Қабілетті оқушыларға арналған жұмыс жоспары


№1 В.И.Ленин атындағы орта мектеп
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Аққалиева Гүлзинат Ерболатқызы

«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады» деген Абай. Ұлы ақын сөзі еш уақытта өз мәнін жойған емес. Озық ойлы білімдар адамдар заманның дамуына өз үлесін қосады. Ойлау, іздену-табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйы. Бұл қабілет барлық адам бойынан табылары да сөзсіз. Қабілет іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай нәтижелі етіп орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті.

Қабілетті, жас талапты жастар – бүгінгі егеменді еліміздің жарқын болашағы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Бізге керегі – шын дарындар. Нарық қол-аяғымызды қалай қыспасын мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын,  тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті»,- деп еліміздің болашағы жастарға үлкен мән берген.

Сонымен, дарынды дегеніміз – адамзат баласының басқаларға қарағанда ерекше ойлау, талдау, еске сақтау қабілеті бар шығармашылық пен табысты жұмыс істейтін еңбекқор адамдарда /оқушыларда/ кездесетін қасиетті айтамыз.

 

 

Мақсаты:

Жан жақты білімді, іскер өздік ойлау жүйесі дамыған, адамгершілігі жоғары, дені сау, барынша қабілетті жанды қалыптастыру. Бала дарынының ашылуын өз қабілетіне сәйкестендіре дамыту, жетілдіру. Дарынды балалармен жүйелі жұмыс ұйымдастыру. 

 

Міндеттері:

 

  • Оқушылардың ақыл-ой қабілеттерін жетілдіру.
  • Шәкірттердің шығармашылық жеке дарындылығын дамыту.
  • Дарынды оқушының шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына, қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалауына көмек көрсету.

 

Қабілеттілікті анықтаудың мынадай параметрлері бар.

 

  • Оқушының танымдық /білім/ іс-эрекетінің басқа оқушылардан озық дамуы
  • Психологиялық жоғары дамуы
  • Дені сау ,жан-жақты толық дамуы
  • Ойлау қабілетінің озық болуы
  • Айналадағы құбылыстарды не басқа процесстерді етеңе жақын түсінуі
  • Туа бітті шығармашылық қабілеттің

 

 

Қабілеттіліктің түрлері

  • Интеллектуалды
  • Академиялы
  • Шығармашылық
  • Көсемдік /лидер/
  • Көркем орындаушылық

 

 

Қабілеттілікті анықтау критерийлері

 

  • Теориялық материалды толық игеруі
  • Мартериалды игеруде табандылық көрсетуі/бастап кетпеуі/
  • Алынған білімді әр сабақ сайын дамыту
  • Өз ойларын баяндағанда ғылыми терминологияны пайдалану
  • Пәнді игеруде негізгі проблеманы бөліп алуы және өз алдына шеше алуы
  • Өзіне-өзі талап қоя білуі
  • Тапсылылған жұмысты сапалы орындауы

 

 

Қабілетті балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері

 

  • Оқушының тарау бойынша өз бетімен тест құра білдіруі
  • Тақырып бойынша модель құруға үйрету
  • Алынған білімдерді әр сабақ сайын дамыту.
  • Өз ойларын баяндағанда ғылыми терминологияны пайдалану
  • Пәнді игеруде негізгі проблеманы бөліп алуы және өз алдына шеше алуы
  • Өзіне – өзі талап қоя білуі
  • Тапсырылған жұмысты сапалы орындалуы.

 


 

Физика  пәні бойынша жоғары деңгейдегі, қабілетті оқушылардың тізімі

 

АТЫ-ЖӨНІ СЫНЫБЫ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ, ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
 

 

 

1

 

 

Атырау Аружан

 

 

4«Б»

Оқуға ынтасы жоғары, зерек және ынталы . Оқу озаты.

Ерекшелігі: алуан түрлі тақырыптарға қызығушылық танытуы; тез ойлау, тез қағып алу; бос тұра алмай бір нәрсе істегісі келіп тұрады, біреулермен таласқанды жаны сүйеді, басқалардың назарын өзіне аударуды қалап тұрады.

2 Ахметова Фатима 4«Б» Оқуға ынтасы жоғары, зерек және ынталы . Оқу озаты.

Ерекшелігі: алуан түрлі тақырыптарға қызығушылық танытуы; тез ойлау, тез қағып алу; бос тұра алмай бір нәрсе істегісі келіп тұрады, біреулермен таласқанды жаны сүйеді, басқалардың назарын өзіне аударуды қалап тұрады.

3 Берғали Амилия 4«В» Оқуға ынтасы жоғары, зерек және ынталы . Оқу озаты.

Ерекшелігі: алуан түрлі тақырыптарға қызығушылық танытуы; тез ойлау, тез қағып алу; бос тұра алмай бір нәрсе істегісі келіп тұрады, біреулермен таласқанды жаны сүйеді, басқалардың назарын өзіне аударуды қалап тұрады.

4 Қали  Аруай 7 «А» Оқуға ынтасы жоғары, зерек және ынталы. Оқу озаты.

Ерекшелігі: алуан түрлі тақырыптарға қызығушылық танытуы; тез ойлау, тез қағып алу; өзгеше ойлауы; бос тұра алмай бір нарсе істегісі келіп тұрады; өте күрделі нәрселерді ұнатады, тәуелсіз ірі адамға көп бағына бермейді;

5 Төреғалиева Назымгүл 9«А» Оқуға ынтасы жоғары, зерек.

Ерекшелігі: өзгеше ойлайды, есепті тез ойлап, тез қағып алады,сақтау қабілеті өте жоғары.


 

Қабілетті оқушыларға арналған жылдық жұмыс жоспары

2016-2017 оқу жылы

 

Жұмыстың түрі мерзімі Жұмыс қорытындысы
1 Әрбір сыныптағы дарынды оқушыларды анықтау қыркүйек    
2 Қабілетті оқушыларға арналған жылдық жұмыс жоспарын құру  

02.09

 

Жоспар

 
3 Сынып жетекшілер және педагог – психологімен кеңесе отырып қабілетті (өте ерекше) оқушылар тізімін алу.  

09.09

Тізімін құру  
4 Оқушылардың ойын жүйелі жеткізуге үйрету үнемі    
5 Қабілетті балалармен жүйелі түрде қосымша сабақтар өткізу Жеке жоспар бойынша Жоспар  
6 Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын жүйелеу (рефераттар, деңгейлік тапсырмалар,  шығармашы-лық  жұмыстар т.б.) Жоспарға байланысты Оқушылардың шығармашылық жұмыстары  
7 Өз бетінше ізденіп оқуды ұйымдастыру, дамыту. Жоспарға байланысты Сабақ жоспарлары  
8 АКТ технологиялар элементтерін пайдалану Қажеттілігіне қарай Презентациялары  
9 Әртүрлі  тапсырмалар арқылы танымдық қабілеттерін нығайту Қажеттілігіне қарай Тест тапсырмалары  
10 Дарынды балаларды мектепішілік, аудандық, облыстық пән

олимпиадаларға, ғылыми жобаларға қатыстыру

 

жыл бойы Өз уақытында  
11 Шығармашылық ұжымдық іс-шарада басты пәндерге қатыстыру үнемі    
12 Түрлі  байқаулар, фестивальдар, сайыстарға қатысуға ықпал жасау кезінде Өз уақытында  
14 Оқушы нәтижесін баспасөз беттеріне жарыққа шығару

 

жыл бойы    


Дайындаған: Аққалиева Г.Е.

 

 

 

Қабілетті оқушыларға арналған жұмыс жоспары

 

 

Жұмыс түрі

Шығармашылық, зерттеушілік жұмыс түрі

Күтілетін нәтиже

 

I бөлім.

1.Дарындылық түрлерін саралау жіктеуге негіз болған бірнеше критерийлер бойынша анықтау:

* Іс-әрекет түрі

*Қалыптастыру деңгейі.

*Көрініс беру түрі.

*Жас мөлшеріне қарай дамуының ерекшеліктеріінің сипаты

Диагностика мен мониторинг жасау

Сыныптар бойынша қазақ тілі мен әдебиетінен қабілетті оқушылар анықталады.

 

2.Іс – әрекет түрі және оның оның психикасын қамтамасыз ететін салалары критерийі бойынша:

іс- әрекеттің негізгі түрі практикалық, теориялық (танымдық), көркем- эстетикалық, коммуникативтік және рухани – құндылықтықтар анықтау.

Сыни тұрғыдан ойлау стритегияларын қолдашу.

Көркем – эстетикалық іс – әрекетте әдеби – поэтикалық дарындылық анықталады.

 

3.«қалыптасу деңгейі» критерийі бойынша:

*жаңашылдық пен әлеуметтік мәнге ие болу талаптарына жауап беру бойынша зерттеу.

Түрлі тақырыптағы ойтолғау, эссе, шығармалар жазғызу.

Мүмкіндіктеріне қарай қолайлы жағдайлар туындайды.

 

4.«Көрініс беру түрі» критерийі бойынша зерттеу:

*«жақын арадағы даму аймағын» бағалап және «болашағы зор баламен» жұмыс істеудің ары қарайғы жоспарларын жасау.

Диалогтік оқытудағы ЖАДА бойынша топтық жұмыстарда көшбасшылығын бақылау.

жасырын дарындылығы топтық жұмыстағы іс-әрекеттерінен байқалады.

 

5.Жас мөлшеріне қарай дамуының ерекшеліктеріінің сипаты:

* психологиялық даму жылдамдығы және дарындылығы анық көрінген жас мөлшерінің кезеңін бақылау.

Әр сыныптағы қабілетті және дарынды оқушылармен жұмыста бақылау.

зерттеудің жаңа бағыттары мен әдіс-тәсілдері ойлап табу және т.б сиқты жоғары нәтижелер көрсетеді.

 

II бөлім

1.Сабақтың үш кезеңінде қолдануға оңтайлы стратегиялардың тілдік дарындылықты дамытуға әсері:

1-кезең: қызығушылықты ояту кезеңінде:

Стратегиялар

Оқушы әрекетінің дарындылықты дамытуға әсері.

1.«Тірек сөздер»

Берілген сөздер арқылы ойды кеңейту үшін басқа сөздік қолданыстарды іздей бастайды.

2.«Болжау» кестесін құру.

Алдағы болатын құбылысты болжау үшін қиялға ерік береді, ал ойлау мен сөйлеу тығыз байланысты.

3.«Үш қадамдық сұхбат»

Жүйелі де маңызды сұрақтар ойластырып, сұраққа ұтымды жауап іздеп, оларды хаттап жаза отырып, ауызша және жазбаша тілдік оралымдарды қолдану қабілері қалыптасады.

4.«Бір айналым сөйлесу»

Бірінің ойын бірі жалғастыру арқылы логикалық байланысқа түседі.

5.«Жазу әрекетін ұйымдастыру»

Тақырып таңдай келе, негізгі ойды жүйелеу үшін неғұрлым ұтымды шығатын сөздерді іріктейді.

6.«Ұғымдар келеді»

Берілген сөзге орай ұғымдардың синонимдік қатарын құрастыру тілдік тапқырлықты қажет етеді.

7.«Ой қозғау»

Бір сөз төңірегінде бірнеше ой өрбіту арқылы сөздік дәлдікке жетелейді.

 

2-кезең: Мағынаны ашу кезеңіндегі стратегиялар:

«Кең ауқымды лекция», «ЖИГСО-1», «ЖИГСО-2», «Қабырғаға қарап оқу», «Автор орындығы», «Көнәз» (Бұрыштар), «Жұптасып пікір алысу»,

«Түртіп алу»

тілдің танымдық іс-әрекетінің құралы, ойлау формасы және тілдік дарындылықты дамытудың негізі болып табылады.

3.ой толғаныс кезеңінде қолдануға болатын стратегиялар:

«Т» кестесі Оқушы қарама-қарсы ұғымдарды дәл беру

мақсатында керекті сөз қолданыстарын іздестереді.

« Екі жақты түсініктеме күнделігі» Таңдап алған үзіндіге

комментарий жасау барысында өзіндік сезімді үйлестіру үшін тілдік тәсілдерді таңдайды.

«Пікірталас» Мәселені ұтымды шешуге, өз көзқарасын

дәлелдей білуге талпына отырып, көпшілік ортада шешен сөйлеуге жаттығады.

«Еркін жазу» Оқылған материалға байланысты өз ойын білдіру үшін жазудың түрлі құралдары мен тәсілдерін таңдауы оқушының өзіндік жазу стилін қалыптастырады.

«Соңғы сөзді мен айтамын» Таңдап алған үзіндіге толық,

жан-жақты талдау жасау барысында өзгелер айтпаған пікірлерді табу үшін сөздерді ұтымды, дұрыс қиюластыруға тырысады. «Галереяға саяхат» Басты ұғымдарды беруде басқадан өзгеше, ерекше болу мақсатында жазылатын бұл жұмыс нағыз дарындылықты қажет етеді.

 

III бөлім

Сыныптан тыс кезеңдерде жүргізілетін жұмыс түрлері

Уақыты

1.Мектепішілік  және қалалық, аудандық танымдық шараларға қатысту. (соның ішінде дебаттарға)

Ұйымдастырылған уақытта

2.Мектепішілік, облыстық, халықаралық олимпиадаларға қатысу.

Қазан, мамыр.

3.Қашықтан өткізілетін олимпиадаларға қатысу:

КИО 1 және 2-туры. «Айналайын» сайысы.

Қыркүйек, желтоқсан

4.Мектепішілік, қалалық, облыстық «Жарқын болашақ» сайысына қатысу.

5.Дәстүрлі оқуларға қатынасу

Маусым

6.Қалалық  «Абай мен Шәкәрім» оқуларына қатысу.

Наурыз.

  1. Ұйымдастыратын шығармалар сайысына қатысу.

Сәуір

8.Басылымдарға өлеңдер мен материалдар жариялауды жалғастыру.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *