«Ахмет Байтұрсынов-Халық ұстазы» интеллектуалдық ойыны


Исенова Рая Исимбаевна
Лисаковск қаласының мектеп-гимназиясы
қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі

Мақсаты: жастарды парасаттылыққа тәрбиелеу, ұлы адамдар туралы білімдерін толықтыру.

 

Міндеттер:

Ахмет Бйтұрсынов туралы білімдерін нығайту;

Ақын,ғалымның тұлғасы арқылы еліне деген сүйіспеншілік пен құрметті тәрбиелеу;

Өзін-өзі жетілдіру дағдыларын қалыптастыру;

Ой-өрісін кеңейту.

 

Көрнеілік:

Интербелсенді тақта,

Түрлі-түсті  карточкалар,

қаламдар,

Ойын ережесі:

Ойында 5 ойыншыдан тұратын 3 команда қатысады.

Көрермендер сыныптастар,мұғалімдер

Жұргізуші:  Сәлеметсіздер ме, қүрметті мұғалімдер,,оқушылар.  Бүгінгі интеллектуалдық ойынымыз  «Ахмет Байтурсынов- халық ұстазы» деп аталады.

«Қазағым, елім,

Қайқайып белің,

Сынуға тұр таянып.

Талауда малың,

Қамауда жаның,

Аш көзіңді оянып –

деген сөздерді өз халқына арнап жазған ұлы ағартушы, ұстаз, ақын, ғалым, зерттеуші  Ахмет Байтұрсыновтың туғанына арнап бүгінгі ойынымызды өткізгелі отырмыз.

Қатысушылар 10-11 сынып оқушылары

Ойын 4 бөлімнен тұрады1-ақынның өмірбаяны2-шығармашылығы3-білім мен ғылым4+публицистика

Әр бөлім 6 сұрақтан тұрады,сұрақтар 3-тен 15-ке дейін ұпайланған, қарапайымнан күрделіге дейін.Топ сұрақтың бағасын өзі таңдайды. Бірақ сұраққа жауап бере алмаған кезде, кезек басқа топқа көшеді.Жалпы 24 сұрақ.

Командалар бір-бірден сұрақтарды таңдап, жауап береді.

Бөлім/

сұрақ

1-өмірбаяны мен қызмет жолы 2- шығармашылығы мен аударымдары

 

3- білім мен ғылым 4- публицистика
1 А.Б. Қайда,қашан туған ? 1872,5 қыркүйек, Торғай уезі Крылов мысалдарын аударып,қандай жинақ шығарды? «Оқу құралы» оқулығы нешінші жылы шыққан?

 

 

1912 ж

«Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Газеті жоқ жұрт құлағы жоқ керең, тілі жоқ мылқау, көзі жоқ соқыр сықылды», –ақын қандай басылым шығарған кезде айтқан?
2 Жұмыс қызметін кім болып және нешінші жылы бастаған? Мұғалім, 1896 Алғашқы өлеңдер жинағы қай қалада басылып шығарылды? 1928 жылы Алматыда қандай    оқу орнына профессор қызметіне кірісті? Қазақ мемлекеттік  педагогикалық институты «Қазақ» газеті қашан және қай қалада шығарылды ? 1913,орынбор
3 1910-1917 жылдары қай қалада тұрып, қызмет еткен? Орынор 1911 жылы қандай  өлеңдер жинағы жарияланды? А.Б. әліпбиі қазақ тіліне жақын  қандай  жазуы негізінде жасалды «Қазақ» газетін бірге шығарған А.Байтұрсыновтың досы, ақын,

ағартушы-кім?

4 Байтурсыновтың жұбайының шын есмі кім болды? Александра Иванова Әдеби үзіліс фонетикаға арналған бөлімі 1915 жылы, морфологияға арналған бөлімі 1914 ж., синтаксис бөлімі 1916

үш бөлімнен тұратын оқулығының атауы қандай?

 

 

Тіл-құрал

А.Б  «Қазақ» газетінде қандай мәселелерді қозғады?
5 1917 жылы құрылған қандай партияның мүшесі болған? Алаш Неліктен А.Б.  өз жинағын «Маса» деп атады? Әдебиет саласында зор үлес қосқан қандай ғылыми еңбегі бар? Ахмет Байтұрсынов «Қазақтың бас ақыны» деп кім туралы мақала жазған?
6 Нелктен А.Б қуғынға (гонения,преследования) түскен? Қалай ойлайсыңдар, “Ер Сайын” жыры,  мен “23 жоқтау” кітаптарын ақын ненің бай мұрасының негізінде жазған? А.Б. ғылымның қай салаларында көп еңбек еткен? Тарихта белгілі Қарқаралы құзырхатын (петициясын) нешінші жылы жазады?

1905

         

Ойын  жеребеден басталады . Бірінші команда қалаған сұрақты таңдайды, сұрақ экранда көрсетіледі және жүргізуші өзі оқиды.  Егер команда  дұрыс жауап бермесе немесе жауабы жоқ болса,  жауап беру құқығы бірінші карточкаларын көтерген командаға беріледі .Егер сол команда дұрыс жауап берсе, келесі сұрақтаңдау құқығы  сол командаға беріледі. Ойын барлық сұрақтар шешілгенге дейін ойналады. Ойын мәресінде ең көп ұпай жиған команда жеңіске жетеді.Әділқазы алқасы қортындысын жариялап, жеңімпазды жариялайды.  Құттықтау грамоталары ұсынылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *