“Тышқанды жасырамыз” сабақ


Гульмира Серікқызы Кулдошбекова

Павлодар облысы, Ақсу қаласы

КМҚК “Балапан” бөбектер бақшасы”

тәрбиешісі

Білім саласы : Таным

Бөлімі : Сенсорика

Тақырыбы: Тышқанды жасырамыз

Мақсаты: Балаларға сезім дамыту оқу іс-әркеті бойынша өткен

тақырыптарды еске түсіріп,білімдерін ойын арқылы жетілдіріп бекіту

Білімділік  . Заттардың көлеміне,пішініне,түсіне қарай топтап

ажыратып білуге үйрету.

Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілеттерін арттырып ,тілдерін дамыту

Тәрбиелік: Балаларды қамқорлыққа, ұқыптылыққа, бастаған ісін аяғына дейін жеткізе білуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмысы: тышқан,мысық

Көрнекілік: Мысық ойыншық, үлестірмелі материалдар

 

 

Іс-әрекеті

 

 

Тәрбиешінің іс-әрекеті

 

Балалардың іс-әркеті

Мотивациялық қозғаушылық Шаттық шеңбер

Бала ,бала балапан,

Қане қайсы алақан.

Саусақтарым әйбәт,

Былай-былай ойнат.

Топ,топ ,топ,топ басайық,

Жалаудан үй жасайық!

Жаса,жаса алтын күн!

Жаса, жаса жарқын күн»

Балалар қимыл-қозғалыспен шаттық шеңберін жасайды.

 

Қайталайды

Ұйымдастырушылық ізденушілік Балалар бүгінгі сабағымыз ойын арқылы өтеді. Біз сендерге тышқанды мысықтан жасырамыз.

Тышқандар бізден көмек сұрап келіпті

Біз оларды мысықтан жасыру үшін түстерді атай білуіміз керек

Балалар мысық не жейді ?

Қане тақпақ айтайықшы

Пеш түбінде мысық отыр

Екі көзін қысып отыр

Тышқан етін жегісі кеп

Мысықтың тісі қышып отыр

 

Балалар мысық ұйықтап жатыр ол тұрғанша тышқанды жасырайық

Ал ендеше балалар мына тақтадағы тышқанның  үйлері;

1.Сенедер осы үйлердің түстерін айтыңдар

2.Терезелерінің пішінің айтыңдар

3.Терезелерін түсіне пішініне сәйкес келтіріп жабайық

 

Тақтаға 4 бала шақырады

Олар тақтадағы үйлердің терезесін жабады

 

Сергіту сәті

-Өте жақсы ,енді орнымызға отырып үстел үсті ойын ойнаймыз

Әр балаға өз тышқандарын жасырады,әтпесе мысық келіп жеп қояды

Балалар тышқандарды жасырады.

Мысық оянады дыбыс естіледі

Мысық келеді ,балалар беттерін жауып тығылады ,мысық әндетіп іздейді

Ақ мысық ау,ақ мысық

Терезеден қарайды

Құйрығын былғандатып

Тышқандарды іздейді

Сұр тышқандар қайда,тышқандарым қайда

Балалар жауап береді мында деп

Мысық: Мен сендерді жемеймін сендер түстерді пішіндерді жақсы біледі екенсіңдер. Мен сендермен дос боламын

 

 

 

Балалар

тыңдайды

 

балалар жауабы

 

тышқанды

тақпақ жолдарын бірге қайталайды

 

 

сұрақтарға жауап береді түстермен тышқанды үстін жауып қояды

 

 

 

 

 

Рефлексиялық түзетушілік

 

Балалар біз кімге көмектестік ,тышқанды кім жеп қоймақшы еді ?

Мынау мысықтың   сендерге сыйлығы

Мысық қоштасады «Сау бол деп айтады»

 

Сұраққа жауап береді

Сыйлықты алады рахмет айтады

 

 

Күтілетін нәтіже:

Біледі : Түстерді пішінді атап айтуды.

Игереді: Тышқанға мысықтан қорғауға көмектесуді

Меңгереді: Үйлерге пішінді сәйкестіруді.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *