Интеллектуальная игра «Елім менің»


Маниярова Гульжаз Танатаровна

Учитель казахского языка

КГУ Детский дом «Умит»  г. Усть-Каменогорск

Мақсаты:                                                                                                                  

 

  • Оқушылардың сайыс сабақ арқылы білімділігін арттыру.
  • Танымдық ой-өрісін, қызығушылығын дамыту.
  • Ел тарихын тани білуге құрметтеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: видео проектор, слайд,

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Өтілу барысы

Елім менің думанына қош келдіңіздер! Өз білімдерін ортаға салуға екі топ келіп отыр. Ал оларды баптап бәйгеге қосып келетін  екі топ басшысы сіздердің алдарыңызда. Оң қанаттың топ басшысы ( топ басшысының есімі аталады)  қарсы алыңыздар.

Сол қанаттың топ басшысы ( топ басшысының есімі аталады)   қарсы алыңыздар.

Кезекті өздеріңізге берейін, топта кімдер бар?

Екі топ басшысы өз ойыншыларымен таныстырады.

Үлкен рахмет екі топқа да сәттілік тілеймін! Және де мен ойынның жүргізушісі ( жүргізуші  есімі аталады)

Ойынның жеңімпаздары бүгін бағалы сыйлықтарға ие болады.

Олай болса жеңімпаздар жүлдесін ортаға әкелсін.

Ортаға кітаптар әкелінеді

Кітаптан қымбат сыйлық жоқ. Ендеше қанжаға майлансын дей келе екі топқа сәттілік тілейміз.

Білім сайысы 6 айналымнан тұрады. Әр айналым ережесіне нақтылы тоқталып отырамыз. Ал әзірге алғашқы айналымды бастаймыз!

1- айналымда қарама-қарсы тұрған екі топ жекпе –жек сайысқа түсетін болады. Мен сұрақты оқып, белгі бергеннен кейін,  жылдамырақ қол көтерген ойыншы жауап беру құқығын алады.

Сұрақтар ел тарихында ерекше орын алған оқиғалар, тұлғалар туралы болмақ.

Дұрыс жауап бір ұпаймен бағаланады. Ендеше теле экранға назар аударайық.

 «Сұлтан Бейбарыс» киносынан үзінді.

Болат Мансұрыптың 1989 түсірілген «Сұлтан Бейбарыс»киносы болатын.

Құлдықтан шығып билікке қол жеткізген қыпшақ Бейбарыс жайлы.

1Сұрақ  Бейбарыс Сұлтанның жарлығы бойынша әмірлер әр жұма сайын

алаңға жиналып қандай сусын ішкен?

Сіздің ойыңызша қымыз қабылдаймын жауабыңды

Дұрыс жауапты экраннан тамашалайық.

Жусанның иісі,қымыздың дәмі, көке деген сөздер Бейбарыс Сұлтан үшін ерекше маңызды болған екен. Әрине қымыз.

«Балалық шағымның аспаны» киносынан үзінді.

Бұл «Балалық шағымның аспаны киносынан үзінді. 2011 жылғы режиссёр Рүстем Әбдірашевтің Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық және жастық шағы жайында түсірген көркем фильмі.

2 Сұрақ Сендер жаңа көрген үзіндіде Нұрсұлтан Назарбаетің әкесі  атадан балаға жалғасып келе жатқан қазақтың тәрбиелік дәстүрінің бірі, ата-бабаларының ұрпағын білуді міндеттеген. Әкесі баласына не туралы айтады?

Әрине жеті атасын білуді міндеттеген екен.

3 Сұрақ  Сұлтан Аламан бәйгеден жеңіп, жүлдеге не алды? Және оны кімге сыйлады.

Әрине кілем ұтып алып,оны көршісіне сыйлаған екен.

ұпай саны :

Ән жасыру «Нұр-Аға» (Ермек Жұматаев)

2-айналым

Ана тілің арың бұл

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте

Тілді білу елді тану. Сондықтан 2- ші айналым қазақ тіліне айналады. Оқушылардың сауаттылығын сынға салатын боламыз.сөздердің дұрыс айтылуын тексеріп аламыз. Дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.

І топқа                                ІІ топқа

1.жаңалық                             1 таңертең

2.қараңғы                               2.жаңғырық

3.қыркүйек                            3.сыйлық

ұпай саны:

3- айналым тұрақты сөз тіркестеріне арналады.

Қазір экран арқылы сөз тіркестері беріледі. Сол тіркестің мағынасын, баламасын дұрыс тапқан топқа бір-бір ұпайдан беріп отырамыз.

1-топ дайын болыңыздар, сіздерге арналады.

1.Төбесі көкке жетті (қуанды)
2. Ине шаншар жер жоқ (бос жер жоқ)
3. Қой аузынан шөп алмас (жуас)
  2-топ дайын болыңыздар.

  1. Қабағынан қар жауды (ашуланды)
    2. Бетінен оты шықты (ұялу)
    3. Ит өлген жер (алыс)
    Алда келе жатқан топ жарйсыңдар!

Сіздерге екі ұпай алуға мұмкіндік бар. Жасырылған өлеңді тауып көрелік. Жауабы: «Көк тудың желбірегені» (Ибрагим Ескендір)

4-айналым

Тарихта бар адамдар немесе әдеби кейіпкерлер туралы бір-бірлеріңізге сұрақтар қоясыздар.

1-топ

– 4 жігіттен тұратын квартет (жігіттер квартеті)

– Әлемнің екінші ұстазы (Әбу Насыр Әл-Фараби)

– Суперстардың алғашқы жеңімпазы. (Алмаз Кішкенбаев)

– 48 медаль иеленген Қазақ балуаны (Қажымұқан Мұңайтпасов)

–  Өскемен қаласының тумасы үш рет қарғып секіруден медаль алған ( Ольга Рыпакова)

2-топ

– Күйші апмыз (Дина Нүрпейісова)

– Қобыздың атасы (Қорқыт)

– «Базар жоқ» бағдарламасының басшысы (Тұрсынбек Қабатов)

– «Балалық шағымның аспаны киносының басты кейіпкері (Нұрсұлтан Назарбаев)

-Бұл-бұл әншіміз (Бибигүл Төлегенова)

     5- айналым

Бұл айналымда ойыншылардың әдебиет саласында білімдерін тексеріп аламыз.

Сіздерге танымал жандардың поэмаларынан үзінді берілетін болады. Авторын дұрыс тапсаңыздар 1 ұпай беріледі.

                      1-топ

Аристотель хәкімге патша келді:
– Мына сүйек қазынаның бәрін жеңді.
Бұл сүйекті басарлық, нәрсе бар ма?
Ақылыңмен ойланып тапшы! – деді.
Хәкім жерден топырақ алып барды,
Бір уыстап сүйекке шаша салды.
Ана басы сылқ етіп жерге түсіп,
Сүйек басы жоғары шығып қалды.

Жауабы: Абайдың. Ескендір (Поэма)

2-топ

-Әй, балам!..
Болмады ғой, болмады ғой…
Қасиет кетті Көлден, сорлады ғой.
Тәуіптің айтқанының бәрі өтірік,
Атқа мін, ауылға қайт, олжаны қой!..
Мін атқа. қайт ауылға тағат қыл да,
…Білмеймін, cop аттың ба, бақ аттың ба?!
Аққуға кезенерде, ырым жасап,
Тым құрса саусағыңды қанаттың ба?

 Жауабы: Мұқағали Мақатаев. Аққулар ұйықтағанда (Поэма)

6-айналым

Соңғы 6- шы айналым алдыңғы бес белестің тобықтай түйіні. Әр ойыншыға екі әріп тиесілі, сұраққа жылдам жауап беру керек, әр дұрыс жауап 1 ұпай

1-топ:                                                                                

О Л Ы Б А С А Р

«Болашақ» тобына 1-топтың сұрағы:

1.Нанды баспа обал болады

  1. Балатілі бал
  2. Бері тартса өгіз өледі  Әрі тартсаарбасынады
  3.  Ақыл жастан       Асылтастан
  4. Біржанмен айтысқан қыз Сара

2-топ:

А Р А Ж Т Қ Л

1.Біреуге жала жаппа

2.Көмірдің түсі қара

3.Астана әсем қала

4.Үлкен кісі немесе атаны кім дейді қарт

5.Ескі жара аузын тырнады

Қорытынды:

Жеңімпаз топты марапаттау.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *