Баяндама «Рефлексия  –   сапалы білім алудың кепілі»


Кулибекова Асем Кайргалиевна

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы

Калугино орталау мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  

Жac ұpпaқтың жaңaшa oйлaнуынa, oлapдың бipтұтac дүниeтaнымының қaлыптacуынa, әлeмдiк caпa дeңгeйiндeгi бiлiм мен бiлiк нeгiздepiн мeңгepуiнe ықпaл eтeтiн жaңaшa бiлiм мaзмұнын құpу жaлпы бiлiм бepу жүйeciндeгi өзeктi мәceлe.  Бүгiнгi opтa бiлiм бepу iciнe қoйылap тaлaптap бұpынғыдaн дa күpдeлi әpi мaңызды. Өйткeнi зaмaнaуи қoғaмдa дaмудың жaңa кeзeңi күтiп тұp. Бiлiм бepу caлacындa жaңa тeхнoлoгиялapдың eнуi oқушының oйлaну cтилiн, мұғaлiмнiң oқыту әдicтeмeciнe жaңaртуды қажет етеді. Жаңашылдықтың артуына байланысты рефлексияның педагогикадағы алатын орнының мәні артып отыр. Өзін-өзі дамытумен қатар индивидтің жан мен тән үйлесіміне сәйкес өз ойын жинақтау қабілетін бейнелейтін рефлексия ұғымы пайда болды .

Рефлексия — лат. «reflexio» —  кейінге оралу дегенді білдіреді.  Бұл терминді Джон Локи 17 ғасырда берген. «Рефлексия – адамның өз істерінің мәнін түсіну, олар туралы ойлану барысында өзіне өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беруі немесе өзі әрекет барысында басшылыққа алған ережелер мен кестелерді мойындауы не жоққа шығаруы». Бұл термин мазмұны жағынан  бірнеше түсініктемелерге ие болуы мүмкін: білім –  адамға тән  құбылыс; білім — мəдени мұра; білім – белгілі бір жүйе; білім – педагогикалық үрдіс; білім – нəтиже. Рефлексия  ойлау, ес, сана сияқты танымдық үрдістерден тұрады.

XXI ғасырда  әлемдік  білімнің әлеуметтік рөлі артып,  болашақ ұрпақтың   өміргі бейімделуі  оның алған білімінің сапасына, ойлау деңгейіне байланысты болып отыр.    Ұлы   Абай өзінің философиялық шолу-қарасөздерінде былай дейді: «Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал!». Демек, әр адам өзіне іштей  есеп бере отырып,   кемшілігіне талдау жасайды,  себебін   іздейді. Бұл өмірден алынған ересек адамның рефлексиясы десек, ал оқу процесіндегі рефлексия арқылы оқушының терең ойлануына ықпал ететін, кемшіліктерін түзетуге мүмкіндік беретін, ойын жинақтап сөйлей алуға баулитын мұғалім.

Ғалым Раддоктың “Оқушы үні” жобасы осы рефлексияны қамтиды, оқушының  мүмкіндігіне жол ашады. Бұл жоба оқу үдерісінде оқушыға қажетті іс-әрекетті айқындап, сабақтың маңызды, қызықты, сапалы өтуіне өз ықпалын тигізеді.   “Оқушы үні” жобасында оқушы жеке тұлға ретінде ашылады, тұйық оқушының бойындағы үрейі сейіліп, жұрт алдында өз ойын жинақтап, пікірін білдіре отырып, сөйлеуге үйренеді, содан біртіндеп жетістікке жетеді.   Оқушы өзі жасаған әрекеттіне баға бере білу керек. Ол әр түрлі формада өтеді. Бағаны ауызша да, жазбаша да бере алады. Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында сурет салу арқылы,   кесте толтыру,  АКТ технологияларды қолдана отыра диаграмма жасау,   сауланмаларға жауап беру, ойтолғау жазу, шағын зерттеу жұмысын қорғау сияқты рефлексифті жұмыс түрлерімен айналыса алады.  Осындай жұмыс түрлерімен айналысып үйренген оқушы алған біліміне, орындаған тапсырмасына қорытынды жасап, өз ойын ортаға сала отыра, оны дәлелдеуге, аргументтер мен фактілерді негізге ала отыра ойланып сөйлеуге әбден машықтанады. Яғни, іс-әрекетпен қатар дәлелді сөйлеу қатар жүреді.  Мұғалімнің мақсаты — оқушыға сабақ барысында жағдай жасау, бағыттап отыру.  Сабақтың  қызықты немесе қызықсыз, сапалы не сапасыз өтуіне оқушылар өз эмоцияларын білдіріп отырады. Ары қарай, мұғалім өткен сабағына қорытынды жасайды, баға береді.

Рефлексия балаға байыппен ойлануға мүмкіндік беретіндей ұйымдастырылуы қажет, оны асығыстықпен қолдануға болмайды.  Рефлексияны  сабақтың  әр кезеңдерінде жүргізуге болады, сабақтың арасында, соңында. Біртіндеп оқушының ішкі рефлексиясына жалғасу қажет. Рефлексия – қызықты, көп қырлы, кіріккен әрекет.   Оқушы үшін рефлексияның тиімділігі:

  • өз-өзіне есеп беруге үйренеді;
  • оқушының қажеттілігі білінеді;
  • өзіндік, сыни көзқарасы қалыптасады;
  • білім сапасы артады;
  • өз-өзін бағалайды;
  • білім алуға қызығушылық жоғарылайды;
  • бәсекелестікке ұмтылады.

Рефлексияның бірнеше түрі бар, оны жеке, жұптық, топтық түрде өткізуге болады.

  1. Оқу материалы мазмұнының рефлексиясы;
  2. Көңіл-күй, эмоция рефлексиясы;
  3. Іс-әрекет рефлексиясы.

Мұғалім оқушыларды рефлексия жасауға үйрету үшін, оның психологиялық жағына үлкен мән беруі тиіс. Оқушы мен мұғалім арасында сенімділік  сияқты байланыс болу қажет. Мұғалімнің жақсы мінез-құлқы оқушыға дариды және әсер етеді. Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді  деуге әбден болады. Сондықтан мұғалім сабаққа дұрыс мақсат қойып, үнемі өзін-өзі біліммен қаруландырып, ізденіс үстінде болуы тиіс. Оқушы өз ойымен бөлісетіндей, өз ойын ашық айтатындай психологиялық жағдай жасау  мұғалімнің қолында.  Оқушы өз қолымен жасаған әрекетіне байланысты басынан өткен сезімдерін қайта оралта алатындай, соны қағазға түсіретіндей жағдай жасау үшін психологиялық ахуал орнату тиімді. Іс-әрекет компоненттерін еске түсіру, санадан өткізу, оның мәнін, түрін, өзекті мәселелерін белгілеу, шешу жолдарын анықтау арқылы рефлексия өрбиді.

Рефлексиялық мәдениеті қалыптасқан тұлға  тәрбиелеу — бүгінгі заман талабы. Осындай адам өзінің тұлғалық және кәсіби таптаурынын (стереотиптерін) шығармашылықпен өзгерте алады.  Бұл дегеніміз —   сана, өзін-өзі ұйымдастыра білу, өз-өзіне  талдау жасау, өзін-өзі іске қосу,  бағалау сияқты   сапалармен сипатталады. Рефлексивтік іс-әрекет оқушыға өзіндік талдау кезінде ғана байқалатын өзіндік жеке дара ерекшеліктерін тануына мүмкіндік туғызады. Білімді саналы түрде өзіндік қорыту, яғни рефлексия нәтижесінде ғана жүзеге асады. Рефлексиялық қабілеті  бар  мұғалім  алдында отырған шәкірттерінің бойына осы дағдыны  кіріктіріп, дамытады, өмірлік қажеттілік екенін есінен шығармайды.     Мұғалімнің басты міндеті — білім алушыны рефлексия жасауға үйрету.   Тіл мен әдебиеті сабағында мұғалім де, оқушы да өз жұмысына талдау жасау керек.   Әсіресе, мұндай мүмкіндік әдебиет сабағында тиімді. Әдебиет — өмір туралы сабақ. Ал қазіргі қарастырып отырған мәсле, рефлексия арқылы баланы болашақ өмірге дайындау әр ұстаздың міндеті деп ойлаймын.   Оқушыларды рефлексия жасауға үйретуде мәселенің психологиялық жағына мән беру тиімді.    Оқушы көркем шығарманы өз бетінше оқып, мазмұнын игереді. Кейіпкердің іс-әрекетін талдайды, зерттеу жүргізеді. Өзін кейіпкер орнына қойып, пікірін білдіре алады. Кейіпкердің жан-дүниесіне үңіле отыра оған баға береді. Тақырып бойынша, әр түрлі технологияларды,   интерактивті әдістерді, АКТ-ны қолдана отырып, оқушыларға ой қорыту, тұжырымдама жасату, өз ойын еркін жеткізу мұғалімнің шеберлігіне байланысты.     .

Оқушыларды қазіргі заман талабына сай зерттеушілік әрекетіне бейімдеу керек. Бұл жерде мұғалім нақты мақсат қояды, ғылыми зерттеудің әдістерін,  нені нақты ашу керектігін, зерттеудің жаңашылдығын,  қандай қорытынды жасау керектігін оқушыға біртіндеп үйретеді. Оқушыны мұғалім алдымен қызықтыра отырып, оның танымдық іс-әрекеті арқылы зерттеу жасауға жетелейді. Танымы мықты оқушыда өзіндік  «мен», өзіндік бағалау, өзіндік мақсат пен нәтиже болады.    Қазіргі заманғы сындарлы оқытудың талабы оқушы бойында «мен» болуы.   «Мен» тұжырымдамасы төңірегінде Маслоу мен Роджерс өздерінше түсінік берді. Нәтижесінде «Мен» тұжырымдамасы бізді алға жылжытатын және біздің мінез-құлықтарымызды бағыттайтын, өзін-өзі реттеуге жетелейтін әлеуметтік стимул екендігі айтылған.

Рефлексияның қай түрі болмасын мақсатпен тікелей байланысты. Рефлексияны адамның рухани әлеуетін ашу мен анықтаудың инновациялық жолдарының бірі деп тани отырып, осы орайда Б. З. Вульфов пен В. И. Харькин «Рефлексияны ешкім және еш нәрсе алмастыра алмайды» деген пікірлерін айта кетуге болады. Білімді саналы түрде өзіндік қорыту, яғни рефлексия нәтижесінде ғана жүзеге асады.  Рефлексиялық қабілеттері дамыған  тұлғада   тұрақты қажеттілік сезіліп тұрады. Кез келген істі ол өзіне-өзі сұрақ  қоюдан  бастайтындай дәрежеге жетеді.

 

 Қолданылған әдебиеттер:

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші деңгей 53-бет

Н.Д.Хмель. Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс. Алматы, «Ғылым», 2002.

  1. Б.З.Вульфов,В.И.Харькин. Педагогика рефлексии. М., »Наука»,1997.
  2. А.А. Деркач. Акмеологические основы развития профессионализма. М., Воронеж,2004. 4.  Ұстаздық шығармашылық – Б.А.Тұрғынбаева  Алматы, 2007
  3. 4. Құзырлылық амалының негізгі ұғымдары – К.С.Құдайбергенова  Алматы, 2007

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *