Баяндама “Театрлық іс – әрекет арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін дамыту”


Нұрбаева Майра Жұмабайқызы

Атырау қаласы №30 “Жұмбақ” балабақшасының әдіскері

               Алғы сөз

                                                                                   «… театр өмірінің ұрығы елдің әдет-

                                                                         салтынан, ойын-сауығынан, ән-күй, өлең-

                                                                         жырынан басталған. Театр өнерін

                                                                         туғызатын жайлы топырақ, қолайлы шарт

                                                                         елдің өз денесінен шыққан.»

                                                                                                              Мұхтар Әуезов

 

Мектепке дейінгі мекемедегі педагогикалық үрдісте ойынның рөлі ерекше екендігі белгілі. Өйткені мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс әрекеті ойын болып табылады.

Бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ал ойынның өзі бірнеше түрде бөлінеді: дидиактикалық, қимылдық, сюжеттік т.б. ойын мазмұны жағынан толысып дамып, дәстүрлі жалғасып келеді. Ойын еш уақытта да дамудың бір сатысына жеткенде тоқтап қалмайды, жетіле түседі. Сәбилерге де, ересектерге де арналған ойындар бар, олар адам өмірінің әр кезеңін қамтиды. Ойын тәрбиенің барлық саласымен, өнермен ұштасып жатады. Әртістердің сахнада өнер көрсетуі- ол да ойынның бір түрі. Ал адамдар театырға барып спектакль көріп, одан рухани ләззат ала отырып, жағымды, жағымсыз бейнелерді талқылайды. Театр – тәрбие ошағы.

Десек те, театырлық ойындырдың мәнін әлі де аша алмай келеміз. Өйткені бүгінгі таңда республика көлеміндегі балабақшаларда театырлық ойындарға деген сұраныс болғанымен, нақты әдістемелік нұсқау жоқ. Міне, тақырыбымның да сонылығы, көкейтестілігі де осында.

            Театр – балаларға түсінікті өнер түрі, ол қазіргі педагогика мен психологиядағы:

  • эстетикалық талғамын қалыптастыруға;
  • адамгершілік тәрбиесіне;
  • тұлғаның коммуникативті сапасын дамытуға (қарым- қатынастың түрлерін үйрету);
  • ерік- жігерін тәрбиелеп, ес, қиял, тілін (диалог және монолог) дамытуға мүмкіндік береді.

Ең бастысы, театр баланың рухани және шығармашылық қарымын ашады және оның әлеуметтік ортаға бейімделуіне шынайы мүмкіндік береді.

            Театрлық ойын – мектепке дейінгі балалар ойының бірі бола отырып, адамгершілік мәндегі әдеби не фольклорлық шығармаларды түсіндіру және осы ойынға қатыстыру барысындағы әлеуметтендірудің тиімді құралы болып табылады. Бұл ойын ұжымдық сипатта болады және жағымды өзара әрекет тәсілдерін меңгеруге, достық, жолдастық сезімдерін дамытуға қолайлы жағдай жасайды. Театрлық ойындарда эмоциональдық дамуы жүзеге асады: балалар кейіпкердің сезімі, көңіл күйімен танысады, олардың сыртқы келбетін сипаттай отырып, себебін түсінеді. Тіл дамыту үшін де (диалогты және монологты сөйлеуді қалыптастыру, көркем мәнерлі тілін жетілдіру) театрлық ойындардың маңызы зор. Ақырында театрлық ойындар баланың өзін танып көрсету және өз қабілетін іске асыру құралы болып табылады.

Соған қарамастан мектепке дейінгі мекемелерде театрлық ойындардың даму қарқыны жеткілікті жүзеге асырылмай келеді. Оны ойынды ұйымдастыру тәсіліндегі

екі қарама-қарсы себеппен түсіндіруге болады. Бірінші себепке сәйкес театрлық ойындар мерекелерде ең бастысы «көрініс» ретінде пайдаланылады. Жақсы нәтижеге жету үшін жеке не ұжымдық дайындықтарды педагогтар балалармен бірге мәтінді ғана еғмес, дауыс екпінін және қимыл- қозғалысты жаттауға мәжбүр болады. Баланы «жақсы әртіс» болуға үйренеді. Нәтижесі қандай десеңші, көрініс қойылды, көреремендерге ұнады. Бірақ осылайша меңгерту дағдысы балалардың еркін әрекетіне кешірілмейді. Әрине- көрініс, көрініске дайындықтың өзі де ойынға ұқсамайды.

