«Етіс. Өздік етіс» сабағы


Басыгарина Бахытгуль Болатовна

Қазақ тілі және әдебиет пәнінің оқытушысы

Петропавл қ.

Солтүстік Қазақстан кәсіптік –педагогикалық колледжі

Сабақтың мақсаты: Етістіктің бір түрі – етіс, оның түрлері, жасалу жолдары  жайлы жалпы  түсінік беріледі.

Дамытушылық  мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін, зейінін, пәнге деген қызығушылығын, етіс түрлерін ажырата білуін, сөйлем талдауын дамыту. Оқушылардың ойын ауызша және жазбаша түрде сауатты жеткізе білуге төселдіру.

Тәрбиелік мақсаты: Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, еңбекке, өз білімін бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту.

Сабақтың әдісі: талдау, салыстыру, іздендіру.

Көрнекілігі: кесте, интерактивті тақта

Сабақтың  барысы: І  Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық: А) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

II  Үй тапсырмасын сұрау.

134-жаттығу. Берілген мәтінді  оқып, етістіктердің қосымшасын дефиспен бөліп жазу. Мысалы: Көптің бірі болайық шаттан-ған-да,

                                                     Көптің бірі болмайық мақта-н-ған-да.

                                                    Көптің бірі болайық мақта-л-ған-да,

                                                   Көптің бірі болмайық датта-л-ған-да. (Ж.М.)

III  Өткен тақырыптарды пысықтау сұрақтар:

  1. Етістік дегеніміз не? Мысал келтір.
  2. Дара, күрделі етістік дегеніміз не?
  3. Болымсыз етістік қалай жасалады?
  4. Сабақты, салт етістік дегеніміз не?

IY   Жаңа сабақ

       «Ой қозғау» сатысы.  Адамның ойы мен пікірі сан қилы. Осы ойларын атаңдар.

        Суретпен жұмыс.

            Адам өз ойын жеткізу үшін етістікті қолданады екен. Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Етістіктің бір түрі- Етіс.Өздік етіс».

Сабақтың мақсаты: Етістіктің бір түрі – етіс, оның түрлері, жасалу жолдары  жайлы түсінік беру. Оқушылардың ойлау қабілетін, зейінін, пәнге деген қызығушылығын, етіс түрлерін ажырата білуін, сөйлем талдауын

дамыту. Оқушылардың ойын ауызша және жазбаша түрде сауатты жеткізе білуге төселдіру.

    Оқушылар, сендер іс-әрекетті орындаушы болатынын білесіңдер. Ал орындаушы кім екенін білмейтін жайлар бола ма? Мысал келтіріледі.

    Іс-әрекет пен оны жүзеге асырушы арасындағы қатынасты білдіретін (белгілі бір қосымшалар арқылы жасалатын) етістік түрі етіс деп аталады.

   Қазақ тіліндегі етістер 4 түрге бөлінеді.

  1. Өздік етіс (іс-әрекетті өзі орындайды)
  2. Өзгелік етіс (біреуге орындатқызады)
  3. Ырықсыз етіс (еріктен тыс, өзінен-өзі іске асатын қимылдың сипаты)
  4. Ортақ етіс (екі немесе бірнеше адамға ортақ іс-әрекет)

235-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті жұрнақтарды қойып жазу.

Мысалы: Айнаға қаранды. Қарайған көрінді. Дәрігерге көрінді. Ақша төленді. Киім жуылды. т.б.

236-жаттығу. (ауызша) Өлең шумақтарын оқып, сақтанатын жамандық қанша екенін санап шығу. Мағынасын талдау. Тағы неден сақтанар едіңдер? Оқушылар санамалап айтады.

Өздік етіс.

    Өзіне тән істі, қимылды басқа біреу арқылы істемей, тікелей өзі істейтіндігін я өзі істегендігін білдіретін етістің түрі өздік етіс деп аталады.

Өздік етістің жасалу жолдары:

  1. –ын: жу-ын, тағ-ын, жасыр-ын, т.б.
  2. –ін: ки-ін, көр-ін, сез-ін,т.б.
  3. –н: (дауыстыдан кейін жалғанады) тара-н, қара-н, ора-н. Кестені

мысалдармен  ауызша толтыру. (ауызша).

                           Өздік етістің жасалу жолдары
  -ын    
  -ін    
  -н    

Есіңде ұста! Өздік етісті өздік есімдікпен шатастыруға болмайды. Өздік есімдік: өзім барамын, өзім келемін, өзімнің балам.

237-жаттығу. Өздік етістерді көшіріп жазып, қосымшаларын дефиспен бөліп көрсетіңдер.

Әруаққа, пірге сый-ын-а-ды. Мал қасы-н-а-ды. Құс тара-н-а-ды. Қаруды ас-ын-а-ды. Түйе мінген қой арасына жасыр-ын-ба-с. Кәрі түйе тарт-ын-шақ.

                                                                                               (С.Кенжеахметов)

238-жаттығу. (ауызша) Өздік етіс жұрнағын жалғап, сабақты етістікті салт етістікке айналдыру. Кестемен жұмыс.

 

Сабақты етістік Өздік етіс Салт етістік
Көр – ін көрін
Қыр -ын қырын
Сүрт -ін сүртін

V   Сабақты пысықтау. Сайыс кезеңдерімен таныстыру.

      Бәйге кезеңі. (сұраққа жауап алу). Шарты: белгілі уақыт ішінде қойылған сұрақтарға тез жауап беруі керек.

  1. Оқушылар сөйлем оқылысымен етістікті құрамына қарай талдайды.
  2. Ол келді.
  3. Оқушылар жазу жазып отыр.
  4. 3. Болымды, болымсыз етістіктерді тап.

         Әжем маған сүзбе әкеліп берді. Нанды бір қолыңмен үзбе. Екеуі бір-бірімен сөйлескен жоқ.

3.Салт, сабақты етістіктерді ажырат. Мен анаммен сырластым. Асқар кітап оқыды.

   Бойжазар кезеңі. Тапсырмалар үш топқа өздік жұмысы ретінде орындауға беріледі. Оқушылар берілген кестеге сөз тіркестерін жазып, сыңарларымен жұптастыру.

 

I топ II топ III топ
«Ойлан» «Тап» «Ізден»
1. Зат есім+зат есім 1. Есімдік+зат есім 1. Үстеу+етістік
2. Сын есім+зат есім 2. Септеулік шылау+етістік 2. Сын есім+етістік
3. Сан есім+зат есім 3. Зат есім+етістік 3. Сан есім+ етістік

 

   Көкпар кезеңі. Тапсырма:  Бұл сайыста  интерактивті тақтада сандар жазылған  суреттер шығады. Әр топ таңдаған саны бойынша тапсырма алады. Оқушыларға алтыбақан,сағат, мидың суреті беріледі. Шарты: Суретті  байланыстырып, қорытынды ой шығар,  етісті қатыстырып сөйлем құра.

   Теңге алу кезеңі. Әр топ тақтада көрсетілген теңгелерді таңдайды. Әр теңгенің артында сөйлемдер жасырынған, оқушылар бұл сөйлемдерге

синтаксистік, морфологиялық  талдау жасайды.

         Синтаксистік талдау.  1.Кеше күн ашық болды. Мен кеше ауылға барып қайттым. Баубек өмірдің ең биік шыңына өрмеледі. Біз табиғат суреттерінен тамаша әсер алдық.

  1. “Мемлекеттік тіл- менің тілім” тақырыбында ойтолғау жаз.

Морфологиялық талдау.

Қоңыр іңірде домбырасын тартып, ақын ойға кетіп отырған. Осы ойды домбыраның қай пернесі айтып жібергені есінде жоқ, домбыраны сүйей салып, ақын жазуға отырды. Ойда жүрген кітап екен, бұрқыратып жазып кетті.

     Берілген сөздерді буынға бөліп, фонетикалық талдау жаса. Астана, ұлтжандылық, мемлекеттік тіл. Өздік етіс жұрнақтарын қатыстырып сөйлем құра.

VI   Сабақты қорытындылау.

VII  Оқушыларды бағалау.

VIII  Үйге тапсырма: 239-241-жаттығу. Ереже жаттау.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *