Айтбаева Хания Естебаевна


Аты-жөні: Айтбаева Хания Естебаевна

Қызметі: Арнайы пән оқытушысы

Жұмыс орны: «Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі» МКҚК

Мекен жайы: Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, «Самал» шағынауданы

Педагогикалық тәжірибесі: 36 жыл

Санаты: Жоғары біліктілік санат

Марапаттар: 2013ж. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы.

Педагогикалық өмірбаяны

Қазақ елінің болашағы – бүгінгі жас ұрпаққа білім нәрін сеуіп, отансүйгіштік пен адамгершілікке тәрбиелеп, білім мен өнегесін жас ұрпаққа арнайтын, бойындағы бар күш-жігерін шәкірт тәрбиелеуге жұмсайтын ұстаздардың бірі де бірегейі –Айтбаева Хания Естебаевна. Ол алғаш жұмысқа 1983 жылы өндірістік оқу шебері болып қабылданып, өзіне тапсырылған жұмыстарды тиянақты атқара білді. 1997-2003 жылдары Алматы қаласындағы Қазақ Бас сәулет құрылыс академиясына оқуға түсіп, инженер – құрылысшы мамандығын алып шығады. Теориялық білімі, кәсіптік даярлығы жоғары, өз пәнін терең білетін әдістемелік шеберлігі шыңдалған оқытушы. Күнделікті өтетін әр сабағына мұқият дайындалып,пәнді оқытудағы ең тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана біледі. Арнайы пән сабақтарында Ж.Қараевтың «Деңгейлеп оқыту» технологиясын, М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту» технологиясын кеңінен пайдаланады. Хания Естебаевна – өндірістік оқуды теориямен ұштастыра өткізуді мақсат еткен ұстаз. Сондықтан әр сабағында мамандыққа баулу, кәсіппен байланыстыра өткізу оның алдына қойған бұлжымас ережесі десе де болады. Осы бағыттағы жұмыстарының нәтижесінде 2007-2008 оқу жылында «Өңдеу құрылыс нысандары технологиясының сылақ жұмыстары бөліміне арналған көмекші әдістемелік құрал» атты еңбегін аяқтап, бекіттірді. 2008-2009 оқу жылында өңдеу құрылыс жұмыстарының машиналары мен жабдықтарына арналған «Машиналар мен жабдықтар» атты әдістемелік көмекші құралын жазып, бекіттірді.

Хания Естебаевнаның ұзақ жылғы ұстаздық қызметіндегі жетістіктері:

1.2009 жылдың қаңтар айында «Маңғыстау облысына-35 жыл» медалі белгісімен марапатталды.

  1. «Кәсіби шеберлік» атты облыстық сайыста оқушысы Айтбаев Жанболат І орын, Чүйішбеков Талғат ІІ орын алды.
  2. «Кәсіби шеберлік» атты республикалық сайыста Айтбаев Жанболат «Үздік дәнекерлеуші» сертификатына ие болып және «Спортқа бейімділігі үшін» дипломымен марапатталды.
  3. «Жас техник – 2009» байқауында Станов Марат ІІ дәрежелі дипломымен марапатталды.
  4. Облыстық «Әрлеу және құрылыс жұмыстары» сайысында Станов Марат ІІІ орынға ие болды.

6.«Үздік арнайы техникалық пәндер кабинеті» облыстық байқауында «Талапкер» номинациясы бойынша грамотамен марапатталды.

  1. 2011ж. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқушылары арасында өткен «Әрлеу және құрылыс шебері» саласындағы облыстық сайыста Алғыс хатпен марапатталды.
  2. 2011ж. Атырау –Астана республикалық «Дәнекерлеуші» кәсібі бойынша «Үздік өндірістік оқу шебері» атты кәсіптік байқауда «Жеңіске жету құштарлығы үшін» номинациясы бойынша дипломмен марапатталды.
  3. 2013ж. «Үздік педагог-2013» байқауында ІІ орынға ие болып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

10.2013ж.Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткізген табыстары мен білім беру саласына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

  1. Облыстық «Үздік дәнекерлеуші -2014» байқауында студенті С.Хайтбаев ІІІ орынды иеленді.

11.2016ж.Жұмысшы мамандығының «Worldskills Kazakhstan» кәсіптік шеберліктің Ұлттық чемпионатының өңірлік кезеңін ұйымдастыруға және өткізуге қосқан үлесі үшін Айтбаева Хания Алғыс хатпен марапатталды.

ZIAТ «Ғылыми–әдістемелік орталығы» Қашықтықтан өткізілген ІІ Республикалық сайыс

«Өнегелі ұстаз» , «Үздік ашық сабақ» номинациясы  ІІ орын.

Хания Естебаевна – ұжымдастары арасында беделді, ұйымдастырушылық қабілеті мол, өзінің жан-жақтылығымен, ізденуден талмайтын еңбекқорлығымен өнеге болып жүрген

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *