Графикалық обьектілерді және көркем жазуларды кірістіру.


Тарбақов Бауыржан Айдарович
№2 орта мектебі
Информатика пәні мұғалімі

Сабақты мақсаты:

Білімділік:  Microsoft Word 2013 мәтіндік процессорында графикалық нысандар  мен суреттерді кірістіруді меңгеру; Word мәтіндік редакторын практикада қолдануды оқушыларға тереңірек түсіндіру;

Дамытушылық: танымдық қызығушылықтарын, жұмыс жасау барысында жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен өзін-өзі бақылауын, қорытынды жасай алу тәсілдерін дамыту;

Тәрбиелік:  оқушылардың  материалды саналы түрде меңгеруге, ақпаратты саналы  әрі сапалы түрде игеруге, техникаға ұқыпты қарауға тәрбиелеу.

 

 

Сабақтың түрі: аралас сабақ

 

Сабақтың әдісі: топтық жұмыс,  ББҮ,  «Миға шабуыл», мәтінмен жұмыс, практикалық жұмыс, кубизм.

 

Пәнаралық байланыс: математика, сурет, ағылшын.

 

Программалық-дидактикалық жабдықталуы: дербес компьютерлер, интерактивті тақта, графикалық кескіндердің үлгілері (электрондық түрде).

 

Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу және топқа бөлу, бағалау парақшасымен таныстыру

Психологиялық дайындық. «Жүректен жүрекке» (2 топ бір-біріне жақсы сөздер арнау)

І топ  «Мәтіндік», ІІ топ «Графиктік»

 

ІІ. Үй тапсырмасы: «Миға шабуыл» сұрақ-жауап арқылы оқушыларға өткен тақырып бойынша сұрақтар қойылады.

  1. Мәтіндік процессор дегеніміз не?
  2. Мәтіндік процессорда жұмыс жасау қанша режимнен тұрады? Оларды атап бер.
  3. Microsoft Word программасын қалай іске қосамыз?
  4. Мәтінді пішімдеу дегеніміз не?
  5. Маркерленген және нөмерленген тізім дегеніміз не? Тізім не үшін қолданылады?
  6. Мәтінді терудің жалпы ережелерін атап бер.
  7. Бағандар дегеніміз не?
  8. Кесте дегеніміз не? Ұяшық дегенді қалай түсінесіңдер?

 

 

 

ІІІ. Мағынаны тану

Оқушыларға интерактивті тақтадан жаңа сабақты ашу үшін кескіндер, сызбалар, суреттер және алмасу буферінің таңбашалары беріледі. Сол кескіндерді табу арқылы жаңа тақырып ашылады.

ІV. Топтық  жұмыс.  Мәтінмен жұмыс (Постер қорғау)

Топтар оқулықтағы мәтінді оқып, өзара топ болып талқылайды.

               І .«Мәтіндік» тобына  –  Суреттерді кірістіру,  Автофигуралар

              ІІ.«Графиктік» тобына – WordArt мәтіні,  SmartArt суреттерін кірістіру

   

Кіріспе

Мәтіндік  құжатты ашық хат, плакат түрінде әсемдеу біздің өмірімізде өте жиі кездеседі. Ол үшін  Microsoft Word мәтіндік құжатқа графикалық кескінді қосу керек.

Microsoft Word құжаттарында кескіндеудің негізгі екі түрі қолданылады, олар графикалық нысандар және суреттер.

Алмасу буфері арқылы суреттерді графикалық файлдан және клиптегі жиынтықтардан аламыз.

Суретті басқа қолданбадан кірістіру үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:

  1. Суретті ерекшелеу.
  2. Жанама менюден Көшіру командасына басу.
  3. Microsoft Word мәтіндік процессорына көшіру.
  4. Суретті кірістіру үшін қажет орынға меңзерді қою.
  5. Суретті жанама менюдан Кірістіру командасын таңдау арқылы кірістіреміз.

 

Автофигуралар – бұл ұсынылатын тізімдегі дайын фигуралар (сызықтар, негізгі фигуралар, фигуралы бағдаршалар, блок-сызбалар, сілтемелер, жұлдызшалар және ленталар). Лентадағы, Кірістіру бөлімінің Иллюстрация тобындағы Фигуралар командасы арқылы шақырылатын тізімнен Фигуралар қойылады.

WordArt мәтіні – бұл берілген жинақтағы сәндік мәтін.  WordArt нысанын құру үшін Лентаның Кірстіру қосымша бетіндегі Мәтін тобынан    WordArt қаріптер жиынтығы командасын шақыру керек.

SmartArt суреттерін кірістіру.

SmartArt графикалық элементі мәліметтерді көрнекі түрде көз алдына елестетуге, оларды түрлі макеттер негізінде оңай және тез құруға мүмкіндік  береді.

SmartArt графикалық элементінің көмегімен сапалы бейнелерді тінтіуірді бірнеше рет шерту арқылы құруға болады. SmartArt графикалық элементін құруды оның түрін таңдау ұсынылады, мысалы, «Процесс», «Иерархия», «Цикл» және «Связь» (Байланыс), «Пирамида» сияқты бірнеше түрлі макетті құрайды.

 

  1. Жеке жұмыс. Компьютерде практикалық жұмысты орындау.

Оқушылар компьютерде практикалық жұмыс жасайды, тақырыбы аналар мерекесіне арналған «Құттықтау қағазы».

 1 тапсырма.  Microsoft Word мәтіндік  редакторын іске қосу.  Параққа  “Альбомдық” бағдарын таңдау.

2 тапсырма. Бетке  рамка қойып, суреттерді кірісттіру.

3 тапсырма. WordArt мәтінін таңдап, көркемдеп құттықтау сөзін жазамыз.

 

 Сергіту сәті.

VІ. Сабақты бекіту.

          Сабақты бекіту кезеңінде «Куббизм» әдісін қолданамын. Интерактивті тақтадан оқушылар кубикті айналдырады, кубик тоқтағанда сұрақ беріледі.

  1. Суретті, картинканы қалай кірістіруге болады?
  2. WordArt мәтіні,  жазба, автофигуралар, SmartArt  суреті деген не?
  3. WordArt мәтінін қалай  кірістіруге  болады?
  4. Жазбаны, автофигураны қалай кірістіруге болады?

ББҮ кестесі

Білемін Білгім келеді Үйрендім
 

 


VІІ. Рефлексия.  Сабақтағы өзінің әрекетін бағалау.

Өз бағаңды тақтадан көріп тұрған сөйлемнен баста. Балалар өз ойларын тақтадағы көріп тұрған сөйлемнің бірін таңдап, бір сөйлеммен айтып шығады:

  • Бүгінгі сабақтан менің білгенім…
  • Қызықты болғаны…
  • Қиын болғаны…
  • …енді мен орындай аламын
  • …мен жасай алады екенмін
  • Мені таңғалдырғаны…

 

VІІІ. Үй тапсырмасын беру кезеңі.

Оқулықтағы §4.13-4.14-тің сұрақтарына жауап беру. Оқулық бойынша шығармашылық жұмысты орындау немесе жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларын орындау.

 

 

Бағалау парағы.

 

 

Оқушының аты-жөні

Миға шабуыл Мағынаны тану Постер қорғау Практикалық жұмыс Кубизм ББҮ Жинаған ұпай саны
1
2
3
4
5
Топ ұпайы

 

Критерий

1.Үй тапсырмасы: әрбір дұрыс жауапқа – 1

  1. Мағынаны тану: толық көрсетсе – 2
  2. Постер қорғау: тақырыпты толық түсінді – 2

жартылай түсінді – 1

түсінбеді – 0

  1. Практикалық жұмыс: орындай алды – 2

орындай алмады – 0

  1. Кубизм: әрбір дұрыс жауапқа – 1

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *