«Озық ойлы Ахметтанушы» атты танымдық ойын сайысы


Атырау қаласы

№1 В.И.Ленин атындағы орта мектеп

қазақ  тілі  мен әдебиеті пәні мұғалімі

Жұмағалиева  Алмагүл  Ілиясқызы

Жүргізуші: Қайырлы  күн, қадірменді қонақтар, еңбегі асыл, білімі зор, ғибраты мол, ұстаздар мен оқушылар!
Бүгінгі тұтас буынның төл басы, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан ұлыларымыз салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым, тілші, әдебиет зерттеушісі, түріктанушы, дарынды ақын, аудармашы, педагог, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың 145 жылдық мерей тойына байланысты ұйымдастырылған  «Озық  ойлы  Ахметтанушы» атты танымдық  ойын сайысына қош келдіңіздер! Ортаға  5-8 сынып оқушыларын ортаға шақырамыз.
Жүргізуші: Қазақ  тіл  білімінің діңгегі атанған Ахаң  атамызға арналған іс – шарамыз 8 кезеңнен тұрады. (1 слайд)
I кезең:  «Ұлыдан  ұлағат, жақсыдан  шапағат» (өздері таңдаған тақырыптарын қорғайды)
II кезең: «Көкпар»  айдары  бойынша  Ахмет өлеңдерін жатқа оқу.

III кезең: “Жеті жұмбақ” айдары  бойынша кестеде  жасырынған сұрақтарға  жауап  беру.

IV кезең: “Ахаң жиған асыл сөз” айдары  бойынша нақыл сөздерін айту.

V кезең:  “Мысалмен айтқан көп ойлар” айдары  бойынша көрсетілетін суреттегі  мысалдардың  тақырыбын  анықтау, мазмұнын  ашу, ой түю.

VI кезең: “Бәйге” айдары  бойынша тест сұрақтарына жауап беру.

VII кезең:“Естеліктер сыр шертеді” айдары  бойынша  Ахаң   туралы естеліктерді  айту.

VIII кезең: “Ахмет туралы  мен 40 оқып білдім?” айдары  кезек береміз.

Жүргізуші: Сіздердің  рұқсаттарыңызбен  “Озық  ойлы  Ахметтанушы” атты  бірінші  кезеңді  ашық  деп жариялаймыз.
2 – слайд

Жүргізуші: 

Жасынан шырқап  шыққан жақсы атағы

Елінің әулиедей  ақсақалы,

Қараңғы адамдардың зердесіне

Тараған таң нұрындай ақ шапағы

Сөзінің ойы терең, оты күшті,

Уақытты орап озған оқымысты

Ел оқып, оның жазған ғимаратын

Жетілді сарайына тоқып ішкі.
Жүргізуші:

II кезең: «Көкпар»  айдары  бойынша  Ахмет өлеңдерін жатқа оқу.
Жүргізуші:

Ахмет  аға  рухани  ұлы  көсеміміз

Халқымыздың  өнегелі  ардағы

Келешекті  кеңнен  болжар

Көрегенді  кемел ойдың  саңлағы

Жүргізуші:
III кезең: “Жеті жұмбақ” айдары  бойынша кестеде  жасырынған сұрақтарға  жауап  беру.

Жүргізуші: 

Жалғыз ауыз  жақсы  жырды сафалтынға балаған.

Сөзің балдай, өзің  таңдай  жан  екенсің  ағажан

Қасіреттен  түсті басым  тауқыметті  тағдырың

Қасиетті өз орныңды  алдың  бүгін  арадан

IV кезең: “Ахаң жиған асыл сөз” айдары  бойынша  нақыл сөздерін айту.

Жүргізуші:  

Ол  салған жолға түсіп талаптанып

Өмірлік сұрағына жауап тауып.

Басына жастап жатып әліппесін

Сан ұрпақ көзін ашты сауаттанып.

V кезең: “Мысалмен айтқан көп ойлар” айдары  бойынша көрсетілетін суреттегі  мысалдардың  тақырыбын  анықтау, мазмұнын  ашу, ой түю.    (3 слайд)

Жүргізуші:  

Ажалға оны елі қия алмады,

Жүр деді қолымда қияндағы

Шығарған оның мұңлы  әні айтылып,

Шертілді көңілдегі күй арманы.

VI кезең: “Бәйге” айдары  бойынша тест сұрақтарына жауап беру.     (4 слайд)

Жүргізуші:  

Өкінішім, Аха, сенің көре алмадым жүзіңді.

Білем,  білем, келер ұрпақ алады аршып ізіңді.

Қапелімде тамағыма өксік келіп тіреліп,

Сағыныштың ыстық жасы жанарымнан үзілді.

VII кезең: “Естеліктер сыр шертеді” айдары  бойынша Ахаң туралы естеліктерді  айту.

Жүргізуші:  
Бұл бір сөз қасірет айтып хатқа жазған,
Қалмаған түк қасиет, қазақ азған.
Байға мал, оқығанға шен мақсұт боп,
Ойлайтын жұрттың қамын адам аздан.
VIII кезең: “Ахмет туралы  мен 40 оқып білдім?” айдары  кезек береміз.
Жүргізуші: Қымбатты білім сүйер қауым, Сырбай Мәуленов ақынымыз айтқандай  «Ойшыл ақын, ғибратты  ғұлама»  Ахмет  Байтұрсынов  атамыздың мерей тойына арналған  танымдық ойын сайысымыз өз мәресіне келгендей. Әділқазылар алқасына сөз берейік.
Жүргізуші:
Ахмет атамыздың өзі айтқан « Мойындағы борышты білу – білім ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі» деген  сөзімен  сіздерге  бейбітке толы күндерімізде кездескенше  демекпіз.

Оқушылар  жеңістеріңіз  құтты болсын!!!
Барлығы  бір  дауыспен  « Сау болыңыздар!!!»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *