Танымдық сабақ “Асыл өнердің алып нары – Темірбек Жүргенов”


Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,

Қожабақы ауылы №25 орта мектептің

тарих-құқық пәнінің мұғалімі

Сариева ГаухарТарихи

Сабақтың мақсат – міндеттері:

  • Темірбек Жүргеновтің өмірі мен қызметі туралы оқушыларға мәлімет беру;
  • Оқушыларды өз ойларын ашық айтуға, шапшандылыққа, топпен жұмыс жасау қабілеттерін   дамыту.
  • Оқушыларға Т.Жүргенов туралы мәлімет бере отырып, өз елінің тарихи тұлғаларына құрметпен қарауға тәрбиелеу;

 Сабақтың көрнекілігі: Т.Жүргеновтің кітабы, интерактивті тақта.

Сабақтың түрі: тарихи – танымдық сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілі: Сұрақ-жауап, сызбалар толтыру

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

7 «А», 7 «Ә» сынып оқушылары

Сабақтың кезеңдері:

І. Топқа бөлу (стикерлер арқылы 2 топқа бөлінеді)

Оқушыларды топқа бөлген соң тақырып ашу үшін Темірбек Жүргенов туралы  бейне фильм көрсетіледі.

ІІ. «4000 мектеп салдырған»

«Тілді де тісті, жігерлі де іскер адам»

 

«Хан Кенені» тірілткен

 

«Сіз мемлекеттік тілді білуге тиіссіз, Орлов!» тақырыптары бойынша оқушылар зерттеп келген мәліметтерімен таныстырады.

Қалила Омаровтың Темірбек Жүргенов туралы деректі фильмі көрсетіледі.

ІІІ. «Жылдарды сөйлету» Т.Жүргеновтің өмір жолдары туралы оқушыларға тапсырма

  • Тұрмағамбет Ізтілеуовұстаздық еткен ауыл мектебінде сауат ашады.
  • Аламесектегіорыс-қазақ мектебінде оқыған.
  • Перовскідегі (қазіргі Қызылорда) Суханский атынд. училищеде бастауыш білім алған.
  • 1917 ж. Уфажер шаруашылығы училищесіне оқуға түседі. Осында оқып жүріп қоғамдық өмірге белсене араласады, студент жастардың әлеуметтік қозғалыстарына қатысады.
  • 1918 ж. “Қазақ мұңы” газеті редакциялық алқасының құрамына енді
  • Торғайдағы кеңестер съезін шақыру бюросының мүшесі болды.
  • 1919 ж. Ырғыз уезіКенжеғара болысы рев. к-тінің төрағасы қызметіне тағайындалған.
  • 1920 ж. БК(б)П қатарына өтіп, Ырғыз уездік рев. к-тінің, уездік жұмысшы, солдат және шаруа депутаттары атқару к-тінің төрағасы болып сайланды
  • 1921 — 23 ж. Орынбордажұмысшы ф-тінде оқиды.
  • 1923 ж. ТашкенттегіОрта Азия мемл. ун-тінің құқық ф-тіне оқуға жіберіледі. Осында оқып жүріп, ол Қазақ АКСР-інің Түркістан Республикасындағы толық өкілетті өкілі болып тағайындалады, Қазақ АКСР-і мен Түркістан Республикасының ОАК-теріне мүше болып сайланады, өлкелік және респ. партия ұйымдарының конференциялары мен пленумдарына қатысады. Орталық Азияда құрылған республикалар аумағының ұлттық-территориялық межеленуіне ат салысады. Бұл мәселе төңірегінде “Еңбекші қазақ”, “Советская степь” газеттеріне мақалалар жариялады.
  • 1926 ж. ТашкенттегіҚазақ пед. ин-тының директоры болып тағайындалады. Институтқа акад. В.В. Бартольд, проф. С.Е. Малов секілді ғалымдарды шақыртып, институт жұмысын жандандыруға күш салды. Жоғары оқу орындарына арналған саяси экономия және құқықтану пәндері бойынша оқу құралдарын қазақ тіліне аударды. Қазақ термелерінің жинағын құрастыруға ат салысты.
  • 1929 ж. Тәжікстан үкіметінің қаржы комиссары
  • 1930 — 33 ж. Өзбекстан үкіметінің халық ағарту комиссары
  • 1933 — 37 ж. Қазақстан үкіметінің халық ағарту комиссары қызметтерін атқарды. Ол Қазақстанның Халық ағарту комиссариаты жұмысына С.АспандияровҚ.ЖұбановҒ.Мүсіреповсияқты қайраткерлерді тартты. Жүргеновтің тікелей ат салысуымен “Қазақстанда мектеп жүйесін реттеу және қазақ орта мектептерін көбейту туралы” қаулы қабылданып, қазақ орта мектептерінің саны артуына негіз қаланды. Жүргенов Халық ағарту комиссариатын ұлттық мәдениетті өркендету штабына айналдырды.
  • 1934 ж. Алматыда өткен Бүкілқазақстандық халық өнерпаздарының 1-слетін, 1936 ж. Мәскеудегі Қазақстан өнері мен әдебиетінің онкүндігін негізгі ұйымдастырушылардың бірі болды. Онкүндік кезінде республикамыздың өзге де мәдениет қайраткерлерімен бірге Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. Жүргенов — ұлттық мәдениет пен өнер саласы мамандарын даярлауға көп көңіл бөліп, қазақ жастарының КСРО-ның орт. қалаларындағы оқу орындарында білім алуына көмек көрсетіп отырды. Мұхтар ӘуезовЖ.ШанинӘ.Қастеев, т.б. қайраткерлердің шығармашылық жұмыспен айналысуына жағдай жасады. Жүргенов Қазақстанда алғашқы музыка театрын (қазіргіҚазақ опера және балет театры) ұйымдастыруға үлкен үлес қосты. Қазақ әндері туралы А.В. Затаевичкекөптеген мәліметтер берді.
  • 1937 ж. КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды. Осы жылы 3 тамызда “халық жауы” деген жалған айыппен ұсталып, РКФСР Қылмыстық кодексінің 58-бабының 10-, 11-тармақтары бойынша ату жазасына кесілді. КСРО Жоғарғы сотының әскери коллегиясының 1957 ж. 18 сәуірдегі шешімімен кінәсіз жазаланғаны анықталып, ақталған.

Өмірбаяны бойынша жылдар таратылып беріледі сол арқылы оқушылар жауап береді.

ІҮ.Т.Жүргенов туралы қазақтың көрнекті тұлғаларының пікірлерімен таныстыру.

 

Қорытындылау: «Темірбек Жүргенов кім?» оқушылар бір сөзбен бір-бірін қайталамай Т.Жүргенов туралы түсінген пікірлерін айтып қорытындылайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *