Сабақ «Өтініш үлгісі, өтініш туралы түсінік»


Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі

Гиззатова Бахытгуль Аскаровна

«Уәлиханов ауыл шаруашылық колледжі» КММ

Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл с..

Скачать материалы

Сабақтың мақсаты:

1) Білімділік: Студенттерге ресми іс қағаздар стилі, оның ішінде  жеке  адам  өміріне  қатысты  іс қағаздарының  түрлері,  оның  тілдік,  құрылымдық  ерекшеліктері    туралы  түсінік  бере отырып, өтініш құрылымы туралы, қоғамдағы алатын орны туралы мәлімет беру;

2) Дамытушылық: Шығармашылық, сауаттылық және іскерлік қабілеттерін дамыту.

3) Тәрбиелік:  Құжат үлгілерін толтыруда ұқыптылыққа, тиянақтылыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі:   аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: іс жүргізу,  қазақ тілі, тарих, информатика.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, өзіндік, көрнекілік

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, сызбалар, құжат үлгілері, кестелер, интербелсенді  тақта.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру бөлімі. Білім алушылармен амандасу, сабаққа қатысын тексеру және  олардың назарын сабаққа аудару.

Көніл-күйлерін тексеру мақсатында өздерінің көңіл-күйін бір сөзбен ақ параққа жазып, тақтаға іліп қояды.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Хаттама дегеніміз не?
  2. Хаттама жазу құрылымы
  3. Құжат дегеніміз не?
  4. Ресми құжаттар олардың түрлері
  5. Стильдің түрлерін атаңыз.

 

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту. 

Сабақтың жоспары:

  1. Тарихи жаңалық
  2. Жеке адамға қатысты құжаттармен танысу.

3.Өтініш түрін үлгі бойынша жазу.

  1. Тапсырмалармен жұмыс жүргізу.

І тарихи жаңалық

ХVІІІ ғасырдағы қазақ даласында

қолданылған ресми іс қағаздарының тілі

  • Бұл кезеңдегі ресми іс қағаздарына қазақ хандарының, сұлтандарының, батырларының патшаға және орыс әкімшілік органдарына жазған хаттары жатады.
  • Іс қағаздар атаулары: ғарыз, ғарызнаме, ғарызхал.
  • Бір жағдайды хабарлау, оқиғаны баяндау, бір нәрсені білдірту үшін жазылған іс қағаздары: ағламнаме, ғарзенаме.
  • Ең көп қолданылған сөздер: хан, ханзада, қара, ақсүйек, құл, күң, байғұс, жамағат, халық, ел сөздері көп қолданылған

ХХ ғасырдың басындағы ресми іс қағаздар тілінің ерекшелігі.

  • Оқу-ағарту жұмыстары, мәдениет және өнер-білім салалары жаңдана түсті;
  • “Қазақ газеті”, “Айқап” журналы, “Садақ” журналы қазақтың жазба әдеби тілін, оның стильдік тармақтарын әрі қарай дамытуға орасан зор қызмет атқарады.
  • Фонетикалық өзгерістері:
  • Ғақыл ақыл
  • Ғақылдасу ақылдасу
  • Хәзірлеу әзірлеу
  • Дұрст дұрыс
  • Ғайып айып
  • Ғөнер өнер
  • Хәр әр
  • Достқадосқа

ІІ Жеке адам өміріне қатысты іс қағаздары:

  • Өмірбаян, түйіндеме, жеке іс парағы, визит карточкасы, өтініш, арыз, мінездеме, жеделхат.

 Өтініш( кейде шағым). Өтініш – ұйым басшысының, лауазымы жағынан жоғары тұрған адамның атына белгілі бір ақпаратты, өтінішті, мәліметті жеткізу мақсатында жазылатын іс қағазының бір түрі.

Өтініштің құрылымы:

– Адресат;

– Құжаттың аты;

– Мәтін;

– Күннің жады;

– Өтініш иесінің қолы, аты-жөні.

Өтініштің түрлері:

1)Жұмысқа қабылдау туралы (о принятии на работу)

2)Жұмыстан босату туралы (об увольнении с работы)

3)Басқа қызметке ауысу (о переводе на другую должность)

4)Демалыс алу туралы (отпуск)

Сөздікпен жұмыс:

  • Өтініш –заявление
  • Жұмыс – работа
  • Құжат – документ
  • Жұмыстан босату – уволить с работы
  • Демалыс – отпуск

Жалғау және Есімдік

  • Жіктік жалғау:
  • -мын/-мін, -бын/-бін, -пын/-пін.
  • Жіктеу есімдіктері:
  • мен, сен, сіз, ол.

Қолданылатын септіктер:

  • Барыс септік:                     Шығыс септік:
  • -ға/-ге, -қа/-ке.           -дан\-ден, -тан\

-тен, -нан\-нен

Қарату формалары (формы обращения)

  • Директор, ханым, мырза, төраға, төрайым.

Етістік минимумы:   
өтінемін /сұраймын; жіберу, қабылдау, рұқсат ету, босату, ауысу, пайдалану, бөлу.

 

ІІІ Өтініш үлісі

Уәлиханов ауыл шаруашылық

колледжінің директоры

Сайран Кенжетайұлы Ташкинге

фермер шаруашылығы бөлімінің 2-курс

студенті А.М. Оспановадан

 

 

 

Өтініш

 

Мені денсаулығыма байланысты фермер шаруашылығы күндізгі оқу бөлімінен сырттай оқу бөліміне ауыстыруыңызды өтінемін.

 

 

27.06.2013 ж.                                                                             қолы

 

 

М.Жұмабаев  атындағы
қазақ  ұлттық университетінің
ректоры проф. Е.Б. Сыдықовқа
Сәбитов Айдар Мақсұтұлынан,
мекен-жайы:
Астана қ., Мирзоян к-сі, 27/1-15
тел. 37-46-89, 87015632569

Өтініш

Сізден мені 2012 жылдың 20 ақпанынан бастап Жоғары оқу орнынан кейінгі, білім департаменті Магистратура бөлімінің бас маманы лауазымына
қабылдауыңызды сұраймын.

20.02.12                                                                                     /қолы

 

Өтініш өз қолымен жазылады
 
Ж.Мусин  атындағы
қазақ педагогика колледжінің
директоры Н.А.Ахатқа
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің
оқытушысы Ж.К.Кусаиновадан

Өтініш

Мені 2016 жылғы 18 маусым мен 18 шілде аралығында кезекті еңбек демалысына жіберуіңізді сұраймын.

20.02.16                                                                                     /қолы
VІ Тапсырмалармен жұмыс:

  1. Өтініштегі сөйлемдерді дұрыс орналастырыңыз:

1 қатар.

2016 жылдың / бастап / 10 қарашасынан / отбасы / байланысты / жағдайына / 1 апта / тыс / кезектен / демалыс / еңбек / сұраймын / беруіңізді.

2 қатар.

Қабылдауыңызды / мені / осы жылғы / сұраймын / жбас маман / 15 шілдеден / қызметіне / бастап / ретінде.

3 қатар.

Менің / Арыстанов Азаматты/ балам / сізден / қабылдауыңызды / 5 – сыныпқа / сұраймын. 

Өтініш сөзін тәуелдеп шығыңыз.

 

  1. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойыңыз.

М.Жұмабаев  атында…

қазақ  ұлттық университеті…

ректоры проф. Е.Б. Сыдықов…

Сәбитов Айдар Мақсұтұлы…,

мекен-жайы:

Астана қ., Мирзоян к-сі, 27/1-15

тел. 37-46-89, 87015632569

 

 

 

Өтініш

 

 

Сіз… мені 2012 жыл… 20 ақпанынан бастап «Филология» кафедрасы… 0,5 ставкадағы аға оқытушысы лауазымына қабылдауыңыз… сұраймын.

 

 

 

20.02.2012 ж.                   /қолы

 

  1. Жағдаяттар бойынша өтініш жазыңыз.

1 қатар.

Материалдық көмек сұрау туралы.

2 қатар.

Отбасы жағдайыңызға байланысты ақысыз демалыс сұрау туралы

3 қатар.

Жұмысқа қабылдау туралы

 

Қорытынды:
• Өтініштің құрылымын атаңыз?
• Өтініштің түрлерін атаңыз?

  • Компьютерге отырып, берілген тапсырманы орындаңыз.

 

Бағалау:

Сабақтан алған әсері.

Үй тапсырмасы:

  1. Жоғары оқу орындары туралы мәлімет алып, сол жоғары оқу орын директорына оқуға қабылдау жөнінде өтініш жазындар.
  2. Өтініш үлгісі А4 ақ параққа жазылуы тиіс.

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *