Экология «Су – тіршілік көзі»


Абдрахиева Алфера Тельмановна

СҚО Петропавл қаласы

МКҚК «Салтанат» бөбекжай бақшасының тәрбиешісі

Материалды көшіру

Мақсаты:1 Балаларға су туралы түсінік беру және судың қажеттілігін, оның адамның, құстың, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіндегі маңызы туралы түсіндіру. 2.Судың табиғатта баға жетпес сый екенін айту, түсініктерін қалыптастырып дамыту. Суды үнемдеп пайдалануға және судың барлық ерекшеліктері туралы сипаттау. 3. Қазіргі кезде адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат-ананы қорғап,аялауға үйрету. Суды ластамауға тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдері: көрсету, түсіндіру, тәжірибе жасау, сұрақ – жауап, мадақтау.

Қолданылатын көрнекі құралдар:Су туралы суреттер, слайд-шоу,тәжірибе жұмысына арналған заттар;  стақан(8),  су, бояу жағылған қылқалам(8), сарымсақ тұнбасы, қағаз сүлгілер(салфетки), алғажапқыш(фартук).

Сөздік жұмыс: судың қасиеті, түссіз, дәмсіз, иіссіз, қатты, сұйық, бу.

Іс-әрекет кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
 Мотивациялық қозғаушылық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастырушылық -ізденістік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексиялық-түзетушілік

 Шаттық шеңберге тұрғызу. Балалар барлығымыз шаттық шеңберге тұрып, қонақтармен амандасайықшы.

Күннің көзі ашылып,
Көке шуақ шашылсын.
Құтты қонақ келіпті
Төрімізге еніпті
Амандасу үлкенге.
Тәрбиенің басы ғой.
Ал қанекей, бәріміз
Сәлем дейік үлкенге
Сәлеметсіздер ме апайлар!Судай мөлдір, таза көңілмен, бүгінгі күнді бастайық.

-Балалар табиғат дегеніміз не қалай ойлайсыңдар?

-Табиғат нешеге бөлінеді?

Тірі табиғатқа нелер жатады?

 

-Ал, өлі табиғатқа ше?

-Өте жақсы балалар, жарайсыңдар

Сендер табиғат туралы  көп біледі екенсіңдер.

-Бүгінгі іс-әректімізді  таспадан  әуенді тыңдаумен бастайық (Аудиокассетаға жазылған жылғаның сылдыры естіледі.)

-Балалар,  бұл ненің дыбыстары.

-Бұл судың сылдыры.Су қалай ағады?

-Су не үшін керек қалай ойлайсыңдар?

Есікті қағып  қонақ келеді.(Тамшықыздың келуі) Балалар бізге қонаққа  кім келген?

-Тамшықыз қош келдің, төрлет Балалар   қонағымызбен амандасайық

Тамшықыз:- Сәлеметсіңдер ме балалалар!

-Балалар Тамшы деген не  ? ол ненің бөлігі

Тамшықыз:- Мен әлемді аралап саяхаттап келдім,  өзім үшін көптеген  табиғаттың сырларын ашып, Өзімнің  барша тіршілікке пайдам бар екенін түсіндім судың тіршілік нәрі екеніне көзім жетті.Саяхаттаған жерлерімді сендергесуретке түсіріп ала келдім. Тамашалағыларың келе ме?

Тәрбиеші: балалар, ендеше Тамшықыздың саяхаттағы қызықты суреттерін  бейнетаспадан тамашалайық.

Слайд көрсету( Су бар жерлер теңіз, көлдер,т.б.)

-Бейнетаспадан не көрдіңдер?

-Иә, балаларжер бетінің көп бөлігін су алып жатыр, жер бетіндегі су құрлықтан үш есе көп олар:теңіз, мұхит, өзен, жасанды су қоймалары, батпақ, бұлақ сулары.

-Адамдар ежелден-ақ су қоймалары бар жерге қоныстаған.Біздің тұратын жерде  қандай өзен, көлдер бар?

– Жақсы, жарайсыңдар. Су кімге, нелерге керек екен?

-Жер бетіндегі су көп болса да, барлығы бірдей ішуге жарамды бола бермейді.Су тұщы және тұзды(ащы) болады.Біз, яғни адамдар ішу үшін қандай суды пайдаланамыз?

-Ал, тұзды суды көбіне қайдан кездестіруге болады?

– Сонымен, балалар су тіршілікке өте қажет, сусыз өмір жоқ. Су – өмірдің негізі.Сондықтан біздер суды ысырап қылмай, үнемдеп, босқа төкпей пайдалануымыз керек, олай істемесек жер бетінде су жоғалып кетеді.

-Егер  жер бетінде су болмаса біздің табиғатымыздың түрі мынадай болар еді .

Слайд көрсету(судың жоқтығы)

Бейнетаспадан не көрдіңдер?

-Сондықтан, балалар жер беті шөл далаға айналып кетпеу  үшін, әр адам суға жауаптылықпен қарап, қорғауы тиіс.Зауыт, фабрикалардан шыққан қалдықтарды өзен-көлдерге ағызбау керек.Ал, сендер суға қандай қамқарлық жасай аласыңдар?

Сергіту сәті.

Биік болып өсеміз,

Жапырақтай жайқалып.

Ағаштарға су құйып,

Өсіреміз сая бақ.

-Балалар, жақсы жарайсыңдар ал,енді айтыңдаршы  біздің топта  да сусыз өмір жоқ? Неге, қалай ойлайсыңдар?

Тамшықыз:Дұрыс айтасыңдар балалар, мен сендерді судың  қасиетімен,құрамымен танысу үшін қызықты тәжірибелер жасауға шақырамын.

Тәрбиеші: Балалар тамшықызбен тәжірибелер жасағыларың келе ме?

Жақсы.Олай болса, тамшықызбен бірге судың қасиетін анықтау үшінтәжірибе жүргізуге үстел қасына барайық.

Тәжірибе жасау.

1.Судың иісін өзгерту

Суды иіскету.

-Судың иісі бар ма?

Суға сарымсақ тұнбасын құю, иіскету

-Ал, енді иісі бар ма?

 

2. Судың түсін өзгерту.

-Судың түсі бола ма?

Әр балаға бояу жағылған қылқалам беру. Суды арластырады.

Судың түсін өзгертуге бола ма?

Тамшықыз: Жарайсыңдар балалар  тәжірибені жақсы жасадыңдар.

Тәрбиеші: Сонымен тәжірибе жасап біз судың түсін өзгерттік пе?

-Ал, судың иісі қандай екен?

-Тамшықыз, көрдің бе?! Біздің балалар қандай алғыр, ақылды .Судың қасиеттерін айыра біледі. Су туралы көптеген аңыз, әңгімелер де біледі. Қазір сізге арнап Балбұлақ ертегісін сахналап береді соны тамашалап көріңіз.(тәрбиеші бірнеше балаға кейіпкерлердің рөлін бөліп береді). (Әсем әуен ойнап тұрады)

Автор:  Ертеде шыршалар мен емендердің, қайыңдар мен бүлдіргендердің арасымен  таудың етегінде  суы мөлдір таза  бір бұлақ ағып жатады. Бұл бұлақтан айналадағы   жан-жануарлар да , құстар да , өсімдіктер де  нәр алады екен.Бұл бұлақтан  аспандағы күннің де шуақтары  қуат алып қуанып тұрады екен. Бірде осы бұлақтың жанынан өтіп бара жатқан  түлкі байқаусызда суға  құлап  құйрығын сулап алады

Түлкі: Әй өсы бір бұлақта ,үстімді су қылдың ғой. Немене сонша сылдырлайсың Менің жолымнан кет жоғал

Автор: Түлкі осылай балбұлаққа айқай сап ұрысып тұрғанда қасына қасқыр келеді(қасқырдың қолында стақан)

Қасқыр  жүгіріп келеді

Қасқыр:Не болды достым  неге айқайлайсың?

Түлкі:Мынабұлақ үстімді сулап тастады, осы балбұлақтың керегі жоқ

Қасқыр:Мен де осы бұлақтан шаршадым  кетші ары. балбұлақ маған да, жүруге кедергі жасай беріп тұр, осыдан қандай пайда бар дейсің?!-деп қолындағы  заттарын лақтырады.

Автор: Балбұлақтың сыңғырлаған дыбысы өшіп қалады. Балбұлақ не істерін білмей, қайғырып қалды.  Ормандағы бұл келеңсіз жағдайды  аспанда  тұрған күншуақ басқалардан бұрын байқап қалды да, бүркітті балбұлаққа көмектесуге шақырды.

Күншуақ: Бүркіт мына  қасқыр мен түлкі балбұлақты ренжітіп жатыр. Сен оларға  судың тіршілік көзі екенін түсіндіріп көрші.Бүркіт ұшып келеді

Бүркіт: – Қасқыр, түлкі  сендер дұрыс жасамадыңдар. Балбұлақты  бекерден бекер ренжітпеңдер.Балбұлақ  осы жердегі бәріміздің тіршілік көзіміз.Балбұлақтың суынан нәр алып өстік.Су болмаса жер беті күйіп кетеді Мен көп жерлерде ұшып жүрмін .шөлді жерлерде  сусыз тіршілік жоқ.

Түлкі: – Кешіріңіз мені, мен енді балбұлақты ренжітпеймін.

Қасқыр:Мені де кешіріңіз бұлақты былғамаймын, қоқысты тастамаймын

Балбұлақ: – Рахмет, саған Бүркіт (Музыка ойналады )

Автор: Бүркіт оларды кешіреді, судың қадірін түсінгендеріне риза болып, өз жөнімен ұшып кетеді.Содан бері түлкі мен қасқыр балбұлақты қорғап онымен дос болады.

-Балалар, бұл ертегі сендерге ұнады ма?

-Ертегіден нені үйрендік?

-Иә, балалар біз бүгін судың не екенін білдік. Оны аялаудың, қадірлеудің қамқорлыққа алудың қажеттігін түсіндік. «Судың да сұрауы бар.» деп халқымыз бекер айтпаған. Сол себепті суды, қоршаған ортаны қорғап, қамқорлық көрсетіп, аяласақ, ол біздің Отанды, елімізді, туған жерімізді қорғағанымыз екен

   Тыйым сөздер

Суға түкірме. Суды бекер ағызба. Судың бетін ашық қалдырма. Түнде су алуға барма. Суды лайлама. Бұлақты былғама. Ағынды суға кір жума.

Ал, енді құрметті қонақтар бүгінгі оқу іс-әрекетімізге келгендеріңізге көп рахмет- дей келе,  өздеріңіз көріп куә болғандай біздің балалар су туралы көп нәрселерді біледі, және де суға әрдайым қамқор бола алады, сол себепті олар сіздерге «Есімізде болсын!» деген жаднамаларды сыйламақ

Қонақтарға «Есімізде болсын!»атты жаднамалар тарату

 Балалар шаттық шеңберін жасайды.

Өлең жолдары бойынша қимылдарды жасайды

 

 

 

 

 

-Бізді қоршаған орта.Ағаштар, гүлдер,жануарлар, адамдар, жәндіктер т.б-Тірі және өлі.

Жануарлар, гүлдер,

ағаштар.

-Қар, су, тас, жаңбыр, күн.

 

 

 

Балалар дыбыстарды мұқият тыңдайды

Балалардың жауаптары Бұл су ағып жатыр.

-сылдырлайды

-су ішу үшін керек су болмаса гүл өспейді,т.б

 

Балалардың жауаптары

 

Балалар қуанып, амандасады

 

-Тамша судың бөлігі

 

 

 

 

 

-Иә

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бейнетаспадан суреттерді тамашалайды.

 

Бейнетаспадан некөргендері жайлы айтады

 

-суларды көрдік

 

-Өзен, көлдерді көрдік

 

-Есіл өзені ағады

 

-Адамға, гүлдерге, ағаш – тарға, жануарларға керек.

 

 

-Біз ішу үшін тұщы суды пайдаланамыз

 

-Көлдер , теңіз, мұхиттарда су тұзды болады.

 

 

 

 

 

 

 

-Судың жоқ болып кетуін

 

 

-Суды ластамаймын, суды бекер ағзыбаймын,

 

 

 

 

 

Қимыл-қозғалыс жасап, бойларын сергітеді

 

 

 

 

-Иә, су бізге керек ішу  үшін, жуыну үшін  ыдыс жуу т.б

 

 

 

-Иә, барамыз

 

Балалар тәжірибе жасайтын үстелге барады

 

 

 

 

-Суда иіс жоқ

 

 

-Иә, бар

 

 

 

–Жоқ,судың түсі болмайды

-Иә, судың түсін өзгертуге  болады

 

 

 

-Иә

 

-Судың иісі жоқ, ол иіссіз

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Иә, өте ұнады

-Суды қорғауға, қамқор болуға, дос болуға үйрендік

 

 

Балалар өз ойларын айтып, тәжірибе жасағандарын бір-біріне қызығушылықпен бөліседі.

 

 

Тыйым сөздерді бірге айтады

 

 

 

 

 

 

 

Балалар жаднамаларды қонақтарға таратып береді

 

 

 

 

 

 

 

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Судың сұйық зат екенін білу.

Меңгереді Тәжірибе арқылы судың қасиеттерінің өзгеріп отыратынын менгерту.

Жасай білуі: Тәжірибе жасап, бастаған істерін аяғына жеткізе алады.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *