Саяхат сабақ ” Бұрыш түрлері. Шаршы және тіктөртбұрыш”


                       Ақмола облысы

Зеренді  ауданы

Баратай орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Искендирова Сулушаш Ауталипқызы

Сілтеме   Математика
Тақырыбы  Бұрыш түрлері. Шаршы және тіктөртбұрыш.
Жалпы мақсаттар Білімділік:Тіктөртбұрыш пен шаршының негізгі қасиеттері туралы білімдерін калыптастыру; фигуралардың ұқсастығы мен айырмашылығын анықтай отырып, фигураларды салыстыруға үйрету. Екі таңбалы сандарды оқи, жаза, салыстыра білуге үйрету. 2.Дамытушылық: шапшаң есептеу дағдысын,математикалық тіл байлығын дамыту; геометриялық фигураларды салыстыру, логикалық ойлау қабілетін,зейінін дамыту; есепті шығара алу дағдыларын дамыту 3.Тәрбиелік: ептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Негізгі идеялар  Тіктөртбұрыш пен шаршының негізгі қасиеттері туралы білімдерін қалыптастыру
Сабақтың типі:

 

Сабақтың әдісі

 

Қолданылатын материалдар

 саяхат сабақ.

түсіндіру,сұрақ-жауап,талдау жинақтау,рефлексия.

«Үйшік» ертегісі желісімен суреттер, плакат, бор

Кейінгі тапсырмалар Үйге: №5 есеп,70 бет
                                    Жүргізетін жұмысым
                Мұғалімнің іс-әрекеті  Оқушының іс-әрекеті
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, зейінін аудару.
Психологиялық дайындық
Біз бақытты баламыз,
Күннен шуақ аламыз.
Жан-жағыма қарап ап,
Аздап күліп аламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.
ІІ Үй тапсырмасын пысықтау. Оқушыларға салыстырмалы түрде оқыту, өзара тексерту.Балалар, бүгінгі сабағымыз  ерекше болмақ.Сендерге мен жұмбақ жасырайын шешуін тауып  көрейік.
Еркін самғап ұшсын деп,
Аялаймыз, баптаймыз.
Бейбітшілік құсы деп,
Қайсы құсты мақтаймыз.Көгершін.
Осы көгершін ертегілер еліннен келіпті,сол елден бізге хат алып келіпті. Ертегінің тақырыбын білу үшін мына тапсырманы орындауымыз керек.

“Баспалдақ” ойыны арқылы  амалдарды орындап, биік шыңдағы жасырын «Үйшік» сөзін табу.  -Ертегі қалай аталады екен?? Ертегі «үйшік» деп аталады.                    -Бұл ертегі естеріңе түсті ме?

-Хатта мына ертегі кейіпкерлеріне көмектесуімізді өтініпті. -Ертегі кейіпкерлеріне көмектесеміз бе?
-Ертеде бір орманда болған оқиға еді.  Ашық алаңқайда кіп-кішкентай ескі үйшік тұрған екен.
Бірде оның қасынан өтіп бара жатқан тышқан үйшікті көреді.Үйде кім бар деп сұрайды.Ешкім үндемейді.
Тышқанға үйшіккке кіруге көмектесуіміз керек, ол үшін бізжаңа сабақ тақарыбын анықтаймыз. Тышқан бізге екі фигура алып келіпті.

Новый рисунок (1)

Яғни бүгінгі тақырып:  Шаршы және тіктөртбұрыш № 1-тапсырманы орындау кезінде мұғалім окушыларды төртбұрыштардың ішінде барлық бұрыштары тік фигураның бар екенін, оның тіктөртбұрыш деп аталатындығы, ал кабырғалары бірдей болса, оның шаршы деп аталатындығы туралы корытындыны жасауға жетелейді.

*Біраз уақыттан кейін үйшіктің жанына бақа келеді.Ол да үшікке кіргісі келеді. Енді бақа үйге кіруге көмектесуіміз керек. Ол үшін  біз топтарға бөлініп отыруымыз керек. (Сыныпты 4топқа бөлінеміз).

1-      топ. Төртбұрыш3-топ. Тіктөртбұрыш

2-       топ. Шаршы 4- топ. Көпбұрыш

Новый рисунок (2)

Бүгінгі күн мен айды жазу.Ә) Көркем жазу. 70,80 сандарын жазу.

*Тышқан мен бақа үйшікте бірге тұра бастайды .Бір күні үйшік қасына ытқып-ытқып қоян келеді.

Қоянда үйшікке кіргісі келеді.Қоянды кіргізу үшін бізжаңа тақырыпқа тоқталамыз.  Жаңа материалды оқып-үйрену.

Алдын ала қағаздан қиылып дайындалып қойған тіктөртбұрыштар мен шаршылар окушыларға таратылады. Алдымен бұрыштардың барлығының тік екені көз мөлшермен немесе үшбұрышты сызғышпен тексеріліп алынады. Тіктөртбұрытардың карама-карсы қабырғаларының тең екендігін оны екіге бұктеу аркылы көреді, ары карай калған қабырғаларын да тексереді. Балалар «қарама қарсы қабырғалар» түсінігімен танысады. Осы іс-әрекет шаршымен де қайталанады. Қабырғаларының тең екендігін тек қарамақарсы қабырғалары арқылы ғана емес, диагональ бойымен бүктеу арқылы көрсету керек. Барлық қабырғалары тең және барлық бұрыштары тік немесе барлық қабырғалары тең болатын тік төртбұрыштың шаршы болатындығы туралы қорытынды жасалады.

*Алыстан үйшікті түлкі көреді. Ақырын басып,терезесін қағады. Түлкі үйге кіру үшін мына тапсырманы орындауымыз керек.№2 есепФигураның ұқсастығы мен айырмашылығы неде?

Новый рисунок (3)

ВЕНН диаграммасы бойынша.

Сергіту сәті

Бойды сергек тік ұста,Емін-еркін тыныста.

Оң қолыңды соз алға,Қол ұшына қара да,

Үшбұрыш сыз ауада,Сол қол босқа тұрмасын,

Шеңбер жасап тынбасын

*Достар енді төртеу болды. Содан кейін үйшікке тілі салақтап қасқыр келеді. Қасқырда үйшікке кіргісі келеді.Қасқырдың тапсырмасы күрделі.

№4 есеп      Тіктөртбұрыш-40

Шаршы-8 Оқушылар барлығы неше фигура қиды?

Шешуі: 40+8=48Жауабы:барлығы 48 фигура қиды.

*Барлығы кішкентай үйшікке сыйып кетеді. Тату –тәтті өмір сүреді.Бірде жүдеп ,терлеп жүрген аю үйшікті көреді. Олда кіргісі келеді, бірақ сыймайды , кірмек болып жатырғанда үй сынып кетеді.

Барлығы бірігіп жаңа үй тұрғызбақшы болады.

№3 есеп орындалады. Тапсырма:А) Ені бірдей тіктөртбұрыштарды ата.

Ә)Ұзындығы бірдей тіктөртбұрышты ата.

Б)Қабырғалары 10 см шаршы сыз. Осы сызылған шаршының төбесіне үшбұрыш қою арқылы аңдарға жаңа үй салып береміз. 4 топ 4 үй сызады, ал аңдар 6 не істейміз? Ол үшін топпен жұмыс  /геометриялық пішіндерді пайдаланып, бір зат құрау/

Берілген пішіндерден  жұп болып бір зат құрауымыз керек. Арасында үй пішінін құрайтын фигуралар бар.

Қорытынды Балалар аю үйсіз қалды. Мен аюға үй беремін .

Ойын ойнап, іздендік, дәптерге жазу түсірдік.

Сонымен сабақта, нені үйрендік,нені білдік?

Топпен шығармашылық, қорытынды жұмыс орындайды.

Бұрыштарды тап:   L M P N     K N M     R      А В С D

 

Оқушылар қонақтармен және мұғаліммен амандасады.

Олар орындарынан тұрып, өлең шумақтарын айтады. Үй жұмысы пысықталады.

Оқушылар жұмбақтың шешуін табады.

 

«Баспалдақ» ойыны арқылы амалдар қатарын орындайды, ертегінің атауын табады.

Ертегі желісімен таныса отырып, тапсырмаларды орындайды.

 

Оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатымен танысады.

Тапсырма арқылы қорытынды жасайды.

 

Оқушылар топтарға отырады, сигналдық бағалауды ескере отырып жақсы бағалануға ұмтылады.

 

 

 

Тапсырманы мұғалімнің бағыттауымен орындай  , яғни топта талқылап,қбір шешімге келеді.

 

 

 

Фигуралардың ұқсастығы мен айырмашылығын табады.

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәтін орындайды.Бойларын сергітіп алады.

 

 

 

 

Тапсырманы жұптасып оқып, талдап, бір шешімге келеді.

 

 

 

 

Аңдарға көмек» ойыны арқылы берілген геометриялық фигуралардан зат құрау жұмыстарын жұппен орындайды.

 

Қорытынды бағалар шығарады. Тақтаға өз ойларын стикерге жазып жапсырады.

 

 

 

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *