“Балабақша тәрбиешісінің ересектер тобындағы балаларға патриоттық сезімді қалыптастырудағы жұмысы”


Рысжанова Бакытжан Насипбековна

КМҚК «Балбөбек» балабақшасының тәрбиешісі

Мектепке дейінгі ересектер тобындағы балалардың бастапқы патриоттық тәрбиесі дегеніміз – бұл балабақшадағы тәрбиешінің алдын-ала мақсатталған жұмысының қортындысы, яғни балалардың жас ерекшеліктеріне сай отан туралы білім деңгейіне байланысты танымдық әрекетін қарастыру арқылы жүргізіледі және сабаққа деген эмоционалдық қарым – қатынасын, Отанда болып жатқан оқиғаларға, қоғамға пайдалы іс әрекетке назар аудару, міне, осылардың бәрі тәрбиешінің жұмысына бағытталады:

  • мектепке дейінгі ересектер тобындағы балалардың туған жеріне, еліне, әдет-ғұрпына, мәдениетіне деген білімдге қаруландыру және қөғамдық өмір құбылыстарына деген жағымды эмоциялық қарым-қатынасын калыптастыру;
  • шығармашылық ойын және бейнелеу әрекеті барысында балалардың ортаға деген белсенді қарым-қатынасының көрінуіне жағдай жасау;
  • ересек балалардың қоғамдағы пайдалы әрекетін қоршаған ортадан жинаған білімдерімен байланыстыра отырып ұйымдастыру.

Осы жағдайларға басшылық ете отырып, оқыту жоспарларында балалардың туған Отанына деген сүйіспеншілікке сай білім жүйесі ұсынылады. Оған мыналар кіреді:

  • табиғаттану мағлұматтары: туған жердің табиғаты туралы, елдер, жануарлар мен өсімдіктер әлемі туралы білімдері; адам өмірінде табиғаттың әкелетін пайдасы жөніндегі көзқарастары; адамдардың табиғат қорғаудағы әрекеті.
  • халқымыздың өмірі жайлы мағлұматтар: адамдардың туған жеріндегі негізгі еңбектері, ерліктері туралы қазақ халқының мәдениеті, дәстүрі басқа ел халықтарының дәстүрлері туралы; біздің еліміздегі халықтардың достығы; халқымыздың Отанға деген қарым-қатынасы.
  • Әлеуметтік мағлұматтар: туған қаланың немесе ауыл-селолардың назар аударалық орындары; ұлтымыз жайлы білімдері, оның астанасы, рәміздері жайлы білімдері, біздің еліміздегі басқа да ұлттар жайлы.

Білім мазмұны іріктеу барысында балалардың жасына байланысты, логикалық тапсырма беру; оның тәрбиелік маңыздылығын, сонымен қатар балалардың басқа жағдайларға деген қызығушылығын қарастырған жөн. Балалар өмірге жақын, түсінікті материалды оңай үйреніп, меңгеруге қабілеті. Туған  Отанға деген махаббат тәрбиесі, бұл менменшіл мақсат  немесе қасиетті тәрбиелеу емес , бұл тек мектепке дейінгі ересек балаларда-күрделі, яғни «ұлт», «ел», «Отан» деген түсініктерді қалыптастырудағы ең керекті педагогикалық және жоғары адамгершілік сезімге тәрбиелеу әдісі болып саналады. Мектеп жасына дейінгі ересектер тобындағы балаларды сабақ барысында туған  елмен таныстыру кезеңдегі шешілетін негізгі  мақсаттар мыналар:

  • ересек балалардың Отан туралы түсініктері мен қөзқарастарының ұлғаюы және тереңдеуі;
  • махаббат сезімін және туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін, өзінің халқына деген сыйластығын, оның тарихын, мәдениетіне дұрыс көзқарастарын тәрбиелеу;

мектеп жасына дейін ересек балалардың қоғамдық өмір құбылыстарымен танысудағы негізгі, түрлері болып: сабақтар, экскурсиялар, серуендер, ойын сабақтары жатады. Жүргізушісі әдісі  болып мұнда түсіндіру, ал оны көрсету құралы болып тәрбиеші сөзі жүреді. Сабақтағы эмоционалдық атмосфера көбіне, тәрбиешінің анық оқып беруімен, қызықты айтуымен анықталады, өзінің ішкі сезімін интонацианың, кідірістің мимиканың көмегімен балаларға түсіндіру керек.

Ойын түріндегі сабақ – балалар ең жақсы көретін сабақтың бір түрі. Олар мектеп жасына дейінгі балаларға өте қызықты, оларға қуаныш әкеледі. Сабақтын сапалы әр түрлі болып өтуіне байланысты тәрбиешінің әр түрлі қолданған әдіс – тәсілдері жатады, себебі олар балаларға үлкен әсер етеді.

Жүргізілетін сабақтың мазмұны итермелейтін оқиғаға бағыныңқы  болуы керек, тек осындай жағдайда сабақтың жинақтылығы  және мақсаттылығы дамып,  балалардың патриоттық тәрбиесі сақталып отырады. Әрбір сабақта дидактиқалық және тәрбиелік міндеттерді анықтап отырған жөн. Ересек балалардың патриоттық сезімі одан әрі мақсатқа жету үшін топ тәрбиешілерімен ән – күй жетекшісінің бірігуімен іске асады. Бала сезіміне ән – күй, би арқылы өте үлкен әсер етуге болады. Балаларға ойынның тигізетін пайдасы туралы бірер сөз: Балалар ойын кезінде толғанады, олардың ойындағы толғаныстары үнемі шынайы, олар бейнелейтін әрекетіне немқұрайлы қарамайды.

Пайда болған толғаныстар баланың сана сезіміне кіріп, соның нәтижесінде бала шынайы тәрбие әсер алады. Мысалы: сюжетті рөлді ойындарды бала үлкен адамгершілікпен ойнайды, себебі бала үлкен адамдардың рөлін тандап алады және бала бойында жаңа бір бейне туып қалыптасады. Ойын – балалардың әлеуметтік сезімін қалыптастырады. Ойының көмегімен олар үлкендердің өмірі жайлы, елде болып жатқан оқиғаларды, қоғамдық мүдделерді және қоғамда болып жатқан қарым-қатыныстарды меңгере алады. Сондықтан ойының баланы тәрбиелеуде алатын орны ерекше. Ойын арқылы тапқырлық,  шапшандық, өжеттілік, ептілік, мергендік, еңбек сүйгіштік сияқты қасиеттермен қатар, ақыл –ой тәрбиесі де жүзеге асырылады Нәзипа Кұлжанова «Балаға керегі – ойын. Ең мағыналы пайдалы мектебі, бар қызығы – ойын. Ойында бала көрген-білгенін екшейді, үйренгенің нығайтып бекітеді», – деген. Балалардың,   еліміздегі ұлттар туралы білімдерін тереңдету үшін келесі ойындар мен жаттығуларды алуға болады: «Бұл қандай жер және қай қалада орналасқан», «Сен өз туған қалаң туралы не айтар едің, егер сен экскурсовод болсаң…», «Қарта бойынша саяхат». Балалардың патриоттық тәрбиесінің  маңызды болуына мынадай ойын түрлерін жатқызуға болады: «Қала бойынша саяхат», «Қазахстан бойынша саяхат», «Барлаушылар»,  т.с.с. сонымен бірге жалпы ересек балаларда патриоттық тәрбие жүйесін жасау мақсатын пайдалана отырып, бейнелеу өнерінің әрекетін кең колданған дұрыс. Балалардың патриоттық тәрбиедегі бейнелеу өнерінің мәні мынамен анықталады: бала сурет салып отырғанда өзі қайтадан белгілі бір жағдайларға кірісіп отырғандай сезеді, толғанады, қайтадан бейнелейді, онда шаттану, қызғану, жақсы көру, шабыттану сезімдері пайда болады.

Балалардың сабақ кезінде бейнелеу өнері туралы түсініктері болулары керек. Бұл міндеттерді шешу үшін әрбір жүргізілген тақырып практикалық түрде өтілгені дүрыс. Мысалы: сурет салу, жапсыру, құрастыру әрекеттері кезінде.

Ересек топта балалар бойында патриоттық сезімдері өз Отаны туралы түсініктерді  қалыптастыруға баса назар аудару керек. Бұл кезеңде бала өзі тұратын жерінің – ауа райының, қаласының аты-жөнін, оның көрікті жерлерін, тарихи мекендерін, біраз біліп қалады.

Әдістемелік талаптарға сай ұйымдастырылған екі-үш серуеннен кейін балалардың өзінің туған жері туралы түсініктерді беки түсіп, көкірегінде оған деген сүйіспеншілік сезімі арта түседі. Егер бүлдіршіндердің өздері тұратын мекендерден шыққан атақты өнер адамы болса, ол жайында әр уақыт әңгімелеп отыру керек. Ол адамдардың өздері үшін ғана  еңбек етпей, елі үшін аянбай тер төгіп жатқанын, не болмаса туған жерінде бақытты болашақ орнату жолында құрбан болғандығын түсіндіргеннен кейін: «Міне, балалар, осындай адамдары Отанның адал ұлдары мен қыздары дейміз. Ал отан дегеніміз не, кім біледі?» – деп сұрақ қойылуы мүмкін.

Балалармен туған ел, отан туралы әңгімеде нем құрайлық көрсетуге болмайды. «Отансыз адам – ормансыз бұлбұл», «Туған жердің күні де, түні де ыстық» – деген мақал – мәтелдердің терең мағыналарын жеке түсіндіргенде поэзияның атқарар рөлі ерекше деуге болады.

Қазіргі ақындардың ішінен Отан тақырыбын бала психологиясына сай жазып жүрген ақынымыз – Ермек Өтетілеуіов. Автордың «Отан» – деген өлеңі жоғарыда келтірілген сұраққа тура жауап бере алады.

Отанды біз атамекен,

Деп аялап атаймыз.

Өйткені оны мекен еткен

Бабамыз бен атамыз.

Атайды.

Жас, кәріміз де

Туған жер деп сүйеміз.

Өйткені онда бәріміз де

Туып, өмір сүреміз.

Отанды әркім анасындай

Қастерлейді, қолдайды,

Өйткені Отан балалардай

Бізді асырып, қорғайды.

Отан деген – атамекен

Отан деген – туған жер.

Отан – ана. Отан – үлкен.

Отан біздің туған ел.

Өлең композициялық тұрғыда да жұмыр, ұйқасы да шымыр.

Әр баланың бойына кіп – кішкентай жүрегімен өзі Отанын сүйе білу сезімінің жетіле бастағанын, олардың салған суреттеріне, туған ел, Отан туралы әңгімелеген сәтте алаулаған жүздерінен-ақ көруге болады.

 

Қолданған әдебиеттер:

  1. Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеу. Алматы, 1992 ж.
  2. Отбасы және балабақша. 2004 ж. № 3
  3. Тоқсанбаева З.Е. «Халық ауыз әдебиеті – тәрбие көзі». Алматы, 1991 ж.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *