Урок по теме “Квадрат ұшмүшені көбейткіштерге жіктеу”


Жуманова Жанар Набиевна

алгебра мұғалімі

Ақжар ауданы,

Горьков орта мектебі

Сынып   8 А Мерзімі:
Сабақ тақырыбы:  Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу.
Мақсаты: Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеуді біледі.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу формуласын кез келген жағдайда есеп шығару барысында қолдана алады.
Ресурстар 8 сынып алгебра оқулығы,  бағалау бетшелері, карточкалар.
Тапсырмалар 1.     Ұйымдастыру

2.     Өзіндік жұмыс (тест)

3.     Ауызша жаттығулар.

4.     Деңгейлік тапсырма.

5.     Тренинг.

6.     Шығармашылық тапсырма.

7.     Қорытындылау, бағалау.

8.     Рефлексия.

Жүргізілетін жұмыс.
Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
2 мин 1.Ұйымдастыру.

Сабақ тақырыбы және  мақсатымен таныстырады. Бағалау бетшелерін таратып.

 

сабақ тақырыбымен және мақсатымен танысады.

5 мин 2. Өзіндік жұмыс (тест).

Квадрат теңдеуді шешіңдер.

1) х2+3х+2=0.

А) -2; 1.   В)-2;-1.  С) 2;1

2) –х2+6х-8=0.

А) -4;-2.   В) 4;2     С) -4;2

3) 3x2+5х-2=0.

А) 2;-1/3;  В)-2;1/3   С) -2/3;-1

4)9x2-6х+1=0.

А)-1;-3    В)1/3;0      С) 1/3

5) x2=х+30

А)-5;-6     В)-6;5      С)-5;6

Берілген теңдеулерді шешіп, жауаптарын көршілері тексереді (дұрыс жауаптары тақтада), критерий бойынша баға қояды:

1 дұрыс –1ұпай.

7 мин 3. Ауызша жаттығулар.

1) Квадрат теңдеуді көрсетіңдер:

х4-2,5х+7=0;  3,2х+5=0;   3х2+0,1-5х=0

2) коэффициенттер мен бос мүшені атаңдар:

2-41=0;   x2-9х-12=0;    6х2=0

3) теңдеудің дискриминантын табыңдар:

2+5х-2=0;     5х2-12х+8=0;

-4х2-12х+7=0

Тапсырманы орындау барысында «көтерілген қол» ережесін пайдаланады.

1 дұрыс жауап – 1 ұпай

10мин 4. Деңгейлік тапсырма.

І деңгей.  №231(1), №232 (3).

ІІ деңгей  №235 (4), №236(4)

ІІІ деңгей №237 (3)

 

Деңгейлік тапсырманы орындай отырып ұпайлар жинайды:

І деңгей тапсырмалары: 1 ұпай.

ІІ деңгей  – 2 ұпай

ІІІ деңгей – 3 ұпай

2-3мин 5. Тренинг: екі түсті фломастер

 

Шеңбер жасай отырып бір біріне бірінші қызыл түсті соңынан көк түсті фломастерді береді. Беру кезінде сұрақ қойылады: Бүл не? Қандай түсті?
15мин 6. Шығармашылық тапсырма.

Көбейткіштерге жіктеңдер:

а) х4-13х+36

б) х4-5х+4

в) х7+9х6+20х5

г) х9-5х8+6х7

д) 5х2-2ах-3а2

Оқушылар  шығармашылық тапсырманы

орындап, бірін-бірі тексереді.

2мин Қорытындылау, бағалау.

Сұрақ-жауап ретінде алгоритмді еске түсіреді, үй тапсырмасы беріледі.

Бағалау бетшелеріндегі ұпай сандары бойынша критерийді қолданып бағалайды.

19-21 ұпай – «5»,  15-18 ұпай – «4», 10-15 ұпай – «3»,  10 кем – «2»

1мин  Рефлексия  “Интервью„.

1) Сізге сабақ  ұнады ма?

2) Сабақтың қай мезгілі ұнады?

3) Сіз не үйрендіңіз?

4) Сабақтан не алдың?

5) Сабақтың несін өзгерту керек деп ойлайсың?

6) Барлығы түсінікті болдыма?

7) Сабақтың қай мезгілі ұнамады?

Сұрақтарға жауап береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *