Зерттеу жұмысы “Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты мен Торғай мемлекеттік табиғи қорықшасының (заказнигінің) бүгінгі жағдайы”


                                                                      Ақтөбе қаласы №8 орта мектептің 8 «а» класс

                                                                      оқушысы Жаумытбаев Берік

                                                                 Жетекшісі: Айтмағанбетов Дәурен Лайықұлы
Ақтөбе қаласы №8 орта мектебінің
география пәнінің мұғалімі

ТЕЗИС

Бұл жұмыста аумақтың жануарлары мен өсімдіктері зерттеліп, сараланды. Зерттеу жұмысындағы мақсатым: Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты мен Торғай мемлекеттік табиғи қорықшасының (заказнигінің) бүгінгі жағдайын анықтау.

 

Зерттеудің міндеттері:

Табиғи қорық қорының нысандарына тоқталдым;

Ырғыз-Торғай жануарлары мен құстары, сулы батпақты жерлері, орнитологиялық аумақтарын қарастырдым.

 

Жұмыстың ғылыми жаңалығы: Аумақтағы әлі зерттелмеген жануарлар мен өсімдіктердің кешенді түрде зерттелуі.

 

Зерттеу жұмысының негізгі кезеңдері: Алғашқы кезеңде жалпы Ырғыз-Торғай резерватының табиғи дүниесіне шолу, одан кейін Торғай мемлекеттік табиғи заказнигі туралы. Жаманшың шатқалының табиғаты қатты қызықтырады. Кейін Жануарлары мен құстары, сулы батпақты жерлері туралы мағлұматтар іздедім.

 

Қазақстанның басқа облыстарына қарағанда Ақтөбе облысы табиғи байлықты

жоғары қарқынды, масштабты және интенсивті өндіру және тасымалдау кезінде мемлекет тарапынан қорғалатын нысандары мен аумақтары жөнінен саны аз болып табылады. Бүгінгі күні облыс аумағында республикалық маңызда ерекше қорғалатын екі табиғи аумақ бар, олар: Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғат резерваты және Торғай мемлекеттік табиғат заказнигі

Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты 2007 жылы Ырғыз ауданының

аумағында құрылды, көлемі 763 549 га.

Резерват табиғи кешендерді, мекендеу орындарын (қыстау, жайлау, мал төлдету), Бетпақдала жануары — киіктердің көшу жолдарын сақтау және қалпына келтіру, су-батпақ құстарының науқан кездерінде орын ауыстыратын Ырғыз-Торғай өзен-көл жүйесінің сулы-батпақты жерлерін сақтау, қоқиқаздың, суда жүзетін және су маңын мекендейтін құстардың ұя салуын, балықтардың  уылдырық шашатын орындарын сақтау мақсатында құрылды.

Резерват аумағында сүт қоректілердің 29 түрі, құстардың 250 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 14 түрі, қосмекенділердің 4 түрі және балықтың 10 түрі кездеседі. .  Құстар, негізінен, 109 түрі есептелген сулы-батпақты кешен өкілдерімен берілген. Ихтиофауна он түрмен берілген: сазан, алтын мөңке, бозша мөңке, аққайраң, торта, табан, оңғақ, алабұға, таутан, шортан. Арал сазаны, оңғақ, табан сырттан әкелінген және жерсіндірілген түрлер болып табылады.

Флора 64 тұқымдастар мен 216 түрден тұратын 430 түрімен берілген.

Республикалық маңыздағы Торғай мемлекеттік заказнигі 1967 жылы Ырғыз

ауданының аумағында құрылды. Қазіргі уақытта заказник көлемі 296 000 га құрайды.

Заказник Ырғыз-Торғай-Өлкейік өзендерінің арасында бағалы, сирек және

жойылып бара жатқан құстар мен аңдардың түрлерін сақтау және қалпына келтіру, Ырғыз-Торғай көлдерінің ерекше бағалы биоценоздарын қорғау мақсатында құрылды.

Жаманшың шатқалындағы кратер – Ырғыз ауданының оңтүстігіндегі көлемі 7х7

импактілі кратер. Қызылтөбе қыратындағы олигоцендік жастағы өсімдіктер таңбалары – батыс Мұғалжар маңындағы Құндызды өзенінің сол жақ жағасындағы темір құмдақтар мен алевролиттердегі олигоцендік жастағы өсімдіктер таңбаларының бай орны.  Жалғызтау палеовулканы – Шалқар ауданында Мұғалжардың оңтүстігіндегі Милыаша өзенінің жоғарғы сағасында орналасқан.

 

Ұсыныстар:

Жалпы Ырғыз-Торғай табиғи резерватының аумағын кеңейту, сол аумақтағы зерттелмеген, белгісіз жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін зерттеу, және киіктер мен құландардың санын көбейту, тек қана бұл жануарлар емес, басқа да Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар мен өсімдіктердің санын көбейту.

Толығырақ…

 

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *