Математика пәнінен сабағы (2-сынып) “Қайталау”


Атырау  облысы Құрманғазы  ауданы Ганюшкин  ауылы

Абай атындағы жалпы орта мектебінің 

бастауыш  сынып  мұғалімі

Байменова Гүлбағила  Ғизатқызы

Мақсаты: 1.Өткен материалды қайталау және бекіту, жазбаша көбейту мен бөлуді меңгеруге дайындық жасау.

  1. Оқушылардың ойлау қабілетін, есте сақтауын, пәнге қызығушылығын, тез әрі дұрыс есептеу дағдысын дамыту.
  2. Құстарды аялауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Әдісі: түсіндіру, талдау, сұрақ – жауап, іздену.

Сабақтың барысы:  І. Ұйымдастыру кезеңі: 

Психологиялық дайындық

Оқып, білім аламыз,

Біз көңілді баламыз.

Математика пәнінде

Тапқыр, алғыр боламыз.

ІІ.   Өткен материалды еске түсіру:

«Ия-жоқ» ойыны

  • 10 мен 5-тің көбейтіндісі 30-ға тең
  • 101 мен 2-нің көбейтіндісі 202-ге тең
  • 606 мен 3-тің бөліндісі 201-ге тең
  • 40 саны 5-тен 8есе артық
  • 6 саны 42-ден 6 есе кем
  • 203 пен 42-нің қосындысы 245 –ке тең
  • 430 бен 30-дың айырмасы 410-ға тең

–   122 мен 2-нің көбейтіндісі 245-ке тең

ІІІ. Жаңа сабақ

  1. «Ой шақыру »
2 3 5 6 4 1
Ө К Е М Т К

Көктем мезгілі, оның ерекшеліктері, құстар  туралы айту.

Көктемде табиғат ана оянады, қыстың қары еріп, құстар жылы жақтардан қайта оралады.Ағаштар бүршік жарып гүлдейді. Көктем мезгілі қандай тамаша! Табиғат-ана құлпырып, құстар келіп сайрап, жан-жануарлар қыстап аман-есен шығып, қуанып жатқан мезгіл. Көктем – жылы күндердің, жаз шырайының хабаршысы.

Жұмбақ шешу.

Көктемде ерте келетін,

Біз ұя жасап беретін

Ол қандай құс?     Қараторғай  

№ 1   «Кім алғыр?»   

67 және 367       91 және 632       845 және 47

331 және 667     445 және 889     632 және 35

–   Сандарда барлығы неше ондық бар ?

– Бір санның ондықтары екінші санның ондықтарының санынан        неше есе артық немесе кем?

Қашаудай мықты тұмсығым
Бәсеке тігем бұл шыным
Құрт,қоңыз,аулап жарысам
Орман дәрігері боп табылам       Тоқылдақ

Новый рисунок (4)

Сергіту сәті

Құстар,құстар келеді
Жерді шуға бөледі
Көктем келді деп бізге
Жақсы хабар береді.

Қарлығашқа ұқсайық,
Қане қанат жаяйық.
Қарлығаш боп ұшайық,
Ұшып-ұшып қонайық.

 

Қызығып әр адам
Ұстап ап даладан
Жүнінен жұлып ап
Бесікке қадаған         Үкі
 № 4 Теңдеулерді шеш

х + (230 – 25) = 450           280 + х = 100 * 6

х + 205 = 450                     280  + х = 600

х = 450 – 205                      х = 600 – 280

х= 245                                 х = 320

245 + ( 230 – 25 )= 450      280 + 320 =100 * 6

450 = 450                            600 = 600

Көк жүзiнде жылжып жай,

Керуен құрған тiзiлiп,

Iлгек-iлгек шынжырдай,

Қалмайды олар үзiлiп    Тырналар

№ 7 Есепті шығар

Трактор 8 сағ. – 56 л жанармай                     1) 56 : 8 = 7(л ) трактор

Экскаватор 8 сағ. 72 л. 1 сағ ?л артық          2) 72 : 8 = 9 (л) экскаватор

3) 9 – 7 = 2 (л)       Ж: 1 сағ 2 л артық.

Қалқып тұрып аспанда,

Үн шығарып сан қилы,

Өнерiне басқанда,

Тұла бойың балқиды.  Бозторғай

№ 9 АВСD тік төртбұрышының ауданын тап.

Шешуі: (3 ∙ 5) ∙ 3 = 45(см2)

(3 ∙ 3) ∙ 5 = 45 (см2)

Бiр – ақ сөз бiледi,

Өз аты онысы.

Соны айтып жүредi.

Және жоқ қонысы.  Көкек

№11 Математикалық диктант ( Жауабын ған жаз )

70*2       74*2       80 * 3     83 * 3      40 * 4      42 * 4

70 * 5      71 * 5    30 * 7    31 * 7      50 *8       51 * 8

140 , 148, 240, 249, 160, 168

350, 355, 210, 217, 400, 408

ІV. Бекіту.    Тест жұмысы

1.Көбейтіндінің  мәнін тап.  213 * 2 =

    А. 326       В. 426       С. 564

  1. Теңдеудің мәні нешеге тең? Х * 3 = 600

   А. 200        В. 300        С. 1000

  1. Минутпен өрнекте 5 сағат =        мин

А. 500 мин      В. 36 мин      С. 300 мин

  1. Өрнектің мәні нешеге тең? ( 123 * 2 ) – 6 =

А. 240        В. 760      С. 840

  1. Қалдықпен бөлуді орында 23 : 7

А. 4 (1)        В. 3 (2)        С. 3 (1)

  1. Қорытындылау, бағалау. Үйге : № 6, №8- 235 бет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *