Білім күніне арналған тәрбие сағаты «Мен елімнің патриотымын»


Казангапова Сулушаш Аугановна, учитель начальных классов 

ГУ «Малайсаринская средняя общеобразовательная школа» 

с.Малайсары   Майского района  Павлодарской области

Мақсаты:
1.    Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елінің  тарихын білуге тәрбиелеу.
2.    Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту.
3.    Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды  тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері;

Н.Ә. Назарбаев – 2030  бағдарламасы

Слайд  «Менің Қазақстаным», «Мәңгілік Ел», «Тәуелсіздікке 25 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясы» .

Барысы:
І.    Ұйымдастыру.

Мұғалім: – Балалар, бүгін қандай күн?

1-қыркүйек –білім күні.Білім күні-гүлденген, тәуелсіз еліміз Қазақстанның болашағының мейрамы.Бұл күн тек қана оқушылардың,студендтер мен ұстаздардың мерекесі ғана емес,сонымен қатар өз балаларынан өмірлерінің жалғасын,арман-мақсаттарының орындалып,олардың жарқын болашағын көруге үміттенген ата-аналардың да мейрамы.Сіздерге денсаулық,бақыт, оқушылар білім бәйгесінде тек биіктен көрінсін!

Кіріспе:

-Қадірлі ата-аналар! Қымбатты оқушылар! «Мен  елімнің патриотымын» атты ашық тәрбие сағатына хош келдіңіздер!

Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Қазақстан – 2030 » жолдауында  «Біздің балаларымыз-бен немерелеріміз бабалардың игі істерін, дәстүрін сақтай отырып, қазіргі заманғы, нарықтық экономика өркендеу үстіндегі, күллі әлемге, әйгілі әрі сыйлы, өз елімнің патриоттары болады» – деп нақты көрсетілген.

Оқушы:

«Пай, пай, пай!
Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер,
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер!…
Бас иіп, иіскеп топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер!»

– деп М. Мақатаев айтқандай, ең біріншіден, туған жеріміз Қазақстанға тағзым етіп, тәуелсіз елде өмір сүріп жатқанымызды мақтан тұтамыз.

Еліміздің әнұранымен басталады.

Мұғалім:

Ақиық ұлы ақынымыз:
«Ой – хой, қазақ даласы, не көрмедің?!
Қанша қурап, қаншама көгермедің?!
Қорқыт ата қобызымен боздаттың ғой,
Асанның  шерге толы өлеңдерін!
Ой – хой, қазақ даласы, не көрмедің?!»- деп жырлағандай,

Слайд 1 Қазақ халқының тарихынан

 

 

 

халқымыз қазақ болып, ұлт болып қалыптасуы жолында да, одан кейінгі кезеңдерде де, талай қиямет – қайым күндерді де, талай қилы замандарды, кескілескен шапқыншылықтарды да бастан өткерді. Білектің күшімен, найзаның ұшымен, соңғы демі қалғанша туған жерімізді қорғап, бізге аманат етіп қалдырған ұлы даланың ұлы кемеңгерлерінің арқасында бақытты өмір кешудеміз.

Слайд 2  Мәңгілік ел

Мұғалім:

«Мәңгілік Ел» – республикамыздың Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бағдарламасы. Онда Қазақстанның барлық тұрғындарының басын біріктіретін құндылықтар туралы айтылады. Олар: теңдік, еңбекқорлық, әділдік, білімге құштарлық. Еліміздің сәтті  дамуы осы құндылықтарға  байланысты.Оларды сақтау Отанымыздың жарқын болашағы үшін керек.

Оқушы:

«Мәңгілік ел» – бұл біздің бірлігіміздің қуатының қайнар көзі.

Оқушы:

«Мәңгілік ел» – барша қазақстандықтарды біріктіретін Тәуелсіздігіміздің сенімді рухани тірегі.

Оқушы:

«Мәңгілік ел» – бұл атамекенімізге деген сүйіспеншіліктің белгісі.

Оқушы:   

«Тәуелсіз Қазақстан!», «Қазақстан Республикасы»!  Неткен керемет,  киелі ұғымдар!  Бүгінде біз – қанатын кеңге жайған егеменді елміз. Көк туымыз желбіреп, әнұранымыз асқақтай шырқалуда. Тәуелсіздік туының желбірегеніне де, міне, 25 жыл толады. Ерен еңбегімен Қазақстанның әр азаматының жүрегінен орын алған Н.Назарбаевтай көшбасшымыздың болғанына да мақтанамын. Мен тәуелсіз елдің патриотымын!

 

Слайд 3  Тәуелсіздікке 25 жыл( жетістіктер)

 

 

Оқушы:

Ел болдық ерік алдық астаналы
Енді кімнен қазағым жасқанады?
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,
Нұрсұлтанның атымен басталады.

Оқушы:

Еліміздің бейбітшілігі мен тәуелсіздігінің арқасында күліп – ойнап, еркін білім алып жатқан ерікті елдің еркін ұланының бірімін! Ешқандай қиыншылық көрмей жүргенімде, ата – анамның жүздерінен қуаныш пен шаттық іздерін байқағанда, көкірегімді керіп «Тәуелсіз елдің патриотымын!» деп айта бергім келеді.

Мұғалім:

Н. Ә. Назарбаев: «Алдымызда асу – асу белдер бар, ұлт жолында ұйтқи соққан желдер бар. Бел де талар, жел де беттен қағар. Бәріне төзу керек, бәріне көну керек, жас ұрпақ!»- деп айтқандай, біздер, жас ұрпақ, тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін жауапты екенімізді аға ұрпақ зор сенім артып отырғанын түсінуіміз керек. Бүгінгі партада отырған оқушы – ертеңгі азамат, ел патриоты. Сол азаматтардың ең бірінші міндеті – өзінің тәуелсіз елдің өркені екенін ұмытпау, екінші  міндеті – сол елдің іргетасының берік болуына үлес қосу, тәуелсіз елдің патриоты екенін дәлелдеу.

Мұғалім:

-Бүгін сенің ұлттық намысыңды оятатын, жүрегіңе қуаныш ұялататын байтақ жерің бар, кең-пейілді елің бар.

Слайд 4 Астана, Астананың символы-«Бәйтерек»

 

 

Оқушы:

Астана- Отанымыздың бас қаласы, астанасы. Ол Есіл өзенінің жағасында орналас-қан. Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі. «Астана-Бәйтерек» кешені  – Астананың символы.

Ән: Туған өлкем

Мемлекеттік тіл-қазақ тілі. Қазақ тілін білу-әрбір қазақстандық азаматтың борышы.
Слайд 5 ҚР рәміздері

 

Оқушы:

1992 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қабылданды. Олар: ту, елтаңба, әнұран.

Оқушы:

Сондай-ақ мемлекетіміздің өз Ата заңы бар. 1993 жылы 28 қаңтарда     ҚР тұңғыш Конституциясы қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа конститутциясы қабылданды.Адамның өмірін, денсаулығын, тыныштығын мемлекетіміздің Ата заңы қорғайды.
Оқушы:

Көк аспандай көкпеңбек,
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен-тек,
Елдің ашық қабағы.

Оқушы:       

Елтаңбасы елімнің,
Неткен әйбәт, әдемі
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі.
Оқушы:

Оттай жанып жанарың
Одан қуат аламын
Әнұран ол – тынысы
Кең жазира даламның.

Ән «Көк тудың желбірегені».

Мұғалім:

-Елім, жерім, тілім, дінім деген әрбір қазақты патриот дейміз. Алайда бүгінгі өсіп келе жатқан жаңа буын, ертеңгі ел тізгінің ұстайтын азаматтарымыз патриот ұғымын қалай түсінер екен?

Назарларыңызға шағын түрде жүргізілген сауалнаманы ұсынамыз.

– Сен өзіңізді патриотпын деп айта аласың ба?

Оқушы:

Мен өзімді патриотпын деп есептеймін. Менің бұған дәлелім, кез келген жерде кез келген уақытта тек қазақ тілінде сөйлеймін.

Патриоттық деген еліне, туған жеріне деген  сүйіспеншілік, барлық ұлттық құндылықтарды құрметтеу болып табылады.

Оқушы:

Әрбір қазақпын деген азамат, ол өз елінің патриоты болуы тиіс.  Мен  өз Отанымның патриотымын, өйткені, кішкентай күнімнен ата-анам мені мектепке бермей тұрып-ақ маған әнұранды жаттатқызып, рәміздер дегеніміз не екенін, олардың мемлекет үшін маңызы қандай екенін ұғындырып өсірді. Осылай менің өз Отаныма деген алғашқы патриоттық сезім қалыптасты.

Қортынды:

– Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің патриоты екендеріңді,  көрсете білдіңдер. Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:
Өткеніңді еске алсаң,
Өскеніңнің белгісі.
Өткеніңді ұмытсаң,
Өшкеніңнің белгісі,
– деген екен.

-Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойыңдағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, құрмет тұтып, еліміздің нағыз патриоттары болатындарыңа сенімім мол.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *