Конспект открытого заятия «Гүлдерге саяхат»


Ахметова Жазира Бекетаевна

І сәбилер «А» тобының тәрбиешісі

Талдықорған қаласы

«Құрама үлгідегі №1 ясли-бақшасы» МКҚК

Сабақтың мақсаты:  а) Балаларға гүлдердің түр-түсін ажыратуға, қандай гүл

екенін  уйрету.

ә) Балалардың  тілдернін  дамыту,  дұрыс  сөйлеуге, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

б) Табиғатқа  деген   қызығушылықтарын оятту.  Қоршаған ортаны  қорғай  білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:  көктемнің суреттері,  гүлдер.

 

Ұйымдастыру кезеңі:                                                                                                                                                     

– Балалар бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ.  Бізге көп қонақтар келіпті. Балалар олай болса шаттық шеңберге тұрайық.

 

Шаттық шеңбер.                                                                                                                                                

  • Алақанды ашайық,
  • Күннің нұрын салайық ,
  •  Таза ауадан салайық,
  • Достық мейірім салайық,
  • Журек жылуын салайық,
  • Осы жақсы лебіздерді,
  • Қонақтарға сыйлайық.

 

–Осы жақсы көңіл күйімізбен орнымызға отырайық.

Балалар бүгінгі сабағымыздың  тақырыбы:    «Гүлдерге саяхат»

Мен сендерге  бір жұмбақ жасырайын:

Ақ қар еріп,

Су көбейіп,

Екі салаға толады.

Ағаш-басы бүршік атып,

Гүл бәйшешек атады,

Бөбектерім айтыңдаршы,

Бұл қай мезгілде болады?

− Көктем мезгілінде.

–Дұрыс айтасыңдар көктем мезгілінде.

– Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?

−  Күн шуағын шашады, қар ериді, жаңбыр жауады, жер көгереді, гүлдер шығады.

– Көктем мезгілінің  суретін көрсетеді.

– Балалар көктем мезгілінің ерекшеліктерін тауып, жеке –жеке қасына орналастырады

–Балалар көктем мезгілінде күн жылып, қар еріп , жаңбыр жауып, жер көгеріп, көктемнің алғашқы гүлдері шығып табиғат ерекше бір түрге ененді екен.

−Олай болса жаңа айтып  өткендегі гүлдерге саяхатқа шығайық.

− Балалар мына жерде ағып жатқан не?

−Су ағып жатыр.

−Су қандай?

−Таза,мөлдір,тұнық.

−Судың қандай пайдасы бар?

−Суды ішеміз, жуынамыз,гүлге су құямыз.

−Дұрыс айтасыңдар балалар сусыз тіршілік жоқ. Табиғаттың барлығы сумен қоректенеді.

−Ал енді балалар осы судан өтелік.

 

Сергіту сәті.                                                                                         

Сылдырлайды мөлдір су,

Мөлдір суға, қолыңды жу.                                                                                                   

Жуынсаң сен әрдайым,

Аппақ бетің маңдайың.                                                                          

−Тазалықтың досы су дегенің осы балалар.

−Балалар кім су туралы тақпақ  біледі?

 

 Бағдаулет                                                                                                                          

Қар еріп даланы

Арықтардан су ақты

Ақ жүзіндей ананың

Көктем келді шуақты

Балалар қараңдаршы жан –жағымыздан не көріп тұрсыңдар?

− Гүлдер.

−Дұрыс айтасыңдар бұл гүл ең алғаш көктемде шыққанда шығатын−бәйшешек гүлі.

–Олай болса мына тұрған гүлдерді маған себетке тез жинап беріңдерші.

–Жарайсыңдар балалар.

Енді бір ойын ойнап көрелік.

 

Ойын: «Күн, жаңбыр» 

Балабақшаға қайту. Балалар жаңбыр жауып кетеді тезірек бақшамызға жетіп алайық.

– Балалар орнына отырады. Себеттегі гүлді алып балалардан қандай гүл екенін сұрау.

–Бұл бәйшешек гүлі.

–Оның түсі қандай? (Ақ)

Жапырағы қандай? (Жасыл)

–Бәйшешектің суретін көрсету.

–Гүл туралы кім тақпақ біледі?

 

 

Дильназ    Кіргізіп көркін даланың,

Бәйшешек қырда қаптады.

Қызығып ылғи барамын

Бәйшешек теруге даланың.

Ләйлә        Көгілдір аспанда

Көк сәуір тастады.

Құлпырып жайнайды,

Қызғалдақ ашқанда.

Дана         Алғаш рет күркіреп,

Ағыл−тегіл жауса күн.

Қырға шығар күркіреп,

Көктем басы жауқазын.

 

Қортынды.

Балалар бүгінгі сабағымызда қайда бардық?

–Гүл теруге.

–Онда не көрдік?

–Су.

–Тағы не істедік?

– Гүл жинадық, ойын ойнадық.

–Қазір қай мезгіл?

–Көктем.

–Гүлдер қай мезгілде шығады?

–Көктем мезгілінде.

–Сендерге сабақ ұнадыма?(Иә)

Балалар сендерде сабаққа жақсы қатыстыңдар. Барлығыңда жақсы жауап бердіңдер.

Рахмет.

Сабағымыз осымен аяқталды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *