Бағдарлама бойынша ойтолғаныс


Солтүстік Қазақстан облысы

Петропавл қаласы

«№42 орта мектеп» КММ

Аманжолова Тана Тастанқызы

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Бағдарлама бойынша ойтолғаныс

    Қазіргі уақытта білім беру жүйесіндегі өзгерістер – олардың талаптарына жылдам жауап бере алатындай икемді, өз ісіне құзырлы шығармашыл мұғалімнің  рөлін көтеруде. Уақыттың мұндай шарқыраулары адамның өзінің өзгеруімен немесе өзін саналы түрде өзгерте алуымен байланысты.  Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Елбасымыз    “Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады.» деп айтқан екен. Сондықтан  білім саласындағы түбегейлі өзгеріс мұғалімдерден үлкен  жауапкершілікті  талап етеді.  Алғашқыда бұл курсқа келгенімде жүрексініп, күдіктеніп  келгенім рас.  Бүгінгі күні мен қуаныштымын.  Себебі бағдарлама негізі оқудың жаңа тәсілін жеті модульді ұсынды.  Соның әсерінен жаңашылдыққа бой алдым.  Сабақ жоспарын жасауда жаңаша көзқарас туды.  Сабақ үрдісіне өзгерістер енгізу арқылы   оқушылардың өздігінен білім алу дағдылары қалыптаса бастады.  Топтық жұмыстың маңыздылығын аңғардым.  Ынтымақтастық атмосфера қалыптасты, топпен, жұппен жұмыс жүзеге асты, оқушылар арасындағы кедергілерді жоюға ықпалы тиді, пәнге деген қызығушылықтары артты, өзін жеке тұлға ретінде сезіне білуге үйренді.  Қорыта айтқанда сыныптағы оқушы лардың   қарым-қатынасы өзгерді.  Сабақ барысында жеті модульді ықпалдастыру барысында   жеке тұлғаның қалыптасуында өзгерістер болды. Нәтижесінде оқушылар  мақсат қоя біледі, дарындылығын шыңдай алады, өздігінен білім алуға  дағдыланды, өз ойларын ашық айта алады, сыни бағалауға үйренді, өз жұмысын саралап, талдай біледі. Оқушылардың табысқа қол жеткізуіне жол ашты. Әріптестеріміздің арасында  мектептегі тәжірибе бойынша  пікірлестік. Таныстырылымдарды қорғау кезінде  әр мұғалімнің сабақ барысындағы қол жеткізген жетістіктерімен таныстық. Сындарлы оқытудың  тиімді екенін әріптестерімде мойындаған сияқты. Алдағы уақытта

  • Бағдарлама бойынша сабақ жоспарын құруды жетілдіру.
  • Бірлескен қызметке әріптестерімді тарту.
  • Жеті модульді әр сабағымда қолдану.
  • Топтық жұмысқа барлық оқушыларды жұмылдыру.
  • Көшбасшылық жұмысымды жалғастыруды жеке жоспарыма енгізу.
Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *