Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәні бойынша авторлық бағдарлама “Қайталау білім – анасы”


«Атбасар ауданың білім бөлімінің Борисовка орта мектебі» ММ
Қазақ тілі қазақ әдебиет пәнінің мұғалімі
Рымхан Назигул

Алғы сөз

 

 

2015-2016 оқу жылынан бастап «Атбасар ауданының білім бөлімінің Борисовка орта мектебі»КММ Қазақстан Республикасының білім туралы Заңы, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы,оқыту тілі орыс тіліндегі мектептің дарынды және үздік оқушыларына арналған тұжырымдамасы, «Атбасар ауданының білім бөлімінің Борисовка орта мектебі»КММ 2015 жылдың 10 қазанындағы ПК № 3 бұйрығын негізге ала отырып, бағдарлама жоспарланды, тәжірибелік сынып пен бақылауға алынған оқушылардың ережесі бекітіліп, «Қайталау білімнің -анасы » әдісі бойынша тәжірибелік бағдарламасын бекітіп, жұмысын бастады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түсніктеме хат

Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыта оқытудың тиімді жолын қарастыра отырып, «Қайталау білім-анасы» әдісін дарынды оқушылар мен үздік оқитын оқушылармен шығармашылық жұмыстарға кеңінен қатыстыруға дайындау, үшін Абайдың педагогикалық көз қарасын соның ішінде білім алудың нақты жолдарын көрсетіп, дәлелдеп, қалдырған мұрасын іс-жүзінде қолданысқа енгізуге үлес қосу. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2014 жылы 17 қарашадағы жарлығын негізге алып, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ғылыми кеңесі ұсынға (2014 жылғы 26 қыркүйектің №8 хаттама)

«Балабақша-мектеп-колледж-жоғары оқу орны» жүйесіндегі мемлекеттік тілді деңгейлік үздіксіз оқыту стандарты негізге алынды.

Оқыту мен тәрбиелеуде стандарта берілген технологилық элементерден  дамыта оқыту технологиясының элементтері тиімді оқушылардың шығармашылық қаблетін арттыруға, қажеті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға баулиды, өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді. Дамыта оқытуда сабақты жаңа материалды талдауға көп көңіл бөлінеді. Талдау жасау барысында мұғалім баланың ой-пікірін бақылап, шығармашылық  бағытқа баулуға мүмкіндік алады. Осы технологиялық элементпен Абайдың педагогикалық көзқарасын ұштастырып, дарынды, үздік оқитын оқушыларды таңдап алып,  шығармашылық жұмыстарға дайындауға «Қайталау – білім анасы» әдісін іс жүзінде іске асыру. Абай да білімді еске сақтаудың бір әдісі ретінде көрсеткен. Әр бір өткен жаңа сөзді жеті рет қайталау арқылы сөз тіркесін құру, сөйлем құру, диолог құру, әңгіме құру, шағын шығарма жазу, мазмұндау, мазмұндама жазу, мәнерлеп оқу осының бәрі тоғысқанда бір нәтижеге жетуге болады. Тапсырманы жеке тұлғаға бағыттап, оның жас ерекшелігіне, психологиялық ерекшелігіне байланысты және есте сақтау қабілетінің мүмкіндігін ескере отырып, іске асыру. Мемлекеттік тілді жеттік меңгеруге көмек беру мақсатында бағдарлама құрылды.

 

 

 

 

 Мектептегі тәжірибелік жұмыстың   мақсаты:

Еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан, іс-шараларды жүзеге асыруда  оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып,бәсекеге сай, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекетке белсенді, шығармашылық бағыт ұстанатын, құзіретті қабілеті жан-жақты дамыған, тұлға тұрғысында өз болмысын таныта алатын жеке тұлғаны қалыптастыру.

Тәжірибелік  жұмыстың міндеттері:

1.Оқыту мен тәрбиелеуде Абайдың педагоггикалық көз қарасын негізге ала отырып,қайталау арқылы бүгінгі білім берудің  мақсатын, міндеттерін, құрылымын, мазмұнын және оқу тәрбие жүйесін ұйымдастырудың ерекшеліктерін түсіну,  таңдап алынған оқыту мен тәрбиелеуде  теориялық және тәрбиелік бағыттарды таныстыру, қолдану.

2.Жеке тұлғаға негіздеп, білім берудегі сабақтың үлгі жоспарларын әзірлеу, үлгі сабақтар өткізу;

3.Тәжірибелік- педагогтың  технологиялық, ақпараттық, коммуникативтік, менеджерлік құзіреттіліктерін қалыптастыруына ықпал ету;

4, Педагогтар көз қарасын оқыту мен тәрбиелеуге  бейімдеудің нақты әдістемесін жасау және оны іс жүзінде тексеру;

Толығырақ…

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *