Конспект открытого занятия «Отпен ойнама – қауіпті»


Ересектер  «А»  тобының тәрбиешісі

Батырбаева Асель Амангельдиновна

Талдықорған қаласы    

«Құрама үлгідегі №1 ясли-бақшасы» МККҚ

Сабақтың мақсаты: Балаларға оттың адам өміріндегі маңызын, пайдасын,

оның тілсіз жау екендігін ұғындыру. Өрттің зияны мен

қауіпісіздігі туралы толық мағлұмат  беру. Үйдегі

қауіпсіздік   ережелері туралы білімдерін бекіту. Өз

денсаулықтары мен қауіпсіздіктеріне мән бере қарауға

тәрбиелеу.

Әдіс –тәсілдер:  түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ –жауап, мақал – мәтел.

 

Шаттық шеңбері:

Қуан, шаттан алақай,

Қуанатын күн келді!

Қайырлы таң достарым,

Қайырлы таң қонақтар.

 

– Осы жақсы көңіл –күйімізбен сабағымызды бастайық.

–  Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

– Қыс мезгілі.

– Қыс мезгілінде ауа- райы қандай болады?

– Суық болады, боран соғады.

– Ал қыста не жауады?

– Қар жауады.

– Қыста біз қалай киінеміз?

– Жылы, қалың киінеміз.

– Дұрыс айтасыңдар, қыста үйіміз жылы болу үшін, үйге біз не жағамыз?

– От жағамыз.

– Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымыз «Отпен ойнама қауіпті» деген тақырыпта әңгімелесеміз. Ал өртті болдырмау үшін қандай шараралды білу керектігімен танысамыз.

– Балалар, отсыз тіршілік жоқ. От жағылмаса, тамақ піспейді, үйіміз де жылымайды. Оттын өзі, балалар, зиянды жағы мен пайдалы жақтары бар.

Зиянды жағы – от жанып жатқанда үстіне ештене тастауға болмайды,

әйтпесе, өрт шығады. Тақтадағы суретке назар аударайық.

  1. Айжан өздігінен ешкім жоқта киім үтіктеп, үйге өрт шығарды.
  2. Газдағы тамаққа жолауға болмайды.
  3. Тоққа жолауға болмайды, өрт шығады.

 

Сергіту сәті: Табиғат – біздің анамыз,

Аялайық бәріміз.

Табиғатты құрметтеп,

Қол соғайық бәріміз.

  • Оттың қасына баруға бола ма?
  • Жоқ.
  • Кішкентай балаларға сіріңке, үтік, газға, тоқтың қасына баруға бола ма?
  • Жоқ.
  • Ендеше, балалар, Салауат деген бала бізге хат жолдапты. Ол өзінің өмірінің бір күнін жолдапты. Мен сол хатты оқып берейін.

 

Хат

Ертеңгісін ерте анасы Салауатқа «Мен дәрәханаға барып келемін. Сен үйде жалғаз қала тұр, есікті ешкімге ашпа» деп тапсырады. Ал,  Салауат шай ішкісі келіп, ас бөлмеге барып, газ плитаны жақпақшы болады. Салауаттың есіне «Қолыңа сіріңке алма, өрт шығуы мүмкін, газдан абай бол» деген анасының сөздері есіне түсіп, сіріңкені орнына қойып, шайдың орнына сүт ішеді. Міне осылайша, Салауат қауіпсіздік ережесін сақтапты.

 

Жұмбақ:

  1. От қойсаң пісіреді асыңды. Ол не? (газ)
  2. Жүрген жерін жалмайды,

Тілінен жарық тарайды. (от)

  1. Отсыз жерден от шығады. (тас)

Енді, балалар, отқа байланысты кім қандай тиым сөздер біледі?

  1. Отпен ойнама – күйерсің. (Шардар)
  2. От пен су тілсіз жау. (Аяулым)
  3. Отпен ойнауға болмайды. (Арсен)

Өрт болған жағдайда 101 – нөміріне телефон шаламыз.

Өрт сөңдіргіш ағалар

Шауасыздың салдарынан,

Үйлерді өрт  алып жатыр,

Еске сақта, өрт болса егер,

Әркез дайын, тек тік тұрар:

Өрт сөңдіргіш ағаларың –

Әлемдегі ең мықтылар!

 

Табиғаттағы қауіпсіздік ережелері:

 

Алмас пен Ербол,                             Үйде жоқта анасы,

Орман жаққа барады,                       Тауып алып Әділет.

Өртеген тал теректі,                         Сіріңкені жағады.

Жанған отты көреді.                            Айналаға шоқ шашқан,

Екі бала біледі,                                     Қандай қызық от жаққан.

Су құйса от өшеді.                               Айтыңдаршы, дұрыс па,

Ал жоқ болса шелегі,                          Сіріңкемен ойнаған.

Топырақты себеді.

(Айбар)                                                             (Аяжан)

 

Ойын: «Болады, болмайды» доппен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *