«Алтыннан жасалған бұйымдар. Тәуелдік жалғау» сабағы


Кабдрашева Гульсум Николаевна

Калиновка орта мектебінің

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сабақтың мақсаты:

1.Мәтіннен сөз тіркестерін,сөйлем құрастыра  білуді үйрену;сөз тіркестері мен сөйлемді меңгеру, алтын адам туралы айта білу.

Сабақтың міндеттері:           

1.Білімділік:тақырып бойынша жан-жақты мәлімет алу,сөз тіркестері мен сөйлемді түсіну,сауатты сөйлеу мен жазуға үйрену.

2.Дамытушылық:ауызша және жазбаша тілді дамыту,қызығушылықтарды ояту,танымдық көзқарастарын қалыптастыру.

3.Тәрбиелік:өз елінің байлықтарын құрметтеу, Қазақстанның мәдениетін білу.

Сабақтың түрі:жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: «Балық қаңқасы» .

Көрнекілігі:кітап,интерактивтік тақта, слайд.

                          Сабақтың барысы:

.I Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу. Тақтаның тазалығына көңіл аудару.Оқушылардың көңілдерін сабаққа ұйымдастырып аудару.

II.Үй жұмысын тексеру.

Балалар, өткен сабақта біз не білдік? Зергерлік бұйымдарға нелер жатады?

Осы сөзжұмбақты шешіңдер.

%d0%bd%d0%be%d0%b2%d1%8b%d0%b9-%d1%80%d0%b8%d1%81%d1%83%d0%bd%d0%be%d0%ba-3

  • Сөздік жұмыс.
  • Алтыннан жасалған әшекей бұйымдар- украшения из золота
  • Қорған-крепость
  • Өрнектер-узоры
  • Қару-жарақ-оружие
  • Бағалы-драгоценный
  • Табылған –найденный
  • Презентацияны қарау.
  • Рефератты тыңдау.

Білезік, сырға сөздерді тәуелдеу.

Алтын адам жайлы кластер құру. Қиялданайық. Сендердің ойлауынша алтын адам қандай болуға тиіс?

3- жаттығу алтынның түсі қандай? Сары түсті заттардың атын жаз. Сөйлем құрастыр.

Сергіту сәті:

Тап-таза суда

Балық жүзіп ойнайды.

Біресе жиырылады,

Біресе керіледі,

Біресе құмға тығылады

 

Венн диаграмманы толтыру.

Тест сұрақтар

  1. “Алтын адам” қашан табылған?

А)1968-1969ж.Ә)1969-1970ж.Б)1970-1971ж.

2.Сақ жауынгері қай ғасырларда өмір сүрген?

А)б.з.д. V-IV ғғ.Ә)б.з.д.VI-Vғғ..Б)б.з.д.VII-VIғғ.

  1. “Алтын адам” қайда табылған?

А)Шымкентен.Ә)Атыраудан.Б)Есік қорғанынан.

  1. Зергерлік бұйымдарға жатады.

А)көйлек            ә)сырға       б)бор

  1. Зергерлік бұйымдар неден жасалған?

А)темір             ә)алтын       б)пластмасс

 

       Ұй жұмысы. Жаңа сөздерді жаттау. Алтын адамға хат жазу.

             Бағалау

Рефлексия

1.Бүгінгі сабақ…болған(қызықты,қызықты емес)

2.Бүгінгі сабақ маған(ұнады,ұнамайды)

3.Менің көңілім (көтерілді,төмендеді)

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *