Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің техналогиялық картасы «Санта Клаустың сәлемдемесі»


Жұмағазиева  Гауһар Хабижанқызы,

ағылшын тілі пәні оқытушысы,

№30″Жұмбақ” балабақшасы, Атырау қаласы

Тобы: Ересек топ

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: ағылшын тілі

Тақырыбы:  «Санта Клаустың сәлемдемесі»

Мақсаты: ағылшын тілін үйренуге қызығушылықтарын арттыру.

Білімділігі:

  • ағылшын дыбыстарын, сөздерін дұрыс айтуға көңіл бөлу.
  • ағылшын тілін үйренуге деген қызығушылықтарын,танымдық белсенділіктерінарттыру.

Тәрбиелілігі:

  • ағылшын тілін үйренуде балалардың мотивациясын көтеруге әрекет жасау;
  • балаларды ересектермен бірге ойындық жағдайға қатыстыру;
  • эмоционалдық ықыласты, тілектестікті арттыру.

Дамытушылығы:

  • Ойлау, логикалық ойлау, есте сақтау, сөйлеу дағдыларын дамыту, зейіндерін арттыру;
  • қиялдауға, тапқырлыққа дағдыландыру.

 

Пайдаланылған құралдар:

Интерактивті тақта; флипчарт, Power Point бағдарламалары; магнитофон; CD диск; mp4 видео; доп; түрлі-түсті карточкалар; дидактикалық алжапқыш; сандықша, кілт, құлып; жұлдызшалар;

 

Полилингвальді компонент: айна – зеркало – mirror, кітап – книга – book, қарындаш – карандаш – pencil, доп – мяч – ball, қуыршақ – кукла – doll.

 

Әрекет кезеңдері Педагогтің іс – әрекеті Балалардың  іс – әрекеті
Мотивациялық қозғаушы кезең Сәлемдесу:

Good morning everyone!

 

– Are you ready for a brand new day?

Оқытушы әнді бастайды.

Good morning!

How are you?

It’s so nice to have you here with me today.

Good morning!

How are you?

Howdy, How do you do, hello, good day!

Now that were together, learning so much fun,

The more of us the better, so come on everyone!

Good morning!

How are you?

Howdy, How do you do, hello, good day!

Howdy, How do you do, hello, good day!

 

– Thank you, please sit down!

 

Балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінбастамас бұрын, тілімізге жаттығу жасайық. Ол үшін кішкене Рекс атты күшік туралы ертегіні есімізге түсірейік. Енді ҰОІӘ «Аудармашы» ойыны арқылы бастайық. Келісесіңдер ме?

Ендеше ойынымызды бастайық.Let’s start with the game.  (оқытушы әр балаға допты лақтырып бір сөз айтады, допты алған бала оқытушының айтқан сөзінің аудармасын айтып, допты кері лақтырады).

Мысық – a cat, ал ит – бұл a dog,  түлкі– a fox,  бақа- a frog   , тышқан- a mouse, ойыншық- а toy, бала – a boy, ал қыз – a girl,  алма – аn apple, апельсин –аn orange, аю – a bear, қолтырауын– a crocodile, шошқа- а  pig.

/Есік қағылады/

Балалар! Біреу есікті қағады. Бізге сәлемдеме келіпті! «АВСD елінен, Сантаклаустан!» деп жазылыпты. Қане ашып ішінде не бар екенін біліп көрейік.

Бұл жәй сандықша емес сиякты! 5 құлыппен жабылған! Қане хатты оқып көрейікші:

«Құрметті ересек топ балалары!

Сендерге АВСD елінен, Санта Клаус жазып отырған. Маған сендердің білімқұмар және тапсырмаларды орындағанды жақсы көретіндіктерің туралы хабар келді. Мен сендерге сандықшаға сыйлық салып жібердім. Бірақ ол 5 құлыпты сиқырлы сандықша. Әрбір құлыптың өз кілті бар. Кілттерді табу қиын емес, бар болғаны олардың қайда тұрғанын табу керексіңдер. Менің сиқыршы көмекшілерім кілттерді сендердің топтарыңа жасырып қойды. Менің жұмбақтарымның шешуін тапсаңдар, кілттер қайда тұрғанын білесіңдер. Әрбір тапқан кілт арқылы құлыптар ашылады! Сонымен қатар, тағыда құпия бар! Бірақ ол жайында кейін білетін боласыңдар. Сәттілік тілеймін!

Санта Клаус.»

Міне тамаша! Сандықшаның ішінде не бар екені сендерге қызықты ма? Қане кілттерді іздейміз бе?Let’s look for the keys?

 

– Good morning Гауһар Хабижанқызы!

– Yes!

 

 

Good morning!

How are you?

 

 

Good morning!

Just fine!

Howdy, How do you do, hello, good day!

Now that were together, learning so much fun,

The more of us the better, so come on everyone!

Good morning!

Just fine!

Howdy, How do you do, hello, good day!

Howdy, How do you do, hello, good day!

 

Балалар отырғыштарға отырады

 

 

 

Балалар видео жазба арқылы ертегіні айтып, тілдік дыбыстарды қайталайды.

 

 

(Балалардың жауабы)

 

 

 

 

 

 

 

Балалар ойынды ойнайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

(Балалар оқытушымен бірге сәлемдемені ашады, оның ішінен сандықша мен хат алады.)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(Балалардың жауабы)

Ұйымдастырушы ізденуші бөлім Хаттың ішінде жұмбақтар жазылған екен. Бірінші кілтті іздестірейік. Ол жұмбақтың жауабында жасырылған:

Бір сурет бар бөлмеде,

Ұқсайды ол біздерге.

Күлсеңдер егер сендер,

Күледі ол бірге.

(Оқытушы кілтті айнадан шығарады).Балалар айна ағылшын тілінде – mirror[миррә]. Қане қайталайықшы.

Балалар бұл жәй кілт емес! Мұнда тапсырма жазылған. А-а-а-а, Санта Клаустың тағы бір құпия бар дегені осы болып тұр ғо! Егер берілген тапсырманы орындай алсақ, бірінші құлыпты ашамыз!

№1 тапсырма.

«What do you see?» ойыны.

Мақсаты: Жануарларды көлеңкесі арқылы тани білуге, қиялдарын, ойларын дамыту. Үй жануары мен жабайы жануарларды ажырата білуге үйрету. Ағылшын тілінде сөйлем құруға дағдыландыру.

Ойынның шарты:

Экранда жануардың көлеңкесі берілген. Оқытушы балаларға «What do you see?» сұрағын қояды. Балалар «I see …» деп көріп тұрған жануарды атайды. Look at the screen.

Жарайсыңдар, тапсырманы орындай алдыңдар. Міне сендерге бірінші кілт!

(Оқытушы кілттің көмегімен құлыпты ашады)

Енді келесі кілтті табу үшін, жұмбақты тыңдайық:

Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама

 

Балалар кітап ағылшын тілінде – book[бөук]. Қане қайталайықшы.

№2 тапсырма.

Бұл жерде тапсырма мынадай.

«Сандар мен жануарлар пазлы».

Пазлда канша сан көрсетілсе, сонша жануардың суретін қасына сәйкестендіресіңдер.

«Футбол» ойыны.

Экранда футбол алаңы бейнеленген. Қақпада ағылшын тілінде сөз жазылған. Төменде доптар орналасқан. Доптарда суреттер бейнеленген. Доптағы суреттің бірі қақпада жазылған сөздің суреті. Оқытушы қақпада жазылған сөзді оқиды. Балалар сол сөзге сәйкес суретті тауып, интерактивті тақтаның қарындашымен басады.

Тамаша, екінші тапсырманы да орындап шықтыңдар. Міне, кілтті алыңдар! Бізде екі құлып ашылды. Шаршадыңдар ма? let’s have are rest.Қане енді демалайық. Тауып көріңдерші, сендер секілді кілт іздеген, тек жай кілт емес, алтын кілт іздеген ертегі кейіпкері кім?

Қимылдық жаттығу:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Санта Клаустан тағы бір жұмбақ:

Айтып отырсаң, ол жазады,

Сызады және сурет салады, –

Егерде біз қаласақ

Альбомды да бояйды.

Балалар қарындаш ағылшын тілінде – pencil [пенсіл]. Қане қайталайықшы.

Міне, үшінші кілттің тапсырмасы.

№3 тапсырма.

«Дидактикалық алжапқыш»ойыны.

Мақсаты:white, black, red, green, blue, yellow, pink, brown, grey, orange, purple лексикалық бірліктерін бекіту, It is green. It is not pink сөздік үлгілерін жаттықтыру.

Құралдар: түрлі түсті қалташалы алжапқыш, түрлі түсті шаршылар.

Ойынның шарты:

Оқытушы түрлі түсті қалта тігілген алжапқышты киеді. Қалталарына алдын ала әр түрлі түсті шаршылар салынады. Олар түстерімен сәйкес келмеуі мүмкін. Бұл жағдайда балалар, мысалы: «It is red. It is not yellow»деп айтады.

Жарайсыңдар, үшінші тапсырманы да орындадыңдар. Міне, кілтті ұста! Бізге үш құлып ашылды!

Енді, төртінші кілтті табу үшін, келесі жұмбақты шешіп көрейік:

Ұрсаң оны жыламайды,

Зыр жүгіріп домалайды!

Балалар доп ағылшын тілінде – ball[бол]. Қане қайталайықшы.

№4 тапсырма.

Оқытушы балаларға бір-бір доптан алуды ұсынады.  Take the ball. Жай доп емес сияқты қолдарыңдағы, енді алған доптарыңды мұқият қараңдаршы.

Доптарда отбасы мүшелерінің суреттері жабыстырылған. Сурет бойынша балалар «havegot» етістігін қолданып сөйлем құрап, құрған сөйлемін пиктограмма текшелері арқылы көрсетеді.

«Finger family» өлеңі.

(Балалар тапсырманы орындап, кілтті тауып, 4-ші құлыпты ашады).

Бізге соңғы кілтті табу қалды. Ал оны қайдан іздеуге болады, жұмбақты шешіп көріңдер:

Біздің үйде бір қыз бар,

Көзі бар көрмейді

Аузы бар жемейді

Қолы бар ұстамайды

Аяғы бар жүрмейді.

Балалар қуыршақ ағылшын тілінде – doll[дол]. Қане қайталайықшы.

№5 тапсырма.

Міне ол, онда берілген келесі тапсырма – пиктограмма!

Экранда берілген есімдіктер, белгілер және «can», «can’t» модальдік етістіктері бойынша сөйлем құру керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тапсырманы орындап болған соң, балалар 5-ші кілтті алып, құлыпты ашады. Сандықша ашылады.

Балалар, бұл жерде не бар екенін, қараңдаршы!

 

 

 

 

Бұл айна! Бізге айна тұрған жерден іздеу керек!

 

 

 

 

Балалар оқытушыны қайталайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(Балаларберілген тапсырманы орындайды)

 

 

 

 

 

 

 

 

Кітап! Кілтті кітаптар тұратын жерден іздейміз!

(екінші кілтті кітаптар тұрған жерден табады)

Оқытушыны қайталайды.

 

 

(Балалар тапсырмаларды орындайды)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(Тапсырманы орындап болысымен, балалар екінші кілтпен құлыпты ашады)

 

 

 

 

Буратино.

Everybody in. [Moveforward.]

Everybody out. [Move back.]
Everybody turn around. [Turn around.]

Everybody shout, “Hey!” [Jump up and shout, “Hey!”]
Everybody ready? Here we go. [Put your hands on your hips and sway side to side.]
Let’s do The Pinocchio. [Make a Pinocchio nose by putting two fists in front of your nose, and then make it “grow” by moving one hand forward.]
Right arm! [Hold up your right arm as if it were a puppet’s arm.]

Left arm! [Hold up your left arm.]

Right leg! [Hold up your right leg.]

Left leg! [Kick your left leg.]

[Keep your right and left arms up and kick your legs as you dance in and out.]

Everybody in. Everybody out.
Everybody turn around. Everybody shout, “Hey!”
Everybody ready? Here we go.
Let’s do The Pinocchio.
Right arm!
Left arm!
Right leg!
Left leg!
Chin up! [Nod your head up and down.]

Turn around! [Spin.]

[Keep your right and left arms up, kick your legs, nod your head and turn around as you dance in and out.]

Everybody in. Everybody out.
Everybody turn around. Everybody shout, “Hey!”
Everybody ready? Here we go.
Let’s do The Pinocchio.
Right arm! [Hold up your right arm.]
Left arm! [Hold up your left arm.]
Right leg! [Kick your right leg.]
Left leg! [Kick your left leg.]
Chin up! [Nod your head up and down.]
Turn around! [Spin.]
Sit down! [Sit down.]

(Балалар өлеңді айтып, қимылдарын орындайды.)

 

Бұл қарындаш! Кілтті қарындаштар орналасқан жерден іздеу керек!

 

Балалар оқытушыны қайталайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бұл доп! Ал доптар бізде дене шынықтыру бұрышында. (Кілтті табады)

Қайталайды.

 

 

Балалар бір-бір доптан алады.

 

Доптарды қарайды.

 

 

 

 

 

Тапсырманы орындайды.

 

Балалар өлеңді айтады.

 

 

 

 

 

 

(Балалар жауабын табады: қуыршақ. Кілтті табады.)

 

 

 

 

Қайталайды.

 

 

Балалар интерактивтік тақтаның қарындашының көмегімен берілген белгілерді жылжыту арқылы сөйлем құрады.

Содан кейін барлығы «I can swim like a fish» өлеңін қимылдарымен орындайды («Қолтырауын Гена» өлеңінің әуенімен).

I can swim like a fish,
(
Қолдарымен толқын жасайды.)
I can run like a rabbit,
(
Орындарында жүгіреді.)
I can jump like a little kangaroo.
(
Секіреді.)
I can sing like a bird,
(
Флейтада ойнағанай қимыл жасайды.)
I can walk like a cat,
(
Мысықтың жүрісін салады.)
I can climb like a monkey in the zoo.
(
Маймылдаң ағашқа өрмелегенін көрсетеді.)
I can do it, he can do it,
(
Сұқ саусағымен өзін көрсетеді, кейін ер баланы.)
She can do it, too, too, too!
(
Қызды көрсетеді.)
We can do it, they can do it.
(
Қолдарын жан жаққа жайып, барлығын көрсетеді.
Сұқ саусақпен арт жақты көрсетеді.)
Andwhataboutyou?
(
Қолдарын алға соқып, түсіреді).

 

 

 

Кітап!

Рефлексивті коррекциялаушы бөлім Санта Клаусқа рахмет! Біз оны кітап бұрышындағы сөреге салып қояйық, кейін ағылшын тілі ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті болғанда қолданатын боламыз! Балалар, айтыңдаршы, ендерге бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде Санта Клаустың тапсырмаларын орындаған ұнады ма? Қай тапсырма көбірек ұнады? Қай тапсырманы орындауда қиындықтар болды?

Барлықтарың жарайсыңдар!Very well!

(Балалардың жауабы)

 

Күтілетін нәтиже:

Ұлыбритания елінің мерекесі, Санта Клаус  туралы білу.

Ойлау, логикалық ойлау, есте сақтау, сөйлеу дағдыларының болуы.

Педагогтың қойған сұрағына түсініп жауап беру,  ағылшын тілінде әндерді орындай алу.

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *