Сүйінбай Аронұлының «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңі


Басыгарина Бахытгуль Болатовна

Қазақ тілі және әдебиет пәнінің оқытушысы

Петропавл қ.

Солтүстік Қазақстан кәсіптік –педагогикалық колледжі

Материалдарды көшіру

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға Сүйінбай Аронұлының өмірі, шығармашылығы, «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңі жайлы толық түрде түсінік беру.

ә) дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.

б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: бейнелі суреттер,интерактивті тақта

Сабақтың формалары: жеке баламен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.

Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру,

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.
  2. Оқушыларды түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Д.Бабатайұлының  «О,Ақтан жас, Ақтан жас…» өлеңін жатқа айту.

ІІІ.Қосымша сұрақтар қойып, өткен тақырыпты қорытындылау.

1.Д.Бабатайұлы қай жерде дүниеге келген?

  1. Ол қандай адам еді?
  2. Дулат кімдерді ұстаз тұтқан?

Риторикалық сұраулы сөйлем дегеніміз не?

  1. Өлең кімге арналған?

5.Ақтан қандай бала?

ІV.  Жаңа сабақты түсіндіру.

Оқушылар, алдарыңда тұрған ақынның портреті қазақ халқының тұңғыш кәсіби суретшісі Әбілхан Қастеевтің көркем туындысы.

— Балалар, жақсы дегеніміз не? Жаман дегеніміз не? (Оқушылар өз ойларын айтады)

1.С.Аронұлының тоқтаусыз шығарған жыр-мұрасы ұшан-теңіз болған . Солардың ішінде бүгін біз сендермен ақынның «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері»  атты толғауын өтеміз. (Оқушылар дәптерлеріне күнді, тақырыпты жазады.)

  1. Оқушыларға Сүйінбай Аронұлының өмірі, шығармашылығы, «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» атты  өлеңі жайлы толық түрде түсінік беру. Өлеңді мәнерлеп оқып беру.                                                                                                                            3. Оқушыларға оқыту. Оқып отырып, «Түртіп алу» стратегиясы бойынша өздеріне таныс емес сөздерді  белгілеп отырады. Оқушылар дәптерлеріне сөздік жұмысын  жазады: Парқы – бағасы

Миуалы – жемісті Көр көкірек – еш нәрсеге түсінбейтін, бос кеуде Көзі соқыр – түк білмейтін надан Шала – оттағы толық жанып бітпеген ағаш Тана – 1 мен 2 жас аралығындағы ірі қара. Сөзі майда – сыпайы, әдепті сөйлейді.

  1. Талдау-табыс кілті. Өлеңнің ұйқасын, көркемдегіш құралдарды табу:

Жақсы жігіт ел-жұртының қаласындай,

Жақсы әйел әмме жұрттың анасындай.

Жақсыға ешкімнің де жаттығы жоқ,

Көреді бәрін де өз баласындай.

* 1. Өлеңнің авторы:

* 2. Тақырыбы:

* 3. Жанр түрі:

* 4. Идеясы:

* Өлең құрылысы

* 5.Ұйқас түрі:

* 6.. Әдеби- теориялық ұғымдар

* 7. Троп- сөзді құбылту

*    а)   метафора-

*    ә)  метонимия-

*    б) антоним-

*    в)  синоним-

*    г) дисфемизм-

*   8.  Сөзді ажарлау

*  а) Теңеу ел- жұртының қаласындай, әмме жұрттың анасындай, елінің ағасындай, алма, өріктің ағашындай, жанбай қалған шаласындай, сиырдың тентек болған танасындай, жылқының қотыр болған аласындай, басшы серкесіндей, қалың жүнді көрпесіндей, күймей піскен бөлкесіндей,  жыл құсындай, балтаның ұңғысындай, ақылы ауысқан адамның жындысындай

  1. Жақсылық пен жамандық жайлы берілген халық мақалдарының жалғасын табу.
  2. Өлеңдегі ақынның адамның жақсы мен жаман қасиеттерге берген бағасын жіктеп жазу (кесте толтыру).
  3. Шығармашылық жұмыс. «Жаныңда жүр жақсы адам» тақырыбында ойтолғау.

VІ. Сабақты «Үш қадам сұхбат» әдісі арқылы бекіту.

VІІ. Сабақ соңында сұрақ қою арқылы жаңа тақырыпты қорытындылау.

VІІІ. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.

ІХ. Үйге тапсырма. Сүйінбай Аронүлының өмірі, шығармашылығы, «Жақсы мен жаман адамның  қасиеттері» өлеңін жаттап келу.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *