Мектепке дейінгі балалармен интеллектуалдық білім деңгейін дамытуға арналған ойын түріндегі оқыту сабағы «Ертегілер елінде»


Сыдыкова Гульнар Абдрахмановна

Павлодар қаласы №26 орта білім беретін мектеп

«Мектепке дейінгі даярлық» тобының жетекшісі

Қазақ фольклорындағы ертеден келе жатқан көне жанрлардың бірі – ертегілер. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша тараған мол мұра. Оның осы дәуірге дейін жетуі ертегіні дұрыс тыңдап, түсініп, талдай білу өнерімен де тығыз байланысты. Халық арасында үлкен беделге ие болған ертекшілер ертегіні шебер орындаған, жаңадан ертегілер шығарып, ертегілер сюжетін байытып отырған. Ертегінің қай түрін алсақ та, ол баланың ой-қиял ұшқырлығын күшейтеді, мінез-құлқын, ерік-жігерін қалыптастырады. Сондықтан да балалар үшін басты жанр болып табылатын ертегілердің ерекшелігін ескеріп, тәрбиелік мақсатына айрықша көңіл бөлгеніміз жөн! Мысалы мен өз тобыма «Арыстан мен түлкі» ертегісіне өткізген сабағымды назарларыңызға ұсынып отырмын.

Сабақтың басты мақсаты мынаны көздейді:

Білімділік – ертегіні түсінуге,оның мазмұнын жүйелі баяндап, мәнерлеп дұрыс сөйлей білуге төселдіру.

Дамытушылық – өз ойын толық, анық жеткізе білуге дағдыландыру, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын байыту.

Тәрбиелік – аңқаулықтан, қатыгездіктен, жағымпаздықтан,бойларын аулақ ұстауға үйрету, ақылды болуға, тапқыр шешім қабылдай білуге тәрбиелеу.

Сұрақ-жауап, энциклопедиялық, баяндау, көрнекілігіне ғаламтор желісінен алынған үңгірде жатқан ауру арыстанның суретін, тірек сөздер (сіз, саған) қолдандым.

Сабақтың барысы мынадай болды:

1.Тақырыбы, мақсаты хабарланды

  1. Кіріспе әңгіме

– Балалар, сендер арыстан мен түлкі туралы не білесіңдер? Олар қандай аңдар?

Арыстан – өте күшті, жыртқыш аң. Оны аң патшасы деуге болады. Ол жасырынып, сездірмей шабуыл жасау дегенді білмейді. «Ал, аңдар, мен жем іздеугееее шықтыыыммм, сааақ бооолыыыңдаааар!» дегендей әуелі қаһарлы даусымен белгі бергендей болады екен.

Түлкі – айналаның бәрін тіміскілеп, «тексеріп шығуға» құмар аң. Оның дыбысшылдығы иісті алыстан сезіп, жауын тез көріп қалатын қасиеті бар. Жаудың иісін алыстан бірден сезіп қойғаннан кейін ол алдын-ала жасырынып қалады немесе қашып үлгереді.

Ертегінің өзіне тән жанрлық ерекшелігін ескере отырып, баяндалу стилін сақтап, балаларға қызықты етіп әңгімелегеннен кейін келесі бөлімге көшу.

Сұрақ-жауап:

Ертегі ұнады ма? Несімен ұнады? Түлкінің жауабынан оның қандай аң екенін байқадыңдар?

Балаларға жоспар бойынша талдату.

  1. Ауру арыстан
  2. Арыстанның айласы
  3. Түлкі мен арыстанның әңгімесі
  4. Түлкінің жауабы

Енді негізгі түйінді тапқызу. Ертегінің сюжеті бойынша  мәселелік сұрақ:

  1. Ауру арыстан аңдарды үңгірге қалай кіргізді? (берірек кел, түлкіжан… деп)
  2. Аңдардың арыстанға жем болуына не себеп болды? (аңқаулығы, қорқақтығы)
  3. Егер арыстан ауруынан жазылса, түлкі не істер еді? (өз ойларын білу)

Қорытынды жасату.

Сахналау.

  • Балалар, түлкіні біз тапқыр дедік, бірақ ертегіден оның бойынан басты ұнамсыз қандай қылығын аңғардыңдар?
  • Түлкі арыстанның көңілін қалай сұрады? («сен» демей «сіз» деп сөйледі, ол арыстанға ұнайды деп ойлады)
  • Неге олай деді? (өз ойларын жеткізеді)
  • Түлкінің бойынан аңғарғанымыз, сонымен, жағымпаздық.

Жағымпаздық – бұл өте жаман қасиет. Осындай мінезді адаммен дос болу да қорқынышты. Сондықтан, балалар, мұндай қасиеттен аулақ болыңдар!

Сабақ соңында белсене қатысқан балаларға арнайы сыйлықтар үлестірілді

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *