Интеграциялық ашық сабақтың әдістемелік жоспары «Мамандығым-мақтанышым»


Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінің

Оқытушысы Кунтурова Бекзат Сактапбергеновна

Өндірістік  оқыту шебері Жамлиханов Улан Серикович

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Студенттердің сөздік қорларын кеңейту ,мамандық тарауынан алған білімдерін қорытып,  тәжірибе жүзінде көрсете білуге үйрету.

 

Дамытушылық: Топтық жұмыс, жеке студенттермен жұмыс жүргізу арқылы оқушылардың лексикалық материалды меңгеру қабілеттерін қалыптастыру,тақырып туралы ойларын кеңейту, эстетикалық талғамын дамыту, ауызекі сөйлеуге, алған білімдерін шығармашылыққа қолдана білуге дағдыландыру, білімдерін тәжірибеде көрсете білуге үйрету.

 

Тәрбиелік: Студенттердің мемлекеттік тілге деген сүйіспеншіліктерін дамыта отырып,мамандығына сәйкес киінуге, әсемдікке, ұйымшылдыққа баулу.

Құндылықтар:

Мемлекеттік тілге деген құрмет

Мамандығына деген сүйіспеншілік

Алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана білу

Сабақтың түрі: Кіріктірілген, білімді бекітужәне қайталау сабағы.

Сабақтың міндеттері:

  • Студенттерді білімді игерудің жоғары деңгейіне жеткізу.
  • Жеке танымдарын жетілдіру;
  • Ойлау қабілетін дамыту;
  • Студенттерге бір пәннен алған білімдерін екінші пәнді оқуда қолдана   білуге үйрету.
  • бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау;
  • топтық жұмыс орындату арқылы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру;
  • сабақтан алған әсерлері бойынша кері байланыс орнату.

Сабақтағы әдіс-тәсілдер:

  • көңіл-күй орнату;
  • топқа бөлу;
  • нақыл сөз;
  • Блум таксономия әдісі;
  • Сергіту сәті;
  • Кері байланыс.

Пайдаланылған әдебиеттер:

Мұғалімге арналған нұсқаулық   www.cpm.kz , арнайы пән.

Дереккөздер:

  • Интербелсенді тақта;
  • Постер;
  • Стикер;
  • Маркер;
  • Топтардың атаулары;
  • Суреттер.

Сабақтың жоспары:

Жалпы уақыты – 90 минут

  1. Ұйымдастыру кезеңі – 3
  2. Топқа бөлу – 2
  • Оқытудың жеті модулін пайдалану – 20
  1. Топтық жұмыс – 10
  2. Өндіріспен байланыс – 20
  3. Жағдаят, тәжірибелік жұмыс -20
  • Сергіту сәті – 5
  • Кері байланыс «Ақылды ағаш» сабақты қорытындылау – 5
  1. Үйге тапсырма -3
  2. Бағалау -2

Күтілетін нәтиже:

  • Оқу үрдісінде қолдану
  • Алған білімдерін жинақтап, дамыту
  • Кәсіби құзіреттілікті жетілдіру

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру.

Психологиялық ахуал туғызу.Студенттерді шеңберге тұрғызып, бір-біріне қауіпсіздік ережесі бойынша тілектер айтқызу. (Қауіпсіздік ережесі,өмірді қорғау ,денсаулықты сақтау,шашты жинау,иіс су сеппеу,иіс май жақпау,зергерлік бұйымдар тағу,ескі аяқ киім,төмен өкшелі аяқ киім,би кезінде, абай болуыдыс тасу,электр жабдықтары,қауіпсіздік ережесін сақтау,  міндет сөздері жазылған қағаздарды таратып, таңдаған сөзі бойынша көршісіне ақ тілек айтады).

1.Студенттерді үш топқа бөлу.  Сөздерді  таңдау арқылы үш топқа бөлініп, отырады.

1.Ақ дастарқан

  1. Бай дастарқан
  2. Той дастарқан

Толығырақ…

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *