Шаңғы дайындығы бөлімі бойынша 6 «Ә» сыныбындағы № 57 сабақтың жоспары “Конький тәсілімен жүру (таяқсыз)”


Кантеев Галым Алкенович

Астана қаласы №69 мектеп-гимназиясының мұғалімі

Сабақтың типі: оқу-жаттығу

           Сабақтың мақсаты: оқушының дене мәдениетін қалыптастыру, өз денсаулығын сақтау барысында оқушылардың бойында тұрақты мотивтер мен қажеттіліктерін қалыптастыру, физикалық және психикалық қасиеттерінің толық дамуын, салауатты өмір салтын ұйымдастыруда дене шынықтыру құралдарын шығармашылық қолдана білуін қамтамасыз ету.

           Сабақтың міндеттері:

           А) оқушыларды жеке ерекшеліктері мен қоршаған орта жағдайын ескере отырып жүріс түрін дұрыс таңдауға, конький тәсілімен жүруге үйрету;

           Б) икемділік және тепе-теңдік сапаларын дамыту;

           В) оқушыларды дистанция ұзақтығын, жер бедерін, дайындық деңгейін ескере отырып жүріс жылдамдығын таңдай және сақтай білуге ықпал ету, қауіпсіз және салауатты өмір салтының құндылықтарын қалыптастыру;

           Өткізілу орны: мектеп шаңғы жолы

           Өткізілу уақыты:10.І.2016 жыл

           Жабдықтар: шаңғы, жалаушалар, белгі кеглилері

Өткізген мұғалім:  Кантеев Галым Алкенович

 

Денешынықтыру сабағының  шаңғы дайындығы бөліміне арналған қауіпсіздік ережесінің  № 3 нұсқауы

Сабақ бөлімі Сабақтың мазмұны Мөлшер Әдістемелік нұсқаулар
Кіріспе бөлім

(10′)

1.  Сапқа тұрғызу. Рапорт тапсыру.

 

2.  Сабақтың мақсатын түсіндіру.

 

3.  Сатылап тұрғызу

 

4.  Шаңғыларын кию.

 

 

5.  Саптағы жаттығулар шаңғымен.

a)                        аяқ ұшын айналып бұрылу

b)                       аяқ өкшесін айналып бұрылу

c) сілтей 180 градусқа бұрылу

1-1,5’

 

 

30’’

 

 

1-1,5’

1-1,5’

 

 

4’

2-3 рет

 

 

Спорт киіміне назар аудару.

 

 

 

 

«Алты, үш, бір орнында САНАЛ!». «Рет санымен адым БАС!».

Бір адамдай істеу. «Шаңғыны ҚОЙ!», «Шаңғыға ТҰР!».

 

«Өкшемен оңға (солға) жұлдызша ЖАСА!».

«Аяқтың ұшымен оңға (солға) жұлдызша ЖАСА!».

«Оңға (солға) аттап БҰРЫЛ!»

Шаңғыны дұрыс киюін қадағалау.

Негізгі бөлім

(30′)

6.  Конький тәсілімен жүру (таяқсыз)

Орнында алдын-ала дайындық жаттығулары:

a)    Оң (сол) аяқта тұру;

b)    Оң (сол) аяққа секіру;

c)     Бұрылудың имитациясын жасату

d)    Конькише жүрістің имитациясын жасату.

Қимыл кезінде алдын-ала дайындық жаттығулары:

a)     «Самокат» (жартылай конькише) бір тіреулі еркін сырғанау (оң (сол) аяқта);

b)    екі аяқпен бір тіреулі кезек сырғанау;

c)      Брасс тәсілімен жүзгендей қолдың қимылымен сырғанау;

d)    Аяқ пен қолды үйлестіріп сырғанау.

e)      Имитациясын көрсету

7.          Шаңғымен қарлы жерде өз бетінше үйреу

8.  «Кім жылдам?» ойыны. (қолжалғау)

4

 

 

4′

 

 

10’’

10’’

10’’

10’’

 

10′

10 метр

 

 

 

 

 

 

 

 

10’

 

6’

 

 

 

Жаттығу таяқсыз өтеді;

Өзім көрсетіп тұрамын;

«Оң (сол) аяқта ТҰР!»;

«Оң (сол) аяққа СЕКІР!»

«Оңға (солға, артқа) БҰРЫЛ!»;

1

Қолың қимылын көрсету;

Аяқ сәл алдыға қойылады

Үш лекке тұрғызу.

 

«Алты, үш, бір орнында САНАЛ!».

Қорытынды бөлім  (5′) 1.  Шаңғыларын шешіп, қардан тазалап тапсыру.

2.  Сапқа тұрғызу

3.  Сабақтың қорытындысын жасап бағалау.

4.  Ұйымдастырып қайтару

2′

 

20’’

1,-1,5′

 

1,-1,5′

 

«Шаңғыны ШЕШ!», «Шаңғыны ҚОЙ!».

«Бір қатарға САПТАЛ!».

 

 

«Соңымнан адым БАС!».

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *