:
1832 ж.9 қаңтар
1832 ж. 22 тамыз
1838 ж.
1838 тамыз
1845 ж

2 топ Ақмола – аймақтағы ірі сауда орталығы.

! Хронологиялық кесте толтыру. 

Жыл: Тарихи оқиға:
19 ғ. 40 жж
1852 ж 21 мамыр – 10 маусым
1852 ж 26 қазан – 10 қараша
1865 ж
19 ғ соңы

 В) Ақмолаға қала мәртебесінің берілуі.

Мұғалім негізгі оқиғаларымен балаларды таныстырады. Одан кейін оқушылар сол кездегі Ақмола тұрғындарына хат жазады: өз пікірлерін, ойларын, тілектерін жолдайды. Хатты бір біріне оқиды. Ең жақсы хат ортада оқылады. (авторлық орындық).

Г) Мұғалім оқушыларға тақтадағы қазіргі Астананың суреттерін көрсетеді.

  1. Бекіту.

Ақмола бекінісі бойынша қосымша деректер, суреттер – тақтада.

6 Қорытынды, ұй жұмысы.

1)«Астана келешекте қандай болар екен?» эссе жазып келу.

2) Негізгі хронологияны жаттау

11

Ортағасырлық Бозоқ қаласы. Ақмоланың болашақ орны.

13 12

Табылған заттары – қару –жарақ, әшекейлер

14

 

Ақмола бекінісі 1830 ж16

 

15

 

1868 ж Ақмола облысы құрылды

Ақмолаоблысының елтаңбасы

 

      Қосымша деректер.

 

 Ел орда тарихы

10-шы желтоқсан 1997 жылы ҚР –ның Президенті Жарлығымен 1997 жылдың 20 -қазаннан бастап ) ҚР –ның қолдауымен Астана қаласы ел орда болды. Қазақстанның жаңа ел ордасы болған Астананың халықаралық ашылуы 1998 жылдың 10-шы маусымында болды.

Қазақстанның ең бірінші астанасы 1920 жылы Орынбор болған. 1925 жылы астана Қызыордаға көшті.

Түрксібтің салынғанына байланысты астана Алматыға көшті. Заң түрінде бұл оқиға 1927 жылдың 3 –ші сәуірде болды, шындығында көшу 1929 жылы болған.

Алматыдан астананы көшіру экономикалық, экологиялық, географиялық мақсатпен болды.

Бүкіл Қазақстан бойынша әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, ауа райы, жер бітімі, сейсмикалық жағдай, қоршаған ортасы, инженерлік және көлік инфрақұрылымы, құрылыс кешені, еңбек ресурстары және т.б. көрсеткіштер бойынша Ақмола қаласы ең лайықты болып шықты.Ақмоланың тарихы 1830 жылдан бастап, яғни Қарауыткөл алқабында Ақмола бекінісі салына бастаған кезден басталады.

Ақмола – Есіл өзені жағасындағы Ақмола округінің Сібір қазақтарының негізгі қаласы болған. XIX ғасырда да Ақмола сол кездегі сауда – экономикалық орталығы болды. 1863 жылдың 16-шілдесінде Ақмола ашық түрде округтік қала болып саналды. 1868 жылдың қазанында “Орынбор және Батыс Сібір генерал губернаторлығының уақытша басқару жағдайына” байланысты Омбы орталығымен Ақмола облысын тудырды. Ол кездерде Омбы Батыс Сібір генерал – губернаторлығының орталығы болған. Ақмола облысының солай аталуы орталықты Ақмолаға көшіру туралы болжамдар бар. Бұл болжам 1879 жылы генерал – майор Дубельт МПС Ресейде Түмен –Ақмола темір жолының салынуы туралы проект қорғауына байланысты расталған.

Ауа райы қоңыржайлы, қаңтардың орташа температурасы – 14-18, шілдеде –20-24 градус Цельсий. Қыс аязы 40 –қа дейін, жазы ыстық, 35 градус , шаңды желдермен болады. Жылулықтың жалғасуы 194-202 күн, суықтың жалғасуы 163-171 күн. Аяздың болмауы 105-130 күнге созылады. Жылдық жаңбыр жауыны 200-300 мм.

Ең ірі өзендері – Есіл, Нұра, көлдері – Теңіз, Қарасор, Қорғалжын, Балықтыкөл, Қыпшақ т.б.

Жануарлар әлемі: 55 сүтқоректілер түрі, 180 құстар түрі, 30 балықтар түрі. Сирек кездесетін түрлері – арқарлар, бүркіттер, дрофтар, тырналар, жазық қырандары, пеликандар, қоқиказдар – Қызыл кітапқа енген. Оларды қорғау үшін Қорғалжын мемлекеттік қорығы құрылды.

Облыста өсімдіктің 66 түрі өседі. Жасыл әлемінің аумағы 4391,6 га. Оның жер қойнауында алтын, уран, сүрме, боксит, мыс, қоңыр көмір, кварц құмдары және т.б пайдалы қазбалары бар.

 

Ақмола – Есіл өзені жағасындағы Ақмола округінің Сібір қазақтарының негізгі қаласы болған. XIX ғасырда да Ақмола сол кездегі сауда – экономикалық орталығы болды. 1863 жылдың 16-шілдесінде Ақмола ашық түрде округтік қала болып саналды. 1868 жылдың қазанында “Орынбор және Батыс Сібір генерал губернаторлығының уақытша басқару жағдайына” байланысты Омбы орталығымен Ақмола облысын тудырды. Ол кездерде Омбы Батыс Сібір генерал – губернаторлығының орталығы болған. Ақмола облысының солай аталуы орталықты Ақмолаға көшіру туралы болжамдар бар. Бұл болжам 1879 жылы генерал – майор Дубельт МПС Ресейде Түмен –Ақмола темір жолының салынуы туралы проект қорғауына байланысты расталған. Ең ірі өзендері – Есіл, Нұра, көлдері – Теңіз, Қарасор, Қорғалжын, Балықтыкөл, Қыпшақ т.б.

Жануарлар әлемі: 55 сүтқоректілер түрі, 180 құстар түрі, 30 балықтар түрі. Сирек кездесетін түрлері – арқарлар, бүркіттер, дрофтар, тырналар, жазық қырандары, пеликандар, қоқиказдар – Қызыл кітапқа енген. Оларды қорғау үшін Қорғалжын мемлекеттік қорығы құрылды.

Облыста өсімдіктің 66 түрі өседі. Жасыл әлемінің аумағы 4391,6 га. Оның жер қойнауында алтын, уран, сүрме, боксит, мыс, қоңыр көмір, кварц құмдары және т.б пайдалы қазбалары бар.

Астананың көптеген көрікті жерлері бар. Ол бірінші – “Астана – Бәйтерек” кешені болып табылады. Есілдің сол жағында бой көтерген алғашқы сәулет туындысы. «Бәйтеректі» «өмір ағашы» деп те атайды. Бұл сәулет туындысы халық ертегісі «Ер Төстіктің» оқиғасы желісімен өрілген. Естеріңде болса, өз бақытын іздеп шыққан Ер Төстік қиын-қыстау заманда зәулім бәйтерекке тап болады. Ұшар басына көз жетпейтін мәңгілік өмір ағашына таң-тамаша қалады. Нақ төбесіне де ұя салған самұрақ құстың алтын жұмыртқасына ие болады. Сөйтіп, бақытты –баянды ғұмыр кешеді. Мәңгілік өмірді жер жаһанға жария етіп тұрған «Бәйтерек»- Бас қаламыздың символы. «Астана-Бәйтерек» үш бөліктен –тамыры, діңі және ұшар басынан тұрады. Үш бұрышты күміс тұмар даму үрдісіндегі өміршеңдікті білдіреді. Керемет құрылыс. Астананың қасиетті белгісі болып табылады. 97 метр биіктікте көрініс алаңы орналасқан, сол құс ұшатын ұядай жерден бой көтеріп келе жатқан Астананың көрінісін көруге болады.

Келесі көрікті жерлері “Думан” ойын-сауық кешені – күмбезді кеңістік, океанарум, кинозалдар.

Күмбезді залда Қожа Ахмет Яссауи кесенесін, Ұлы Қытай қабырғасы, Галикарнас кесенесі, Бостандық ескерткішін және т.б көруге болады.

Керемет акватеатрда қызықты көл шоуын және қастарындағы жыртқыш балықтарды бақылауға болады. Кинозалда мықты дыбыс пен арнайы дайындалған көз әйнектер арқылы экранда болып жатқан оқиғаның ортасында тұрғандай сезінесіз.

Келесі көрікті жері ол Елбасының мәдени орталық мұражайы болып табылады.

Мұражайда көне замандағы хандықтардың құрылуынан бастап Қазақстанның Егемендігін алғанға шейінгі уақытты қамтиды.

Содан кейін “Қазақстан картасы – “Атамекен” этно-мемориалдық кешені. Ашық аспан астындағы бұл мұражайда Қазақстанның барлық 14 облыстары, Астана және Алматы қаласының обьектері кішкентай макет ретінде жасалған. Карта мамыр айынан бастап қазан айына дейін ашық.

Содан кейін әуенді фантандар бағы болып табылады. Кең бақ сол жағалауды екіге бөледі. Бұл саябақ үш деңгейлі көрме құрылысынан және 2 павильоннан құрылған. Әйнектелген өтулер, ашық көрмелер, жасыл газондар, түрлі түсті жолдар, әуенді фантанды қоршаған үлкенді кеселер.

1994 жылдың алтыншы шілдесінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы Қаулы шығарды. Бұған қаланың геосаяси жағдайы, көлік және телекоммуникация құрылымы, астана өркендеуі үшін жеткілікті бос жердің болуы себеп болды. Қазақстанның 319 мың тұрғыны бар қаласы елдің елордасына айналды. 1997 жылы қаланың ауданы 258 шаршы шақырым болса, бүгінде Астана 710,2 шаршы шақырым жерді алып жатыр.

1998 жылдың алтыншы мамырында Қазақстан Республикасының Президентінің Қаулысы бойынша Ақмола атауы Астана болып өзгерді. 1998 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Қазақстанға медаль және «Әлем қаласы» жоғары атағы берілді. Бүгінде Астана – саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени мәселелер бойынша түрлі кездесулер өтетін еуразия кеңістігінің орталығы болып саналады.

Қаланың негізгі кәсібі сауда болғандықтан, жиі-жиі жәрмеңкелер ұйымдастырылып тұрған

Бүгінгі Арқа төрінде бой көтеріп келе жатқан елордамыздың тарихы патша заманынан, сонау 1830 жылдан бастау алады. Дәл сол жылы Батыс-Сібір губернаторы Вельяминовтың Қараөткел аймағында Ақмола деп аталатын төртінші округ құру жөніндегі бұйрығын орындау үшін қасында екі жүз адамы бар Федор Шубин келіп, қаланың қазіргі орнына қазық қақты. 1830 жылдың 28 мамыр күні басталған қала құрылысы екі жылға созылып, 1832 жылғы 22 тамызда аяқталады.

 

Бұл, әрине, ару Астанамыздың бертінгі «күнделігі» ғана. Көп жағдайларда қаланың сан ғасырлық тарихы бар екенін бажайлай бермейміз. Тарихшылардың айтуына қарағанда, Есіл өңірінде жатқан осы бір қаланың тарихы тым әріге, ашель мустьер заманына кететін көрінеді. Оған Астана маңынан табылған алуан түрлі тас құралдар куә болса керек. Өңір халқы біздің дәуірімізге дейінгі VIII-V ғасырларда егіншілікпен айналысқан. Оған да қала маңынан әлі де табылып жатқан, сол заманға қатысты қола орақтар мен топырақ өңдейтін құралдар дәлел.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published.