            Мақсаты: театырлық әрекеттер арқылы балаларлдың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

            Міндеттері мен әдістері:  балаларды театр түрлерімен таныстыру; балалардың шығармашылық түрлерін жас ерекшеліктеріне қарай кезең-кезеңмен меңгеруі; сөйлесу тілі мен дауыс екпінін дамыту жөніндегі жұмыс; ұжымдық әрекеттер, өзара әрекет.

Бұл міндеттердің шешілуі педагогикалық кеңестерде, семинар практикумдарда және т.б. қарастырылады.

Театырлық қызметтің мазмұны:

  • қуыршақ театрының қойылымдарын көру және талқылау;
  • балалардың әлеуметтік- эмоциялық дамуына арналған жаттығулар кешені;
  • түзетімдеу- дамытушы ойындар;
  • дауыс ырғағын қалыптастыруға арналған жаттығулар (артикулярлық гимнастика);
  • қолдар қозғалшықтығын дамытуға арналған тренингтер;
  • ымдауды, мимимканы қалыптастыруға арналған жаттығулар;
  • театрлық этюдтер;
  • әртүрлі ертегілер қойылымы;
  • ертегіні драмалау құралдарымен (ымдау, қозғалыстар, сахналық көрініс және т.б.)жұмыс.

Театрлық әрекеттерге тек балалар, тәрбиешілер ғана емес, сондай-ақ аналар да белсенді қатысады.

Шығармашылық, артистік қабілеттіліктерді дамытуға оңды ықпал ету, балалар қиялының даму ерекшеліктерін дәл ақындау  және олардың даму деңгейін дұрыс бағалау үшін жұмыс нәтижелерін тіркеп отырған жөн. Мысалы:

  • диагностика (қазан-қаңтар-мамыр);
  • қуыршақ театры спектакльдерін көрсету;
  • ертегілерді драмалау;
  • шаралар ұйымдастыру (жыл бойы);
  • театр ойынын мектепке де»інгі ұйым (бұдан әрі – МДҰ) бағдарламасымен сәйкестікке келтіру.

          Көздейді:

  • психофизикалық қасиеттердің (мимика, пантомимика), психикалық үдерістердің (қабылдау, қиял, ойлау, жад, зейін және т.б.), сөйлесу тілінің (монолог, диалог), шығармашылық қабілеттердің (еліктеу, бейне жасау, өзіне рөл таңдау) дамуын;
  • балалардың театрлық ойындарға қатысуын: өлеңдер, жұбаныш ойындары, қысқа қойылымдар; қуыршақтарды, ойыншықтарды және басқаларын пайдалана білуді (бибао, көлеңкелер, саусақтар, фланелеграфтар);
  • театрлық тәжірибені молайтуды: театр және оның тарихы, мамандары туралы; киім үлгілері мен сөздігі туралы білімді;
  • ата-аналармен бірге қуыршақтарды, ойыншықтарды, бетперделерді, киім үлгілерін таңдау мен дайындауды, ата-аналар театрын- «Біздің театрды», «Отбасылық театрды» құруды, Театр күнін бірге атап өтуді.

Театрландырылған ойындардың сипатты ерекшеліктері мазмұндарының әдеби немесе фольклорлық негізде және көрермендерінің болуы болып табылады. (Л.В.Артемова, Л.В.Ворошина, Л.С.Фурмина және басқалар). Оларды топқа: драмалау мен режисерлікке бөлуге болады.

Драмалау ойындарында  бала рөлді «артист» ретінде орындай отырып, ау-ани және ауани емес көркемдік құралдар кешенінің көмегімен бейнені өздігінен жасайды. Бұл жерде суырып салудың орын алуы мүмкін, ол тек мәтінге ғана емес , сондай-ақ сахналық көрініске де қатысты болуы мүмкін.

           Режисерлік ойында «артистер» ойыншықтар немесе оның орынбасарлары болып табылады, ал бала қызметті  «сценарийші және режиссер»  ретінде ұйымдастыра отырып, артистерді басқарады. Кейіпкерлерді дыбыстай және сюжеткетүсініктеме бере отырып, ол әртүрлі ауани және ауани емес құралдарды пайдаланады, бұл жерде дауыс екпіні мен мимика неғұрлым маңызды болмақ.

Л.В. Артемова режиссерлік ойындарды балалар бақшасында пайдаланылатын театрлардың алуан түрлілігіне сәйкес: үстелүстілік, жазықтық, бибао, саусақтық, қуыршақтық, көлеңкелік және басқалар деп жіктеуді ұсынады.

Театрландырылған ойынды дамытудың негізгі бағыттары

    Жасы кіші мектеп жасына дейінгі балалармен- баланың театрландырылған қойылымды ересек адамның орындауын бақылаудан біртіндеп дербес ойындық қызметке көшуінен; жеке және «қатар ойнаудан» рөл ойнайтын 3-5 құрдасынан тұратын топта ойнауға; фольклорлық және әдеби кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне еліктеуден кейіпкердің негізгі эмоцияларын беруді және ойын- драмалауда қарапайым «үлгілік» бейнені жасау ретінде рөлді игерудің үйлесіміндегі еліктеуге дейін өтуден тұрады.

   Орта жастағы мектеп жасына дейінгі балалармен– баланың «өзі үшін» ойынынан көрерменге бағдарланған ойынға қарай біртіндеп өтуден; ең бастысы үрдісті де, нәтиже де маңызды болатын ойынға; тақылеттес («параллель») рөлдерді орындайтын құрдастарының шағын тобындағы ойыннан рөлдік позициялары әр түрлі (тең  құқықты, бағыну, басқару) 5-7 құрдасының тобындағы ойынға; ойын- драмалауда жай «үлгілік» бейнені жасаудан кейіпкердің эмоциялары, көңіл- күйі, жағдайы, олардың алмасуы үйлесетін біртұтас бейнені жасауға дейін өтуден тұрады.

Жасы үлкен мектеп жасына дейінгі  балалармен – баланың бір әдеби немесе фольклорлық  мәтін бойынша ойынынан баланың сюжетті еркін құруы түсінілетін ойынға біртіндеп өтуден, онда әдеби негіз оны баланың еркін түсіндірмелеуімен үйлеседі немесе бірнеше туынды біріктіріледі; кейіпкер ерекшеліктерін беру үшін көркемдік құралдар пайдаланылатын ойыннан кейіпкер бейнесі арқылы өзін-өзі білдіру құралы ретіндегі ойынға; орталық «артист» болып табылатын ойыннан «артист», «режиссер», «сценарийші», «безендіруші», «киімші» позициялары болатын кешен ұсынылатын ойынға , алайда бұл кезде әрбір баланың қалауы жеке қабілеттіктері мен қызығушылықтарына байланысты оладың біреуіне түседі; театрландырылған ойыннан жеке тұлғаның өзін- өзі көрсетуі мен қабілеттіліктерін іске асыру құралы ретінде театрлық- ойындық қызметке дейін өтуден тұрады.

Осылайша ұйымдастырылған жұмыс театрландырылған ойынның шығармашылықтың әралуан түрлерінде баланың өзін-өзі мүмкіндіктерін іске асыруына, құрдастарының тобында өзін-өзі бекітуге жағдай жағдай жасайтын болады. Ал МДҰ- дағы мектеп жасына дейінгі балалардың өмірі ойын мен өнердің әр түрлерін кіріктіру есебінен қызғылықыты бола түседі, олар театрландырылған- ойындық қызметтен өз көрінісін табады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *