Төгіледі қаламымнан әсем жыр…


№28 Құсмұрын орта мектебінің 10 «а» сынып оқушысы Асанова Гүлназ. Жетекшісі: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абуталипова Асемгуль Багитбаевна 

Кең алқапты бидай-астық піскені,

Алтын күздің бүгін, міне, келгені.

Тобыл-Торғай арасын сұрасаңыз

Ахаңменен Ыбырайдың бұл мекені.

Ең алғаш боп мектеп ашқан ұстазын,

Бар қазаққа арнап жазған мұрасын,

«Кел, балалар, оқылық!» – деп бастаған,

Әліппеден білім нәрін қуасың.

Білім нәрін сусындап, қанарын да,

Ұстаздық пен ұлағатты  мұрасын да,

Жас ұрпақ білім алып, насихаттап,

Оқысын деп, үлгі болып тұрасың да.

Тобылдың жағасынан ескен желі,

Үстінен дөңгеленген көпір белі.

Ел болып тойлап жатқан, қазағыма

Құтты болсын, Ыбырай ата туған күні.

Атамыз ұстаз болған, тілмәш болған,

Орысшадан арабшаға, арабшадан қазақшаға

Бірнеше ол шығарманы үздік-үздік аударған.

Қазақ тіл мен орыс тілін қатар жүріп алуды

Сол кезде-ақ бастаған, сол уақытта нұсқаған.

Қаламымнан төгілді әсем бір жыр,

Тамсана қарап отыр: бір қыз, бір ұл.

Ыбырай ата мерейін қозғай бастап,

Кәміл сенем, шығарына әсем бір жыр.

Биылғы жыл тойлардан кемдеу емес,

Қостанай облысына 80 елес.

Мерейтойлар, ағайын, құтты болсын,

Той тойлаудан қалсыншы тәтті елес.

Тәуелсіздік жылына жиырма бес боп,

Облысыма күмістей сексен жыл боп,

Тобылдың өзені де бір тасыды,

Күнара бірнеше тойлары боп.

Тобыл-Торғай  арасын мекендеген,

Орманында маралдары секеңдеген.

Ахметіме Әулиекөлден ескерткішті

Ашуға сәті де бір келген екен.

Арнайы Астанадан, Алматыдан

Түрлі ғалым, профессорлар келген екен,

Кенжеғали Сағадиев  бастауымен

Ахметімнің ескерткіші ауданымның

Байтұрсынов көшесінің төріне енген екен

Республикалық деңгейдегі іс-шараға,

Барып келдік мектептен үш бала да.

Сымбат, Жандос және мен –  өлең айтып

Марқайып бір қалдық қой іс-шарада.

Ахметпенен Ыбырайды сүйіп оқим,

Өлеңдері, мысалдары –  мағынасын,

Санама білім нәрін ылғи тоқим.

Облысымның қуанышы – ақындардың

Өлеңі мен туындысын жатқа оқим.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *