Оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектепттердің 7-8 сынып оқушыларына арналған қазақ тілінен оқу-әдістемелік кешен


«№35  мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі

Рахимова Майра Мұхтарқызы

Бұл оқу-әдістемелік құрал мектеп оқушыларына арналған. Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік құрал оқыту бағдарламасы негізінде дайындалған. Құралда берілген тапсырмалар оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын, жауаптылығын арттырады және олардың білімдерін тексеруге арналған тапсырмаларға да бай.

Мектеп мұғалімдері мен оқушыларға көмекші құрал ретінде пайдалануға да болады.

Түсінік хат

 

Ұсынылып отырған оқу құралы мектеп оқушыларына арналған. Оқу – әдістемелік құрал оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. Мектеп мұғалмдері мен оқушыларға көмекші құрал ретінде пайдалануға да болады.

Күнделікті сабақтарда орындалатын тапсырмалар берілген. Бағдарламада көрсетілген тақырыптар негізінде әр түрлі тапсырмалар жүйесі дайындалған. «Қазақ тілі» пәнінің маңыздылығы қазақ тілінің Мемлекеттік тіл мәртебесімен дәйектеледі. Сондықтан қазақ тілін оқыту барысында өзге тілде білім алатын орта буын оқушыларын қазақ тіліндегі сөйлем әрекетін мәдениаралық қатысым құралы ретінде меңгерту көзделеді.

Қазақстан Республикасының «Тіл туралы», «Білім беру туралы» Заңдарына, «2011-2020 жылдарға арналған Тілдерді қолдану мен дамытудың» Мемлекеттік бағдарламасына, оқыту қазақ тілді емес мектептердегі мемлекеттік жалпыға міндетті білім берудің стандартына және бағдарламаларына сәйкес оқу орыс тілінде жұретін мектептерде модульдік технология бойынша коммуникативтік құзреттілікті дамыту жолдарына арналған қосымша тапсырмалар.

Қосымша тапсырмалардың басты мақсаты –оқыту орыс тілінде жүргізілетін оқушылардың тілдік, коммуникативтік, мәдени-тартхи, шығармашылық біліктіліктерін арттырып, өлкетану тақырыптары арқылы қазақ тілінде ауызша және жазбаша сөйлеу тілін дамыту.

Осы мақсатты жүзеге асыруда қойылатын міндеттер:

                 Тыңдалым: тақырыпқа байланысты әңгімелер, мәтіндер оқу.

Айтылым:

  • диологтық сөйлеу, сұрақ-жауап, сұрақ-мәлімет, ақылдасу, рұқсат сұрау, және т.б;
  • монологтық сөйлеу: жоспары, баратын жағы, істейтін ісі жайлы.

Жазылым: тақырыпқа қатысты әңгімелер жазу, өз ойын жазу.

Тілдесім:Ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу.

 

Толығырақ…

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *