Халықтың нәсілдік және ұлттық құрамы (10 класс)


Айтмаганбетов Дәурен Лайықұлы

Ақтөбе қаласы №8 орта мектебінің

география пәнінің  мұғалімі

Презентацияны көшіру

Мақсаты:

Білімділік: Дүние жүзі халқын нәсілдік құрамы, ұлттық құрамы туралы               білімдерін тереңдету. Қалыптасу және дүние жүзінде таралуы туралы түсінік беру.

Дамытушылық: халықтың ұлттық және нәсілдік құрамына қарай карта бойынша топтастыра келе, картамен жұмыс жасау дағдыларын арттыру.

Тәрбиелік: Әлем халқы туралы білім бере отырып, өз халқын сүюге және өзге халықты, ұлтты құрметтеуге тәрбиелеу.

 

Сабақ түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап

Ұйымдастыру формасы: фронтальді

Көрнекілік: Дүние жүзінің саяси картасы, интербелсенді тақта

 

Сабақтың барысы:

 І Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын бақылау.

 

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

Халықтың жастық-жыныстық құрамы және еңбек ресурсы.

Оқулық мәтініндегі сандық мәліметтер негізінде Жер шары халқының қазіргі жастық құрамын бейнелейтін дөңгелек диаграмма құрастырып, оны 11-сызбанұсқадағы жеке елдерге қатысты мәліметтермен салыстырыңдар.

 

ІІІ Жаңа тақырыпқа көшу

Жаңа тақырыпқа көшу үшін алдымен мынадай сұрақтар қойылады:

Жер шары халқын қандай принцип негізінде топтастырады?

Адамзат қандай нәсілдерге жіктеледі?

Нәсілдер арасындағы айырмашылықтар немен түсіндіріледі?

 

IV Жаңа тақырыпты меңгерту

 

нәсілдер — адамдардың сыртқы бет-бейнесінің ұқсас белгілері (түсі, шашының сипаты, бет әлпеті, бас сүйегінің пішіні, дене тұрқы және т.б.) бойынша біріктірілетін топтары

 

Тарихи-географиялық жағдайларға байланысты нәсілдер арасында араласу болған. Ұзақ уақыт бойы нәсілдердің қарқынды байланыс жасауы нәтижесінде айрықша аралық және аралас нәсіл топтары қалыптасқан. Олар дүниежүзі халқының 30%-ын құрайды.

 

Мысалы, еуропалық нәсілдің оңтүстік тармағы мен африкалықтардың аралығында бет-әлпеті мен бас сүйегі еуропалықтарға, ал түсі мен шашы қара нәсіл өкілдеріне ұқсайтын эфиоптар пайда болған

 

Этнос немесе халық – тілі мен атақонысының, шаруашылық сипаты мен мәдениетінің ортақтығы негізінде тарихи қалыптасқан және бірыңғай ұлттық санаға ие адамдардың қауымдастығы.

 

Ағылшындар ұлт ретінде XVI ғасырда қалыптасса, орыстарда бұл процесс XVII – XVIII ғасырға дейін созылды.

Этностар саны шамамен 3-4 мыңдай…

Жер шары халқының 43%-ын он ірі этностар құрайды.

Ірі этност – Қытай

Новый рисунок (7)

V Тақырыпты бекіту

 

Нәсілдік белгілердің пайда болуына табиғи орта қалай әсер етеді? Жауаптарыңды экваторлық нәсілдің басты белгілері негізінде дәлелдеңдер.

 

VI Қорытынды.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айту

 

VIIҮйге тапсырма

  • 23 Халықтың ұлттық және нәсілдік құрамы

Тарих сабағынан алған білімдерің мен баспсөз материалдарын пайдаланып, соңғы жылдары қай мемлекеттерде ұлт араздығына қатысты оқиғалары болғанын анықтаңдар.

 

VIII Бағалау

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *