Төгіледі қаламымнан әсем жыр…


№28 Құсмұрын орта мектебінің 8 «ә» сынып оқушысы Туралина Миланда

Жетекшісі: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абуталипова Асемгуль Багитбаевна  

Бұл  күнді  аңсап келдік бәріміз,

Би билеп, ән салдық қой әрі біз.

Ыбырай ата 175-жылдығын

Қуанумен атауда  ғой барымыз.

Бұл күнді салтанатпен күткенбіз,

Тобыл бойы самалын да ескенбіз.

Ыбырай ата мұрасын насихаттап,

Мектеп алды гүлзарларды еккенбіз.

Бұл күнге бейбітшіл боп жеткенде,

Ата-баба адал терін төккен де,

«Кел, балалар, оқылық!» – сөзі де,

Осы – бізге аманат боп жеткен де.

Облысымның туған күні қатар келді,

Жаңа ғасыр заманға аттап, енді.

55 жыл – Кеңесте, 25 жыл – егемен,

Сексен жылын қуанышпен санап келді.

Япырмай-ау, жас ұрпақ боп өсіппіз,

Тәуелсіздік жиырма беске келіппіз.

Ең бірінші елбасыға ұдайы

Аманатпен, жан жүрекпен сеніппіз.

Міне, бүгін «Мәңгілік ел» болғаны,

Атағын да «Үздік ел» деп алғаны.

Әлемдегі 30 елдің дамыған

Арасына  бізді апарып қойғаны –

Елбасы мен бүкіл жұрттың арманы.

Мен жазамын өлеңді елім үшін,

Ұстазымның өшпейтін мұрасы үшін.

Облысымның сексен жылдық тойына

Тойбастарлар, ізбасарлар болу үшін!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *