Ашық сабақ “Түйе. Мағынасы жуық сөздер”

 Ақмола  облысы

Зеренді ауданы

Баратай негізгі мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі:

Искендирова Сулушаш Ауталипқызы

Сабақтың тақырыбы:    Түйе. Мағынасы жуық сөздер.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділігі: қазақ халқының ұлттық кәсібінің бірі төрт түлік малдың  ішіндегі  түйенің  ерекшелігіне тоқталу.Оның еті де,сүті де адамға екенін түсіндіру.

2.Дамытушылығы: оқушылардын мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту,түйенің пайдасы туралы білімдерін  толықтыру,тіл байлығын,ой-өрісін,іскерлік дағдыларын,шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.

3.Тәрбиелігі: оқушыларды төрт түлікке деген құрметке,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі мен жабдығы:Интеративті тақта,төрт түліктің суреті,суреттер, «Санаға сапар» ойыны

Әдісі: ой қозғау,сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік,топтастыру.

Типі: жаңа білім беру.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

-Балалар, бүгін ерекше күн,  біздің сыныпқа қонақтар келіп отыр. Алдымен орнымыздан тұрып амандасайық.

1 таныстырылым     Амансың ба, күн!

Амансың ба, жер!

Амансыздар ма, ұстаздар!

Амансың ба, сен!

Амансың ба, ол!

2 таныстырылым

ІІ. Сыныпты топқа бөлу.(оқушылар ортаға шығады) Топ басшысын сайлау. Топтың ережелерін айту.

Балалар сәрсенбінің сәтті күні өтетін  сабағымызға  сәттілік тілеймін.

3 таныстырылым

ІІІ Ой шақыру

– Балалар,төрт түлік малға нелер жатады?

– Қой,ешкі,сиыр,жылқы,түйе.

– Олардың төлдерін ата.

І топ –Құлыншақтар

ІІ топ- Бұзауқандар

ІІІ топ – Ботақандар

ІҮ топ – Қощақандар

4 таныстырылым

 ІҮ .Үй тапсырмасын пысықтау:

 А) Әр топ   үйге берілген тақпақтарын айтады. «Кубизм» әдісі бойынша сұрақтарға жауап беру.

Ә) БАЛҒЫН  СУРЕТШІЛЕР (Балалар үйде салған суреттерінен көрме ұйымдастырады)

 

5 таныстырылым    

 ІҮ. Жаңа сабақ. Жұмбақ шешу.

Иір-иір денесі,

Сахараның кемесі.

Ащы шөптер-тамағы,

Шөлге шыдап бағады.(Түйе)

6 таныстырылым ТҮЙЕ суреті

Новый рисунок (17)

 

7 таныстырылым

ҮІІ. Оқулықпен жұмыс. (Мәтінді әр топтан бір оқушы оқиды)

Тақырып бойынша сұрақтар:

І топ Түйенің қандай пайдасы бар?

ІІ топ Оның сүтінен не жасалады?

ІІІ топ Түйелер өркешіне қарай қалай аталады?

ІҮ топ Түйе қашан боталайды?

Төзімді – шыдамды (мағынасы жуық сөз) мысал келтіру.

8 таныстырылым

ҮІ. Сергіту сәті «Ойыншықтар» әні

9 таныстырылым

  ІХ. Дәптермен жұмыс (Бүгінгі күнді, айды жазу)

183-жаттығуды орындау.Берілген сөздерге мағынасы жуық сөздерді тауып жаз.

І топ  момын, …

ІІ топ батыр, …

ІІІ топ әдепті,…

ІҮ. топ әдемі, …

10 таныстырылым

Түйе жайында түсіндіріледі.(қосымша мәлімет)

Түйе – төрт түліктің басы. Көштің –көлігі. Оған көбіне жүк артқан. Түйе-киелі жануар. Ол шөлге шыдамды келеді. Оның терісі, жүні, сүті өте пайдалы. Сүтінен шұбат, қымыран дайындайды. Түйе сүтінің емдік қасиеті бар, қазақта түйе сүті бірнеше ауруға ем деген. Терісінен аяқ киім тігеді, ер қаптайды. Жүнінен жылы киімдер тоқиды, көрпеге салады. Түйе жантақ, алабота, ащы қурай деген шөп түрлерін жақсы көреді.Түйе 30-40 жылға дейін өмір сүреді.

Түйе малының жалпы атаулары:

Бота                   Інген

Тайлақ               Бура

Нар                    Үлек

Айыр түйе         Атан

Аруана

Новый рисунок (18)

11 таныстырылым

                         ҮІІІ. Кел,балалар,ойнайық.

Ойнайық та,ойлайық.

Қандай жұмбақ болса да,

Таппай оны қоймайық. ( топпен жұмбақтар шешу)

І. Туасап жүріп кеткен,

Енесін қуып жеткен (құлыншақ)

ІІ. Арқасындағы ерімен туған,

Аптасында бір ішеді судан (түйе)

ІІІ. Кішкене ғана тоны бар,

Айналдырып киген тоны бар (қой)

ІҮ. Өзі қу, жүрген жері шу (түлкі)

Ү.  Үстінде екі тауы бар,

Өзі қызық жануар. (Түйе)

ҮІ.Екі айнасы бар,

Екі найзасы бар. (сиыр)

ҮІІ. Басында таяғы бар,

Төрт аяғы бар, иегінде сақалы бар (ешкі)

ҮІІІ. Бір қазанның ішінде,

Екі түрлі сүт тұрар (жұмыртқа)

12 таныстырылым

Х.  Топпен жұмыс

 І топ –«Жылқының пайдасы»

 ІІ топ- «Сиырдың пайдасы»

 ІІІ топ – «Түйенің пайдасы»

 ІҮ топ –«Қойдың пайдасы»

Әр топ жеке жұмыс жасап, флипчартқа постер қорғайды. Ойлары тыңдалады.

13 таныстырылым

Тренинг ойын. Әр топ өздері қалаған төрт түліктің қимылын көрсетеді.

14 таныстырылым

Сабақты қорытындылау.

«Санаға сапар» ойыны.

Новый рисунок (19)

                               Қонақ ұстаздарға «екі жұлдыз, бір тілек»ұсыну.

Leave a Reply

Your email address will not be published.