Менің елім Қазақстаным!


“Қостанай қаласының әкімділігі бөлімінің № 4 балабақшасы МКҚК ”

тәрбиешісі

Сыздыкова Айжан Гарибжановна

«Талант жаратқанның сыйы ғана емес, сонымен бірге, өзіңнің алдыңдағы, қоғам мен Отан алдындағы жоғары жауапкершілікте» -деген Елбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Мен өз басым осы елбасшымыздың айтқан сқздерін дұрыс санаймын.

Мен өз Отанымды,жерімді,елімді  мақтан тұтамын.   Әрбір  жанға  өзінің отбасы, туған  – туыстары жолдастары ыстық болса, Отан  да адам баласына  солай да ыстық.

«Отан»  десе адамның жүрегі  езіліп, жүрекке жылы болып есептелінеді.

«Отан үшін отқа түс – күймейсін» – деген мақал бар. Расында  да егер Отан үшін жанынды қисаң, ол  үлкен абырой. Отан үшін өлген адамның өзі өлгенімен, аты ешқашанда өлмейді.  Тарихта мәңгі қалады.

Отан деген – сенің туып өскен, кіндік қанын тамған жер, ата – анаң, досың Отанға деген махаббат, сыйластықпен ұласса – ол адамның рухани деңгейінің биіктігі.  Дегенмен де Отанға деген  махаббат пен сүйіспеншілік, анаға деген махаббатпен тең.

 

Мен өзім осы Қазақстанда туып ,өсіп,болашақ қазақстан азаматтарын тәрбиелеп  жатырмын.

Қазақстандай еліміз барын мен балаларға үзбей үнемі мақтан етіп айтып отырамын.Қазақстан көпұлтты мемлекеттің бірі,қаншама басқа ұлт өкілдері тұрып жатыр осылай тату-тәтті мемлекет болсын деп алладан тілеп оытрамын.

Тәуелсіздік алып,өз ақшамызды шығардық.Қандай тамаша ақшаның бетінде еліміздің жазушылары,белгілі адамдардың суреті бейнеленген.Ол да біздің еліміздің жетістіктерін  белдіреді.

Біздің еліміздің жері,табиғаты өте көрікті.Туымыз,елтаңбамыз,әнұранымыз жайлы балаларға айтып,жаттатып отырамын.Сонымен қатар мақтан ететін қалаларымызда бар,оның бірі көркейіп келе жатқан Астана қаласы.Бұл қалаға мыңдаған адамдар келеді.Біеулері қыдырып келсе,біреулері әдейі Астаны көрейін деп келеді.
Астана – Отанымыздың жүрегі.

Осы еліміздің 25 жылдығына орай көптеген мерекелер, жиындар болып жатыр.

Біздің де Қостанай қаласында мектептер,балабақшалар арасында тамыз айында«Бесік-арба шеруі»,

(Парад колясок) болып өтті.Біз де осындай шеруге білген өнерімізді салып «Ақорда мен Бәйтерек» жасап шығардық.Осы шеруге үлес қосып,өнерімді осылай көрсете білгеніме мен өте қуаныштымын.

image001 image002 image003 image004 image005 image006 image007 image008

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *