Балабақшадағы ертеңгілік «Наурыз мейрамы құтты болсын»

                                                                                                    Солтүстіқ-Казахстан облысы

                                                                                                    Габит Мусрепов атындағы аудан

                                                                                                    Новоишим селосы

                                                                                                    КМҚК «Дюймовочка» бб

                                                                                                    Әдіскер–тәрбиеші

                                                                                                     Магзумова  Алма Елтайқызы

Ән- күй бөлмесі ертеңгілікке сай әзірленген , киіз үй тойға сай жабдықталған.

Көңілді ән әуенімен 2 бала жүгіріп кіреді.

1 бала: Сүйінші, сүйінші, алақай, алақай Наурыз келді,Наурыз келді

2 бала: Наурыз құтты болсын,ақ мол болсын.

Тойға ән-шашу –домбырашы қыз

Көңілді «Наурыз» әуенімен ересектер тобының балалары кіреді.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар , балабақша ұжымы.

Сіздерді бүгінгі көктемнің алғашқы мерекесі Наурыз мейрамымен құттықтаймыз.Наурыз тек қуаныш, бақыт, жылылық пен молшылық әкелсін.

Құттықтау сөзі балабақша меңгерушісіне беріледі.

Ал ендеше Наурыз тойын бастайық,өлең бимен, әнменен тойға шашу шашайық.

Қарсы алыңыздар бүгінгі тойға шашу шашамыз деп кішекентай сәбилер  келіп тұр.

Тойға шашу шашады. Балалар Мереке құтты болсын,ақ мол болсын.

Жүргізуші: Рахмет балапандар тілектеріңе, шашуларыңа бүгінгі мерекеде бірге болыңдар.

Ендеше бастайық ортаға өз тақпақтарын оқып береміз деп асығып отырған балаларды шақырамын.

1 Тамаша, тамаша

Наурыз келді жараса

Бұл Наурыз,бұл наурыз

Қуаныш баршаға.

  1. Наурыз келді далама

Наурыз келді қалама

Наурыз құтты болсын

Ақ мол болсын.

  

Жүргізуші: Наурыз келіп, табиғат оянып, дала гүлдеп қуанышқа-қуаныш қосылатын осы наурыз.

Көңілді ән әуенімен Наурыз аруы кіреді: Сәлеметсіздерме қонақтар, Наурыз мерекесі құтты болсын, осы мерекені бірге тойлайық.

Осы кезде қатты жел соғып Наурыз аруын ұшырып алып кетеді.

Жүргізуші : Бұл не болды?      Наурыз аруы қайда кетті?

Кассетаға жазылған дауыс: Мен зор ,мықты желмін, мен Наурыз аруын өз хандығыма алып кеттім, енді аруды тек биік тауда өсетін сиқырлы гүлді тапсаңдар сол ғана құттқара алады.Ал ол үшін сендер жақсы-жақсы өлеңдер айтып,қатты-қатты тақпақтар оқып, мың бұрала би билесеңдер ғана наурыз аруын қайтарамын. Ал мен бәрін де көріп,естіп тұрамын. У-У-У

Жүргізуші: Балалар желдің ісін көрдіңдер ме? сендер Наурыз аруына көмектесе аласыңдар ма? Наурыз аруынсыз мереке де қызықты болмайды ғой.

Ендеше өнерлі балалар екендігімізді көрсетейік.Ортаға балалар шығып тақпақтарын оқып берсін.

  1. Ұлыс күні кәрі жас

Құшақтасып көріскен

Наурыз құтты болсын

Ақ мол болсын.

 

  1. Наурыз келді,жыл келді

Наурыз келді ,нұр келді

Қоян жылы еліме

Әкелсін байлық береке

 

Өлең « Көктемде»

 

Екі батырлар кіреді ( тәрбиешілер)

1 батыр: Сәлеметсіздер ме? Наурыз құтты болсын. Ақ мол болсын

2 батыр: Сәлем бердім бәріңе (иіліп сәлем береді) Көктем мерекесі құт-береке, молшылық әкелсін.

1 батыр: Біз естідік сендердің Наурыз аруларыңды күшті жел алып кетіпті ғой, ренжімеңдер достарым, біз сендерге көмектесеміз.

2 батыр: Ойна, сайра сиқырлы домбыра,

Шақыр ортаға,батырларды.

Наурыз аруын құтқарайық

 

(күй әуені ойнайды) батырлар –балалар кіреді

Би « Батырлар-сюитасы»

 

Дауыс: Иә, естідім, естідім өнерлі екенсіңдер бәрің де, мен де енді қырсықпайын, міне Наурыз аруы қарсы алыңдар.

1 батыр: Селеметсіңбе? Наурыз аруы, бәріміз де сені күтіп отырмыз.  Күшті желдің тапсырмаларын балалар орындап, батырлар мен сиқырлы гүлдер сені құтқарып алды, ал біз рұқсат болса кетеміз. Сау болыңдар. Наурыз құтты болсын.

Жүргізуші: Балалар Наурыз мерекесі күні әр үйде қонақтар жиналып, күмбірлеген домбыра сазы, балалардың көңілді дауыстары естіліп, той тойланады.

Бүгін бізге де ақ жаулықты әжелер келе жатыр.

Екі әже кіреді. Амандасады,төрге шығып отырады.

Құрметті әжелер сіздердің бүгінгі тойға келгендеріңізге өте қуаныштымыз. Бүгін біз де ырымға  сай мына кішкентай Дильназдың құлағына сырға салайық деп едік, сол салтты өткізуді өзіңізге тапсырамын.

1 әже: Әрине, салт-дәстүрді ұмытпай сақтап жүргендерің өте жақсы, әкеле ғой Дильназды, ырымдап сырғасын салып берейін:

Әже « Сырға салу» салты туралы балаларға түсінік айтып береді

Әже: Аймен күндей бол қызым,

Құлаққа сырға сал қызым

Ибалы, сәнді бол қызым

Бойыңды сәнде жан қызым

Сырғаны құлағыңа салайын

Денің сау болсын

Сырғаң сыңғырлап

Сұлу қыз бол жаным.

Сырғаны салып бетінен сүйіп, тілегін айтады.

2 әже: айналайын құлыным, үлкен азамат бол, сырғаң құтты болсын, сырғаңа сай болсын деп мына сәукелені де ала келдік кел өзім кигізейін.

Жүргізуші: Рахмет, әжелер сіздерге қолдарыңыз құтты болсын.

Балалар осындай мереке кезінде құлағына сырға салған Дильназға өз тілегімізді айтайық.

Балалар тілектерін айтады.

Әже бата береді.

Жарқын болсын көңілің

Ашық болсын өмірің

Наурыз құтты болсын

Бәріңізге денсаулық, ашық аспан тілеймін.

Жүргізуші: Рахмет сіздерге әжелер, тілектеріңіз қабыл болсын, енді осы ән-шашуды қабыл алыңыздар.

Дильназды Аділбек алтыбақанға отырғызады да ән әуенімен  тербетеді.

Өлең « Бүгін наурыз күніміз»

Балалар бүгінгідей  мереке күні  әр отбасы үйін жинап, дастархан жайып, ағаштар отырғызған екен.  Біз де қазір « Көктемгі ағашты отырғыз» ойынын ойнайық.

Ал енді біздің бишілер «Қара жорға» биін сіздерге сиға тартады.

 

 

 

Наурыз туын көтеріп

Жар салайық әлемге,

Наурыз құтты болсын

Ақ мол болсын

Бүгінгі ертеңгілігіміздің соңында

« Наурыз» әні орындалады.

 

 

Ертеңгілік соңы

Leave a Reply

Your email address will not be published.