8 – наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шара жоспары “Аналар – асыл қазынам!”


ІІ сәбилер «А» тобының тәрбиешісі

Темербекова Куралай Сайыновна

Талдықорған қаласы     

«Құрама үлгідегі №1 ясли-бақшасы» МККҚ

Мақсаты: Балаларға 8 – наурыз халықаралық мейрамы екенің ұғындыра отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу.
Жүргізуші:Көктем келді далаға

Көгерді ауыл, қала да,

Құстар ұшып кеп жатыр,

Біздің туған далада.

Бүгін наурыздың сегізі,

Сұлулықтың негізі.

Әдемі сөз баланың

Анаға айтар лебізі.

Құрметті қонақтар, аналар, әжелер, қыздар, балабақша қызметкерлері, сіздерді  сегізінші наурыз халықаралық аналар мерекесімен құттықтаймыз.

     Құттықтау сөз балабақша меңгерушісі Марина Абылқасымқызына беріледі.

Тақпақтар:

Құрметтейік балалар аналарды,

Бізді өмірге әкелген даналарды

Себебі ана деген асыл жан ғой,

Ойлауменен істелік әр қадамды.

Ана – өмір шырағы,

Ана – өмір бұлағы.

Бесігімнің жыр әні,

Жүрегімде тұрады.

 

Анам менің, ақ анам,

Менсіз таңы атпаған.

Менсіз түні батпаған.

Мен ұйықтамай жатпаған.

 

Ана деген алтын сөз,

Нұрландырған ғаламды.

Мен сыйлаймын ерекше,

Анасын сүйген баланы.

 

Еркелесем күлімдейтін,

Ұрысқаны білінбейтін.

Маңдайымнан иіскеп менің,

Құлыншағым күнім дейтін.

 

Біз доспыз гүлдермен,

Текке оны жұлмаймыз.

Мереке күні бір- бірден,

Аналарға сыйлаймыз.

Олай болса құрметті Аналарымыз  сіздерге  арналған «Анашым» әнін қабыл алыңыздар.

Ән: «Анашым»

Тақпақтар:  Күлімдеген көзіңнен

Күн мейрамы сезілген.

Бұл жалғанда балаға,

Жақын жан жоқ өзіңнен.

 

Еркелесем, күлімдейтін,

Ұрысқаны білінбейтін.

Маңдайымнан иіскеп  менің,

«Құлыншағым, күнім» дейтін.

 

Бәрімізге анасың,

Біз үшін күн болып жанасың,

Құтты болсың мейрамың,

Құттықтаймын анашым.

 

Құрметті қонақтар, аналар, әжелер, қыздар сіздерге тобымыздың ұлдарының орындауындағы  матрос биін қабыл алуыныздарды  сұраймыз

БИ: Матростар биі

Тақпақтар

Үн қатасын бал тілмен,

Еркелеймін әр күн мен,

Құттықтаймын анашым,

Мейрамыңмен көктемнің.

 

Әлпештеген баласын,

Ана бақыт, ана күн.

Әркім сүйіп өзінің

Мақтан етер анасын.

 

Бізді өсіріп баптаған

Жақсы болсақ шаттанған.

Алтыным деп мақтаған.

Айналайын  ақ мамам.

 

Әлпештеген анамыз,

Біз бақытты баламыз.

Оқып білім аламыз,

Жұлдыз болып жанамыз.

 

Менің анам ақылшы,

Күн секілді білгенге

Шашырайды шуағы

Үйімізге кіргенде.

 

Жүргізуші: Күннің көзін көрместен,

                     Гүл өспейді елестен.

                     Көрінбейді еш жерден,

                     Айналамын мен естен.

                     Көмекке келер достарға,

                     Шақырайық күнді ортаға.

Барлық балалар айтады:   Алтын күн оралшы,                                                                                             Жерімді жайнатшы.

Күн:   Мен аспандағы күнмін,

Мен жарықпын, жылулықпын.

Жерді жылытамын, даланы гүлдетемін,

Ағаштарда құстарды сайратамын.

Әлемге мен жарық сыйлаймын,

Құшақ –құшақ гүлдерді жинатамын,

Теріп алып анана,

Сыйла бала жасқанба.

Жүргізуші: Рахмет саған шуақты күн біздің ортамызға келгеніне. Кел, мында отыр, балалардың аналарға дайындаған өлең, тақпақтарын тыңда.

Күн: Ия балалар мен өлең тыңдаған жақсы көремін. Ал әсіресе  би билегенді сүйемін. Сендер ше?

Жүргізуші: онда шуақты күн біздің қыздарымыздың арнаған ән мен биін қабыл ал.

Ән: Шырайдың әні би қыздар.

Ойын: (Күн мен балалар ойнайды) Күн мен түн.

Жүргізуші:

Бүршік шашып, жапырақ ашып,
Даланы гүлдер басады.
Сұлу көктем есігін ашып,
Шуағын бізге шашады.
 

Көктем:

Көлде аққу, көкте қаз,
Орманда бұлбұл сайраған.
Көптен күткен көктем
 мен келіп,
Құлпырып дала
қарашы.

 

Жүргізуші: Қарандаршы балалар біздің ортамызға жайдарлы көктем келді кәне бәріміз амандасайық.

Көктем: Сәлеметсіңдер ме балалар мен Жайдарлы да шуақты көктеммін. Сендерге қонаққа келдім. Сендер Аналар мейрамын тойлап жатыр деп құлағыма хабар шалысты. Балалар аналарын құттықтап жатыр деп, ал сендер мені де құттықтап, маған арнап  тақпақ, өлендер айтасындар ма а?

Жүргізуші: Ия құрметті көктем біз сені асыға күттік. Қыстың суық күндерінен шаршап кеттік қашан күн жылып көктем келеді екен деп асыға күттік саған да арнап тақпақ, өлеңдер жаттадық.

Көктем: Онда мен осында сендермен мейрамды тойлаймын. Шуақты күн де осында екен.

Жүргізуші: Онда құрметті қонақтар  балаларымыздың  өнеріе тамашаланыздар.

Тақпақтар:

               Қуаныш қой балаға

              Гүл сыйлағым келеді

             Мерекеде анаға.

 

             Көктем келер далаға,

            Сай – саладан су ағып.

            Келе жатыр халықтың,

           Мерекесін қуантып.

Ән: «Көктем келді»

Ойын: Көктеммен. ( ойын гүлдермен)

Көктем : Балалар сендерге келып өнерлерінді тамашаладым маған қатты ұнады енді мен шуақты күнмен бірге басқа да елдерге барып көктемнің жылуын, шуақты күндерін сыйлауым керек сендермен қоштасатын сәтте келді. Балалар сау болындар

Балалар қоштасады. Көктем мен күн  кетеді.

Жүргізуші:  : Бүгінгі мереке күні әжелеріміздің де мерекесі  . «Қариясы бар үйдің, қазынасы бар» деп бекер айтылмаған. Келесі құттықтауларымыз сіздерге арналады құрметті әжелер. Келесі сазды әуен әжелерімізге арналады,  қабыл алуларыңызды сұраймыз. Адэля қыздармен. .

Ән: «» Адэля.

Қызыл телпек келеді: әуенмен әндетіп кіреді.

Қызыл телпек : Ой балалар мен адастым. Сендер мында не тойлатып жатырсындар. Қаншама халық жиналған.

Жүргізуші: Қызыл телпек кел ортамызға. Біз бүгін аналар, әжелер, қыздар мейрамын тойлап жатырмыз. Сен білмедін бе?

Қызыл телпек: Оййййй жоқ білмедім.  Балалар мен де апамды  мейрамымен құтықтағым келіп тұр.

Жүргізуші: Қызыл телпек ал сен өлең тақпақтар би білесңн бе ?

Қызыл телпек: Жоққққққ (қызыл телпек жылап қалады).

Жүргізуші: Қызыл телпек сен мұнайма ортамызға кел біздің балалар көптеген өлеңдер тақпақтар билер быледі сен үйреніп аласын.

: Қызыл телпек: жарайды онда.

Тақпақтар:

Бөбегімнің тілегі,

Қабыл алшы әжетай.

Ұзақ өмір жүз жасап,

Жүрші әже қамықпай.

 

Әжелерді ардақтап,

Қуантатын күн келді.

Мейрамыңмен құттықтап,

Ән салайық біз бүгін.

 

Ертек қандай көп еді,

Күнде айтып береді.

Қуанатын балаша,

Әжем менің тамаша.

 

Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

 

Мені жақсы көреді,

Күндей күліп келеді.

Көп ертегі біледі.

Маған айтып береді.

 

Ән : Мен әжемді жақсы көремін.

Би:  сандремо

Сыйлықтар таратады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *