Ашық зертханалық сабақтың жоспары “Математикалық маятниктің көмегімен еркін түсу үдеуін анықтау”


Жақып Сандуғаш Дүйсенбайқызы

Оқытушы

ОҚО, МКҚК «Шымкент аграрлық колледжі»

Дәрістің түрі: зертханалық сабақ

Оқыту әдісі: зерттеу,тәжірибелік, интербелсенді әдіс, көрнекілік, сұрақ-жауап

Дәрістің тақырыбы:   Математикалық маятниктің көмегімен еркін түсу үдеуін анықтау

Дәрістің мақсаты:     

Білімділік:                Оқушыларға  математикалық маятниктің көмегімен еркін түсу үдеуін  

                               анықтауды    тәжірибелік    зерттеу негізінде үйрету, білімдерін жетілдіру.

 Дамытушылық:        Оқушылардың теориялық білімдерін машықтанумен ұштастыру,

                               танымдылық, ізденімпаздық, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту,

                               білім, білік,  дағды,  іскерлікті қалыптастыру, пәнге деген

                               қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік:                   Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыра отырып, тербелістердің қасиеттері мен өмірде алатын орнын зерттеп білу қажеттілігін өздігінен түсініп,  әрбір істі саналы түрде орындауға, бір-біріне көмек беруге және ұжымшылдыққа тәрбиелеу, өз пікірін еркін айтуға, жылдамдыққа, шапшандыққа тәрбиелеу.

 

Пәнаралық байланыстар: 1. Математика (өрнектермен байланыс жасау, өлшем

                                                                            бірліктерін келтіру)

  1. Химия (Д.И.Менделеевтің кестесінде көрсетілген

                                                                 элементтерін    пайдалану)

 

Дәріске қолданылатын көрнекі құралдар:  Интерактивті тақта, слайдтар,шар, жіп,

                                                                            қысқышы мен сақинасы   бар штатив, таспа

                                                                            (метрлік), секундомер.

                                               

Дәріс барысы

 

І. Ұйымдастыру кезеңі:  (5 мин) Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, сынып бөлмесінің

санитарлық-гигиеналық жағдайын тексеру, оқушылардың   сабаққа дайындығын тексеру, оқушылар зейінін ұйымдастыру.

 

ІІ.Оқушыларды мына тақырып бойынша тексеру: (15 мин)   Математикалық маятник. Математикалық маятниктің тербеліс периодының формуласы.

  1. Сиқырлы сандықша

Уақыттың өтуімен байланысты қайталанып отыратын процесстерді тербелістер деп атайды.

Табиғатта, әсіресі әртүрлі техникалық құралдарда жиі кездесетін тербелістердің түрі электромагниттік тербелістер деп атайды.

Бірдей уақыт аралықтардан кейін  дәл немесе жуықтап дәл қайталанатын денелердің қозғалысы  механикалық тербелістер деп аталады.

Сыртқы әрекет жоқ кезде пайда болатын тербелістерді еркін тербелістер деп атайды.

Сыртқы периодты өзгеретін мәжбүрлеуші күштердің әсерінен пайда болатын тербелістерді еріксіз тербелістер деп атайды.

Егер тербелістер бірдей уақыт аралығында қайталанатын болса, онда ондай тербелістерді периодты тербелістер деп атайды.

Тербелістің қайталану уақытын тербеліс периоды деп атайды.  (секунд)

Т=t/n

Периодқа кері шама айналу жиілігі деп аталады.

(Герц)      ν= n/t

Ал тербелістің ω, циклдік жиілігі ретінде 2π уақыт бірлігіндегі жасалынатын тербелістердің саны алынады, яғни   ,    бұдан

Математикалық маятник деп созылмайтын салмақсыз жіңішке ұзын жіпке  ілінген кішкентай ауыр шарды айтады

Математикалық  маятниктің жиілігі:

Мұндағы: l- маятник ұзындығы

g –еркін түсу үдеуі

Математикалық маятниктің периоды:

Серіппелі маятник – серіппенің серпімділік күшінің әсерінен түзу сызықты тербеліс жасайтын дене.

Серіппелі  маятниктің жиілігі:

Мұндағы: К- қатаңдың коэффициенті

m –дененің массаcы

Серіппелі маятниктің периоды:

Математикалық маятниктің периоды тербеліс амплитудасына тәуелді болмайды.

Математикалық маятниктің периоды жүктің массасына тәуелді болмайды.

Толығырақ…

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *